327
барып, табиғатта, таза ауамен демаламын. Әке-шешеммен бірге үй шаруашылығымен айналысамын. Мен
үшін ең маңызды нәрсе – компьютерсіз өмір сүру, таңертең оятқышсыз ұйқыдан тұру, ұялы телефонды
және басқа да техникаларды бір жыл бойы қолданбау. Сонда мен толығымен демалып, жұмысқа сергек
болып ораламын. Бұл жыл менің өмірімдегі ең керемет жыл болады деп ойлаймын. Енді осы ойымды
тезірек жүзеге асыруым керек.
Есімім – Гүлшат. Мен шағын аудан орталығында тұрамын. Бұл – адамды зеріктіретін, жалықтыратын
жер. Бұл жер тыныш өмір іздеген адамдарға керек. Мұнда бір мектеп, бір пошта кеңсесі, бірнеше жергілікті
дүкен бар, болды, басқа ештеңе жоқ. Мен қала өмірін көргім келеді. Менің қалаға көшкім келеді. Менің
досым үлкен қалада жұмыс істейді. Сол көмектесіп, жалдайтын пәтер таптым. Маған ұнады. Ол пәтер мен
үшін үлкендеу секілді. Қалада тұру үшін жұмыс істеу керек. Қалада өмір сүру өте қымбат қой. Ал жұмыстан
бос уақытымда қалада жаңа достар тапқым келеді. Ол үшін спортзалға, театрларға, бару керек. Мен шет
тілдерін үйренгім келеді.
№9 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап жазыңыз.
– Сәлеметсіз бе! «Астана» қонақүйі. Сізді тыңдап тұрмын.
– Сәлеметсіз бе! Мен бөлмеге тапсырыс берейін деп едім.
– Жақсы. Қанша түнге?
– Екі түнге.
– Қай күндерге екенін айтасыз ба?
Достарыңызбен бөлісу: