№16 Аудиофайл Сөйлемдерді толықтырыңыз. Ештеңеге үлгермеуіміздің себебі Ойланып қарасақ, кей күндеріміздің босқа өтіп жатқанын аңғармаймыз. Оған зерттеулер нәтижесінде
анықталған жеті себеппен таныс болыңыз.
Біріншіден, жұмыс күнін дұрыс жоспарламаушылық. Телефонмен шешуге болатын шаруалар үшін де
кездесу жасау. «Созбалау» синдромы. Телефонмен, хаттармен, әңгімемен айналысып ұзақ отыру.
Екіншіден, өзін-өзі тәртіпке келтіре алмаушылық. Табысталған тапсырманың орындалуын
қадағаламаушылық, нәтижесін тексермеу.
Үшіншіден, нақты мақсатты айқындай алмаушылық. Жұмысқа деген қызығушылық төмендеп, істі
соңына жеткізе алмау. Бір істі қайталап орындай беру.
Төртіншіден, жауапкершілікті сезінбеу. Жұмысыңыз нәтижелі болсын десеңіз, алдымен бітіру керек
істерге басымдық беру қажет.
Бесіншіден, сапарға жиі шығу. Құжаттар мен ақпараттарды сенімді жерде сақтамау.
Алтыншыдан, әріптестерге «Жоқ» деп айта алмау. Өзгенің жұмысын орындау.
Жетіншіден, өмірдегі, көңілдегі, ойдағы шашыраңқылық, асығыстық, шыдамсыздық. Қиын мәселеге
қатысты сұрақтарды талқылауға дайын болмау.
№17 Аудиофайл