“Ќазаќстан Республикасы Мемлекеттік ќызметіне 10 жыл”



Дата16.05.2023
өлшемі40 Kb.
#93963

Әділеттілік жаһанды өмірде
Өз бойына алуан түрлі ұлы оқиғаларды сиғызған уакыт зымырап өтіп жатыр. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында, жалпы өмірімізде ерекше тарихи орны бар маңызды өзгерістер орын алып жатыр. Аз ғана кезең, бір ғасырға жетпейтін уақытта асқан асуларымыз, алған белестеріміз бен биіктеріміз, қол жеткізген толағай табыстарымыз, рухани жетістіктеріміз ұшан-теңіз. Мұның, әсіресе, жас ұрпақ – болашағымыз үшін маңызы зор. Ертеңгі күн табалдырығын, ата-бабаларымыз айтқандай «Есіктен кіріп, төр менікі» демей әдеппен аттаған жөн. Осы тұрғыдан алғанда, әр азаматтың өзін-өзі жас ұрпақ алдында жақсы, ұнамды жағынан көрсете білуге ұмытылып, оны жақсылыққа, адамгершіліктің асыл қасиеттеріне баули білуге талпынудың болашағымызға сенімді болуға қосар үлесі зор.
Адамның негізгі сипаты – адамгершілік. «Адам - әдебімен көрікті» деген халық даналығы жан-жақты, жарасымды даму арқылы жүзеге асады. Дамудың, өркендеп өсудің ең негізгі көрсеткіштерінің бірі –тіл. Тіл – халықтың өмірі, оның әдет-ғұрпы, ойлау жүйесі, дүние танымы, тарихы.
Ана тілі – ар өлшемі. Өз ана тіліңде таза сөйлеу, қай халық үшін де ең жақсы көрсеткіш. Өйткені ана тіліміз арқылы, ата-бабаларымыздан мирас болып қалған, баға жетпес құнды қазыналарды, әдеп, инабаттылық, адамгерілік, әділеттілік туралы қаншама ғасыр бұрын жазылған, ғұлама ойшылдардың жазбаларын, жыршы-жыраулардың жырларын айна қатесіз түсіне аламыз.
Ананың ақ сүтін арда емген азамат та, сол сүттің бағасын білген пенде де ең алдымен жаұсы жүрек, жайдары да жаздай мейірімді жан, таза рух, келісімді мінез-құлық, қасиетке толы қадірмен салт-сана, ақыл-парасат, адалдық, инабаттылық, бойына толы адам болып қалыптасады.
Ата-ананың адамгершілік бейнесі – балаларды әдептілікке, әділеттілікке тәрбиелеу ісіндегі негізгі құрал. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақалды тереңнен талдап қарасақ, көп нәрсені аңғаруға болады. Яғни бұл дегеніміз кез-келген бала, ата-анасы, өзінен үлкендерге қарап бой түзейді. Сондықтан балаға өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек. Жастайынан бойға сіңген мінез басқа бір зор күш әсерінен болмаса, есейгенде сақталады. «Сүтпен біткен – мінез, сүйекпен кетеді» деген мақал, ең алдымен тәрбие мәселесінде қаншалықты терең мән берілетінін көрсетеді. Солардан көрген, естіген нәрселерін қайталайды. Сондықтан да кішкене балалардың алдында өтірік айту, ерсі қылықтар көрсету сияқты, адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына қарсы әсер ететін әрекеттер жасаудан аулақ болу керек. Керісінше ненің жақсы, ненің жаман екенін жасы кіші кезден бастап, балаға дұрыс түсіндіріп отырса, бала өзіне керекті дүниелерді өзі-ақ бойына сіңіреді.
Қазіргі уақытта ғылым мен техниканың өркендеп дамып, тамырын кеңге жайған заман. Бұл дегеніміз кейбір адамдардың адамгершілік қасиеттердің не екендігін ұмытып, небір жағымсыз әрекеттерге барып, ата-анасы, тума-жақындарын, таныстарын не болмаса достарын ренжітіп, жатқан жайттарға куә болып жатқан жайымыз бар. Менің ойымша, бала шыр етіп дүние есігін ашып, жаңа өмірге қадам басқан сәттен бастап, жаңа өмірге тәй-тәй қадам басқан нәрестеге, ақ пен қараны ажыратып, адалдық пен адамгершілік, әділеттің ақ туы туралы, күнделікті өмірде қарапайым мысалдармен, тәрбие беру әрбір ата-ананың міндеті. Соны әрқашанда естен шығармаған абзал. Өйткені, адам өміріндегі өзіндік қасиеттері – адамгершілік, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік, кейін бала ер жетіп оқу-білім нәрімен сусындап, белгілі бір жетістіктерге жетіп, өмірде өз орнын табуға талпыну кезінде де, егер де жоғары да аталған қасиеттерге ие болса, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Жеке адам -қарапайым қызметкер не болмаса, басшылық қызметте болсын, адал да әділетті болса, жанындағы қызметкерлер арасында беделді болары сөзсіз.
Тарихты, өткенді білмейінше бүгінгі ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу қиын. Жалпы әрбір адам, жеке тұлға, дара тұлға болып қалыптасуы үшін, өзі де аянбай қызмет етіп, өмірге деген көзқарасын қажет болса өзгертіп, ойға түйер жақсы дүниелерді, керекті мінез-қылықты дамыту үшін, тынбай қай жаста болмасын, оқып білім алып отыру керек деп ойлаймын. Көненің көзін қарияларымыздан, білмей жатқан нәрселерімізді сұрап білу қажет дүние.
Қазіргі уақытта, Елбасымыздың бастамасымен Рухани жаңғыру шаралары қолға алынып жатыр. Бұл дегеніміз, ұмытылып, ескерусіз қалып жатқан, тарихи мұраларымызды, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту. Ұрпақ – болашақ, яғни ол адамзаттың болашағы. Сондықтан да өнегелі, рухани бай, адал, әділетті, адамгерлішік қасиеттерге ие – ұрпағы бар ел, болашағы бар – ел.
Әділдік – ізгіліктің іргетасы. «Кімде-кім» әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ» деген екен Абай атамыз. Әділдік уақыт ағымында өзгеріп отырады. Адалдық адамның жеке басы мен моралдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену үрдісі қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой атағын арттыратын ізгі қасиет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет