1.4 Жерге жақын ауа температурасының төтенше жағдайдағы тенденциясы
Ауа температурасының төтенше жағдайдағы тенденциясына жасалған талдау
1941…2012 жж. кезеңіне жүргізілді.
Қазақстанның барлық облыстар метеостанцияларының көбінде жерге жақын ауа
температурасының тəуліктік максимум мəндерінің жоғарылау тенденциясы байқалады.
Алайда, статистикалық маңызды тенденциялар, негізінде, ШҚО, Павлодар, Қызылорда,
Маңғыстау жəне Атырау облыстарының аумақтары үшін сипатты (1.17-сурет).
Температураның тəуліктік максимумы əр 10 жылда 0,01…0,40 ºС көтеріледі, кей
жерлерде жоғарылау 0,41…0,60 °С/10 жылды құрайды.
0
0,01…0,20
-0,01…-0,20
0,21…0,40
-0,21…-0,40
0,41…0,60
-0,41…-0,60
1.17-сурет – 1941…2012 жж. кезеңіндегі ауа температурасының (°С/10 жыл) тəуліктік
максималды мəнінің сызықтық тренд коэффициентінің кеңістіктік таралуы. Трендтің
статистикалық маңыздылық жағдайындағы үдеменің белгіленуі тушпен боялған.
Жоғарылау тенденциясының 35 ºС жоғары ауа температурасы болған күндер
санының статистикалық маңыздылығы Қазақстан облыстарының батыс жəне оңтүстік
аумақтарында əр 10 жылда 1 күннен 5 күнге дейін бақыланады (1.18-сурет). Солтүстік
аймақтарда, сондай-ақ шығыста 1941…2012 жж. іс жүзінде ыстық күндердің
қайталанғыштығы өзгермеді.
|