Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет256/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

№8 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Менің атым – Сәкен. Мен қаланың сыртында тұрамын. Менің өмір салтым, қалай айтсам екен, үнемі 
қозғалыста. Мен жұмысқа күнде костюм-шалбар киемін. Аптасына 60 сағат жұмыс істеймін, сонда бір 
күнде он екі сағат. Мен өз өмір салтымды өзгерткім келеді. Мен қаланың ішінде, әдемі үйде тұрғым келеді. 
Бірақ мен жұмысымнан шаршадым, сондықтан бір жыл жұмыс істемеймін. Ауылға, ата-анамның жанына 


327
барып, табиғатта, таза ауамен демаламын. Әке-шешеммен бірге үй шаруашылығымен айналысамын. Мен 
үшін ең маңызды нәрсе – компьютерсіз өмір сүру, таңертең оятқышсыз ұйқыдан тұру, ұялы телефонды 
және басқа да техникаларды бір жыл бойы қолданбау. Сонда мен толығымен демалып, жұмысқа сергек 
болып ораламын. Бұл жыл менің өмірімдегі ең керемет жыл болады деп ойлаймын. Енді осы ойымды 
тезірек жүзеге асыруым керек.
Есімім – Гүлшат. Мен шағын аудан орталығында тұрамын. Бұл – адамды зеріктіретін, жалықтыратын 
жер. Бұл жер тыныш өмір іздеген адамдарға керек. Мұнда бір мектеп, бір пошта кеңсесі, бірнеше жергілікті 
дүкен бар, болды, басқа ештеңе жоқ. Мен қала өмірін көргім келеді. Менің қалаға көшкім келеді. Менің 
досым үлкен қалада жұмыс істейді. Сол көмектесіп, жалдайтын пәтер таптым. Маған ұнады. Ол пәтер мен 
үшін үлкендеу секілді. Қалада тұру үшін жұмыс істеу керек. Қалада өмір сүру өте қымбат қой. Ал жұмыстан 
бос уақытымда қалада жаңа достар тапқым келеді. Ол үшін спортзалға, театрларға, бару керек. Мен шет 
тілдерін үйренгім келеді. 
№9 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап жазыңыз.
– Сәлеметсіз бе! «Астана» қонақүйі. Сізді тыңдап тұрмын.
– Сәлеметсіз бе! Мен бөлмеге тапсырыс берейін деп едім.
– Жақсы. Қанша түнге?
– Екі түнге. 
– Қай күндерге екенін айтасыз ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет