Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет77/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

10 құпиясы
1
 
Бірінші құпия. Керекті уақытта және
керекті жерде болу. Microsoft жетістіктерін 
сирек кездесетін бақ деп санауға болмайды. Гейтс 
IBM мен келіссөздер жасаудың маңызды екенін 
түсінді. Ол персоналды компьютердің тарихын 
өзгерте алатынын ұқты және алты ай бойы «жолы 
болғыш» атану үшін тынбай еңбек етті.
2
 
Екінші құпия. Техникаға ғашық болу. 
Microsoft компаниясының негізгі, басты 
жетістігі Гейтстің техникалық білімі еді. Ол осы 
салаға байланысты маңызды шешімдерді өзі 
қабылдады. Көп жағдайда ол бәсекелестеріне 
қарағанда технологияның даму бағытының 
болашағын көре білді. Сондықтан да оны дарынды 
басшы дейтін болар, бәлкім.
3
 
Үшінші құпия. Тұтқындарды алмау. Гейтс – өте қатал бәсекелес. Үнемі тек жеңіске жетуді 
мақсат етеді. Оған дәлел, мысалы, келіссөздер жүргізу кезінде өте мейірімсіз болады екен.
Бәсекелес компанияда жұмыс істеген адамдарды жұмысқа алмайды. 
4
 
Төртінші құпия. Жұмысқа тек ақылдыларды алу. Бастапқы кезден-ақ Гейтс компания 
ең ақылдыларды, дарындыларды қызықтыру керек деген болатын. Бұл сөз кей топтарға 
ұнамады, алайда қолдаған топтар да болды. Мысалы, колледжді бітірген дарынды 
студенттер өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра алатын.
5
 
Бесінші құпия. Үнемі дайындықта болу. Microsoft-та Гейтс тынымсыз, өз бетімен 
үйрететін мәшине жасап шығарды. Оның ойынша, қателік жасауды болдырмайтын 
жалғыз – осы жол. Оның бәсекелестері осындай қарапайым нәрселерді ойламайды.
6
 
Алтыншы құпия. Алғысты күтпеу. Гейтс бай адам болғың келсе, көп еңбектену керек, 
бұл жолда бәсекелестер өте көп болады дейді. Қысқасы, жауларың көп болмай, бай адам 
бола алмайсың.
7
 
Жетінші құпия. Алдын ала болжай білу. Билл Гейтс бизнес-көшбасшысының жаңа 
бейнесі. Көп жылдар бойы ол өзін компьютерлік индустриядағы болжағыш екенін 
дәлелдеп келді. 
8


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет