Нарықтық қатынастарға көшкеннен қызметкерлерге жалақының жаңа формаларына қол жетті.Оның ішінде кәсіпорынның акцияларын мен облигацияларын сатып алу, соған байланысты дивиденттер алу болып табылады.
Еңбекақы ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғаушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастарның дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалады.
Олардың қазіргі нарықтық реалияға қаншалықты сәйкес келетіндігі еңбекақының негізгі қызметтеріне байланысты.
Соған байланысты, әрбір қызметкердің жалақысы тек кәсіпорынның нәтижесіне байланысты , салықтық органдар қарастырады деп айтуға болады.
Еңбек қатынастарын ұйымдастырудың заңдық жарғысы, соның ішінде еңбекақы төлеу, кәсіпорынның ұйымдық келісім шарты негізінде қалыптасқан, және онда барлық төлем көрсетіліп тұрады.
Қазақстанда және басқа да елдерде кәсіпорын есебінің басты мәселесі бұл қызметкерлерге еңбекақы төлеу тәртібі болып табылады.Еңбекақы төлеу есебі - ең қиын және жауапкершілігі зор операциялардың бірі болып табылады.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде ең маңызды орын алады
Кез келген кәсіпорын, өзінің қызмет түріне қарамастан, қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін жүргізеді. Сондықтан да осы мәселе қашанда маңыздылығы жағынан бірінші орында болатыны сөзсіз.
Кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысы оған дейін жарғыда көрсетілген ставка бойынша, ал келісім шарт бойынша жұмысқа алынған қызметкерлерге – сол келісімшартта көрсетілген талаптарға сай төленеді.