Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет426/438
Дата06.01.2022
өлшемі20,41 Mb.
#11679
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   438
 Шын айтасың ба? Сұмдық екен! Адамды құтқару – әр адамның азаматтық борышы емес пе? Иә, әр 
елдің салты басқа деген осы екен ғой.
№21 Аудиофайл
Мәтінді тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Әлемдегі ең ауыр мысық 15 келі тартады.
Америкалық  Animal  Haven  деген  зообаққа  салмағы  15  келі  тартатын  “Спанч  Боб”  атты  сары  түсті 
мысық түскен. Хайуанаттарды паналататын Animal Haven қызметкерлері бұл мысықтың салмағы төрт 
жасар баланың салмағымен бірдей екеніне таңғалып отыр.
Болливудтық актриса Джиоти Амджи әлемнің «ең кішкентай әйелі» атанды.
18 жастағы үнді қызы Джиоти Амджи өзінің қысқа бойының арқасында Гиннестің рекордтар кітабына 
енді. Ол отбасымен бірге Үндістанның өзі туған Нагпур қаласында тұрады. Джиоти Амджи әлемдегі «ең 
кішкентай әйел» атанғанына, сонымен қатар осы жасында атақты болғаны үшін өзін бақытты сезінеді. 
Оның бойы небәрі 62,8 сантиметр, салмағы 5,4 келі екен.
Өлшеу  нәтижесінде  Джиоти  Амджидің  бойы  Гиннестің  рекордтар  кітабына  бұрын  енген  22  жасар 
американдық Бриджит Джорданнан 7 сантиметрге кіші екені анықталған. Сол себепті де «ең кішкентай 
әйел» атағы осы уақытқа дейін екі фильмге түсіп үлгерген актриса Джиоти Амджиге берілді.
Джиоти Амджидің әке-шешесі қыздарының өзін жақсы сезінуі үшін керекті заттары мен бөлмесіндегі 
жиһаздарын ыңғайлы етіп жасап берген. Ол оқушы кезінде мектепке құрдастарымен бірге барғанымен, 
өзіне  арналып  жасалған  партада  бөлек  отырады  екен.  Сондықтан  ол  мектепте  өзін  бөтен  сезінбеген, 
барлық балалармен тең дәрежеде болыпты.
“Манчестер  Юнайтед”  –  әлемнің  ең  қымбат  тобы.  Forbes  (форбс)  журналы  жылдың  ең  қымбат 
топтарының  рейтингісін  шығарды.  Бұл  жолы  тағы  да  “Манчестер  Юнайтед”  тобы  әлемнің  ең  қымбат 
топтарының көшбасында қала берді. Нарықтағы “Манчестер Юнайтедтің» бағасы бүгінгі таңда 2,23 млрд 
доллар деп бағалануда. 
Рейтингтің екінші сатысында 1,88 млрд доллармен мадридтік “Реал” тобы тұрақтапты. 
Ал үздік үштікті америкалық “Нью-йорк Янкиз” және “Даллас Ковбойз” иеленген. Олардың нарықтағы 
бағасы 1,85 милрд доллар шамасында бағалануда. 
Әлемдегі  ең  қымбат  жеке  меншік  үй  Үндістанның  ең  бай  адамы,  53  жастағы  миллиардер  Мукеш 
Амбанидікі. Ол 1 млрд қаражатын шығындай отырып, әлемдегі ең қымбат үйді салғызды. Бүгінгі таңда 
тарихта  бұрын-соңды  болып  көрмеген  ең  қымбат  үйде  алты  отбасы  тұрып  жатыр.  27  қабаттық  үйді 
салғызу үшін жеті жылға жуық уақыт кеткен.


333


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   438




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет