Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/29
Дата06.01.2022
өлшемі4,35 Mb.
#11360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
kz 1490785559

 

 


 

5

1   АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ 



1.1   Жер бетіне жақын ғаламдық ауа температурасы мен жауын-шашынның 

бақыланатын өзгерістері  

Климатты    өзгерту  жөніндегі  Үкіметаралық  сарапшылар  тобының  (КӨҮСТ) 

деректері  бойынша, 20 ғасырда  Жер  шарының  көптеген  аймақтарында  жерге  жақын  ауа 

температурасының,  ол  тұрақты  болмаса  да,  көтерілгендігі  байқалады.  Жылыну 20 

ғасырдың  басынан  бастап 40-жылдарға  дейін  жалғасты,  кейін  аздап  салқындап, 70-

жылдардың ортасынан бастап қазіргі уақытқа дейін қарқынды жылып келеді (1.1-сурет).  

Орташа

 ғаламдық



 ауытқулар

  

 



 

1.1 – сурет. Гадлей/ОИК орталығының деректері бойынша 1850 жылдан 2012 жылға 

дейінгі орташа ғаламдық температураның жылдық ауытқулары (HadCRUT3, қара сызық 

орташа мəндерді, сұр сызық – белгісіздік  диапазон 95 % көрсетеді), Ұлттық климаттық 

деректер орталығының деректері (қызыл сызық) жəне Годдарда атындағы Ғарыштық 

зерттеу институтының, АҚШ деректері (көк сызық). Ауытқулар 1961…1990 жж. базалық 

кезеңдеріне қатысты есептелген (Дереккөздер: Гадлей орталығы Метеобюр жəне Шығыс 

Англия  Университетінің Климатты зерттеу бөлімі, Біріккен Патшалығы). 

Ғаламдық  климаттың  жай-күйі  туралы  Дүниежүзілік  метеорологиялық  ұйымның 

Мəлімдемесіне (ДМҰ-№ 1108)  сəйкес, 2012 жыл - 1850 жылдан бастап есептегендегі, ең 

жылы  жылдар  ондығына  енді.  Мамандандардың  бағалауы  бойынша 2012 жылы,  14 °C 

құрайтын, 1961-1990 жж. кезеңіндегі орташа жылдық мəннен жер шары бойынша құрлық 

пен  мұхит  бетіндегі  ауа  температурасы 0,45ºС ± 0,11 °C жоғары  болды.  Бұл  факт 2012 

жылды - 1850 жылдан  бастап  тіркелген,  ең  жылы  жылдар  қатарындағы  есеп  бойынша - 

тоғызыншы етті (1.2-сурет). Сондай-ақ 2012 жыл, базалық кезеңде (1961–1990 жж., 14°C) 

ауа  температурасы  жоғары  болған  жылдар  тізімін  толықтырды,  енді  ондай  жылдардың 

жалпы  саны – 27 болды.  Барлық  инструменталды  бақылау  тарихында  ең  жылы  - 2010 

Гадлей/КЗБ орталығы 

Ұлттық климаттық деректер орталығы (ҰКДО) 

Годдарда атындағы Ғарыштық зерттеу институты 




 

6

жыл  болды, 2012 жыл  ауа  мен  мұхит  температураларының  ортажылдық  ауытқу  мəндері 



бойынша -  0,1 ºС кем.  

 

1961-1990



ж

 орташа


 мəнінен

 температураны

 

салыстырғандағы



 өзгерістер

 

 



 

Жердің маңызына қарай жасалған қатар ( өте ыстық жылдан жəне өте суық 

жылға дейін) 

1.2-сурет – Ең жылы 50 жылға арналып ұсынылған, ғаламдық жерге жақын ауа 

ауытқуының маңызына қарай жасалған қатары. Үстіңгі жағындағы ендірмеде ғаламдық 

жерге жақын ауа ауытқуының, 1850 жылдан бастап маңызына қарай жасалған қатары 

көрсетілген. Сызықтар ұзындығы əр жыл үшін аралық сенімділігі 95 % нұсқайды. 

(Дереккөз: 2012 ж. ғаламдық климаттың жай-күйі туралы ДМҰ мəлімдемесі). 

2012  жыл 2011 қазанда  пайда  болған  Ла-Ниньо  құбылысының  баяу-желқабаз 

ықпалымен  басталды.  Ла-Ниньо  құбылысының  жыл  басында  болуы  ғаламдық  ауа 

температурасының  мəніне  салқындатушы  ықпал  етті.  Ауа  мен  мұхиттың  орташа 

ғаламдық,  үш  ай  бойы (2012 жылдың  қаңтар-ақпан-наурыз)  орташаландырылған 

температурасы,  ауа  температурасының  ауытқуы 1961–1990 жж.  кезеңіндегі  орташа 

мəннен 0,28 ºС жоғары  болса да, соңғы 16 жылдың шамасына қарағанда ең төмен болды.   

Ла-Ниньо  құбылысы  Тынық  мұхитының  тропикалық  бойлығының  бойымен  мұхит 

суларының жылу есебінен, жылдың соңына дейін бейтарап жағдай құрай отырып,  сəуір 

айында босаңсыды (1.3-сурет).  

2012 жылы ауа температурасының орта жылдық оң ауытқулары жер шарының көп 

бөлігінде  байқалды,  ең  көп  ауытқулар  құрылық  аумағының – Солтүстік    Америкада, 

оңтүстік  Еуропада,  Ресейдің  батысында,  Африка  солтүстігінің  кей  жерлерінде  жəне 

Оңтүстік    Американың  оңтүстігінде  болды (1.4-сурет).  Əдеттегіден  едəуір  суығырақ 

жағдай    Аляскада,  Австралияның  солтүстігі  мен  шығысының  кей  жерлерінде,  Азияның 

орталық бөлігінде байқалды.   



 

7

Ауа  температурасы  мұхит  үстінде,  тек  Тынық  мұхитының  солтүстік-шығысы  мен 



орталық тропикалық, Атлант мұхитының оңтүстігінің  50º о.б. бөлігінен басқа, бар жерде 

іс жүзінде əдеттегіден жоғары болды.   

Орташа

 ғаламдық



 жылдың

 ауытқулары

 

 

1.3-сурет – 1950-2012 жж. кезеңіндегі жер шары бойынша жалпы орташаландырылған 



құрлық пен мұхит үстіндегі ауа температурасының орта жылдық  ауытқулары (ауытқулар 

1961–1990 жж. қатысты есептелген). Бағандар, Ла-Ниньо құбылысының жыл басында 

бірқалыпты немесе қатты болғанда - көк түспен,  Эль-Ниньо құбылысының жыл басында 

бірқалыпты немесе қатты болғанда - қызыл түспен,  барлық қалған жылдар – сұр түспен 

боялды.   

 

1.4-суреті – 2012 жылы жер шары бойынша ауа температурасының орта жылдық  



ауытқуларының кеңістіктік таралуы  (ауытқулар 1961–1990 жж. қатысты есептелген).  


 

8

АҚШ  Ұлттық  климаттық  деректер  орталығының  деректеріне  сəйкес, 2012 жылы 



құрлыққа  түскен  бір  жылғы  жауын-шашын  мөлшері,  орташа  көпжылдық  мəндерден  

6,3 мм  артық  болды. 2012 жылы  жауын-шашын  жер  шарында  əркелкі  түсті. 1.5-суретте  

2012  жылғы  жауын-шашын  мөлшерінің  жылдық  ауытқу  картасы  ұсынылған.  Жауын-

шашынның  едəуір  тапшылығы  АҚШ  орталық  бөлігінде,  Мексиканың  солтүстігінде,  

Бразилияның солтүстік-шығысында, Ресейдің орталық бөлігінде жəне Австралияның кей 

жерлерінде  байқалды.  Ылғалдылық  жағдайлар  Еуропаның  солтүстігінде,  Африканың 

батысында,  Аргентинаның  солтүстігі  мен  орталығында,  батыс  Аляскада  жəне  Қытайдың 

солтүстік бөлігінің көбінде болды (1.5-сурет).  

 

1.5-сурет –2012 жылы жер шары бойынша жауын-шашын мөлшерінің орта жылдық  



ауытқуларының кеңістіктік таралуы  (ауытқулар 1961–1990 жж. қатысты %о есептелген).  

(Дереккөз: Ғаламдық климаттың жауын-шашын орталығы, Германияның  

метеорологиялық қызметі). 

Рутгерс  Университетінің  (АҚШ)  жанындағы  қардың  Ғаламдық  зертханасының 

деректеріне сəйкес Солтүстік Америкадағы қар қыртысының тарауы 2011-2012 жж. қыста 

ең аздың бірі болды (саралау қатарының соңынан 4-орын). Бұл жағдай қатардан шықты, 

өйткені  соңғы  екі  қыс (2009-2010 жж.  жəне 2010-2011 жж.)  Солтүстік  Америкада, 

керісінше,  қар  алып  жатқан  алаң  бойынша  анағұрлым  кең  болып, 1966 жылдан  бастап 

саралау  қатарында  бірінші  жəне  екінші  орында  болды.  Евразия  контитентінде  қыс 

мезгілінде қар алып жатқан алаң орта мəннен жоғары болды. Солтүстік жарты шарда 45,2 

миллион км

2

 құрайтын орта мəнге қатысты 590000 км



жоғары болды. 

 



 

9

Еуропалық  ғарыш  агенттігімен  жүргізілген  зерттеулер  солтүстік  жарты  шар 



аумағындағы  қардағы  су  қорының  көлемі 1979 жылдан  бастап  біртіндеп  азайып  бара 

жатқанын көрсетті. Жоғарғы ендіктерде ерте көктемдегі қардың еру үрдісі байқалады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет