Аддиктивті мінез-құлық - интенсивті эмоциялардың дамуымен, кейбір заттардың немесе тұрақты сыртқы ортаның ықпалының әсерінен шынайы өмірден бас тартумен сипатталатын деструктивті мінез - құлық. Бұл процестің адамды баурап алатындығы соншалық, оның өмірін басқаруға көшеді. Адамдар өз сезімдерінің алдында әлсіз қалыпқа түседі. Ол адамның өмір шартының бұзылуына, отбасылық жанжалдардың туындауына, туыстары мен жақындарын жоғалтуына, күрделі эмоционалдық жағдайға тап болуына, стереотиптер мен әдеттердің күрт өзгеруіне алып келеді.
Аддикция
Аддикция (ағылш. addiction -- тәуелділік, жаман әдет) -- адамның бір белгілі әрекетке сезінетін қалмайтын мұқтаждығы. Сондай-ақ, аддикцияны патологиялық құштарлық десе де болады, себебі бұл әрекет көбіне тұлғаны психикалық ауруларға және жеке немесе әлеуметтік қиындықтарға соқтырады Терминді көбіне дәрілік тәуелділік, есірткіқұмарлыққа қолданылады. Алайда, қазіргі заманда басқа да химикалық емес тәуелділіктер көбейген[1], мысалы, Ғаламторға тәуелділік, ойын құмарлық, шопоголизм, психогенді артық тамақ жеу, фанатизм және т. б.
Терминді көбіне дәрілік тәуелділік, есірткі құмарлыққа қолданылады. Алайда, қазіргі заманда басқа да химикалық емес тәуелділіктер көбейген, мысалы, Ғаламторға тәуелділік, ойын құмарлық, шопоголизм, психогенді артық тамақ жеу, фанатизм және т. б. Басқа жақтан, аддикция -- адамның қоршаған ортаның қиындықтарына адаптация ретінде қабылдауға болады. Ең қарапайым аддикция нысандары - темекі шегу мен алкогольдік ішімдіктер. Олар адамды уақытша алдамшы ұнамды қалыпқа келтіреді. Қазіргі заманда аддикция - бүкіл әлемдегі өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Интернет аддикция қазір тек жастарда емес, үлкен адамдарда да бар. Өз ортасында өзін дәлелдей алмай, қарым-қатынасқа түсе алмай жүргендер интернетті алдамшы көреді. Таза психологиялық тұрғыдан алып қарасақ, бұндай виртуалды әлемдер адамзат баласына өте қауіпті нәрсе