тарау. «География» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)
1-параграф.«География»оқупәнініңмазмұны
«География» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты;
11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген).
Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды:
географиялық зерттеу әдістері;
картография және геоинформатика;
табиғатты пайдалану және геоэкология;
геоэкономика;
геосаясат;
елтану;
адамзаттың ғаламдық проблемалары.
Оқу пәнінің мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер білім, түсінік, білік және дағдыларды қамтитын күтілетін нәтижелер түріндегі оқу мақсаттарынан тұратын бөлімшелерге бөлінген.
«Географиялық зерттеу әдістері» бөлімі «Жалпы географиялық әдістер» бөлімшесінен тұрады.
«Картография және геоинформатика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
картография;
геоинформатика негіздері.
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
табиғатты пайдалану;
геоэкологиялық зерттеу негіздері.
«Геоэкономика» бөлімі «Геоэкономика негіздері» бөлімшесінен тұрады.
«Геосаясат» бөлімі «Геосаясат негіздері» бөлімшесінен тұрады.
«Елтану» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
дүниежүзі аймақтары;
елдерді салыстыру әдістемесі.
«Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімі «Ғаламдық проблемаларды шешу» бөлімшесінен тұрады.
10-сыныпқа арналған География» оқу пәнінің базалық мазмұны:
«Географиялық зерттеу әдістері». Жалпы географиялық әдістер; зерттеу әдістерінің түрлері;
«Картография және геоинформатика». Картография; заманауи картографиялық әдістер; геоинформатика негіздері; географиялық деректер базасы; географиялық деректерді визуализациялау;
«Табиғатты пайдалану және геоэкология». Табиғатты пайдалану; табиғатты пайдалану түрлері; табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау; табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары; геоэкологиялық зерттеулер негіздері; геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі; геосфералардың ластануы; геоэкологиялық аудандастыру; геоэкологиядағы антропогендік факторлар; ғаламдық экологиялық проблемалар; экологиялық проблемаларды шешудегі ғылыми-техникалық прогресс; Қазақстанның экологиялық проблемалары;
«Геоэкономика». Геоэкономика негіздері; геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі; шаруашылықты ұйымдастырудың факторлары мен алғышарттары; дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы; дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері; дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері; экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе; Қазақстан Республикасы экономикалық дамуындағы мақсатты көрсеткіштері;
«Геосаясат». Геосаясат негіздері; геосаясаттың өзектілігі; дүниежүзінің геосаяси аймақтары; геосаясат және географиялық факторлар; мемлекеттік аумақтың морфологиясы; мемлекеттік шекара;
«Елтану». Дүниежүзі аймақтары; кешенді географиялық аудандастыру; елдері салыстыру әдістемесі; салыстырмалы елтану;
«Адамзаттың ғаламдық проблемалары». Ғаламдық проблемаларды шешу; ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері.
11-сыныпқа арналған География» оқу пәнінің базалық мазмұны:
«Географиялық зерттеу әдістері». Жалпы географиялық әдістер; географиялық зерттеулердің өзекті әдістері;
«Картография және геоинформатика». Картография; заманауи картографиялық әдістер; геоинформатика негіздері; геоақпараттық жүйелер; географиялық деректер базасы; географиялық деректерді визуализациялау;
«Табиғатты пайдалану және геоэкология». Табиғатты пайдалану; табиғатты пайдалануды реттеу; табиғатты қорғау шаралары; табиғатты қорғауда жеке тұлғаның рөлі; геоэкологиялық зерттеулер негіздері; қоршаған ортаның антропогендік өзгеруі; қоршаған ортаның сапасы;
«Геоэкономика». Геоэкономика негіздері; Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті; геоэкономикалық даму стратегиялары;
«Геосаясат». Геосаясат негіздері; заманауи геосаяси үдерістер, Қазақстанның геосаяси жағдайы; Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі; Қазақстанның геосаяси интеграциясы;
«Елтану». Дүниежүзі аймақтары; дүниежүзі аймақтар картасында Қазақстанның орны; дүниежүзі елдерін слыстыру әдістемесі; Қазақстанның халықаралық салыстырулардағы орны; қолданбалы елтану;
«Адамзаттың ғаламдық проблемалары». Ғаламдық проблемаларды шешу; ғаламдық проблемаларды шешу жолдары.