Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Қабанбай батыр ауылы жалпы орта білім беретін мектебі» кмм



бет2/2
Дата06.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#71965
түріСабақ
1   2
Бағалау критерийі

Сабақтың барысы

Сабақтың
кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басы
10 минут



Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару Сабаққа дайынбыз ба?
Көңіл – күйіміз қандай?
Ендеше сабағымызды бастайық?

Оқушылар сәлемдеседі.
Кезекші оқушы сыныпты түгендейді
Сабаққа назарын аударады.
Керемет! Тамаша! Ғажап! Алақай!
Оқушылар сабаққа зейінін салады

Керемет!






Психологиялық ахуал қалыптастыру.


Ұжым ережесі
2 минут
Алдыңғы білім
6 минут



Үлкенге де «Сіз», кішіге де «Сіз»,
Сәлемдесіп құрметпен
Бас иеміз біз!
Оқушылар бір-бірімен қол алысып амандасып алып, жақсы пікір білдіреді.
Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
Оқушылар, бүгінгі күнге сендерге тек қана сәттілік тілеймін!Сабағымыз сәтті болсын!

  • Бүгінгі сабағымыздың ережесі:

  • Сабақта бір - бірімізді тыңдаймыз;-

  • Сабақта уақытты:

  • Сабақта тапсырмаларды:

  • Сабаққа қатысқанда:

  • Белсенділік танытып, жақсы көңіл-күйде боламыз!

-Жарайсыңдар, балалар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар! Ал, енді алдыңғы білімді еске түсіріп алайық!
«Алып табан» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру.
-Балалар әліпбиде неше әріп бар?
-Әліпбидің басында қандай әріп тұрады?
-Әліпбиде дыбысталмайтын әріптер қандай?
-Қосарланған дыбыстар қандай?
-Әліпбиде үшінші тұрған әріп қандай?
-Осы әріптен басталатын сөздер айтып көрейік.



  • Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің белгіленген тәртіп бойынша орналасқан жиынтығы.

  • Әріптердің рет тәртібін де білдіреді

  • Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар. Әліпбиде әріптің аталып, орын реті белгіленеді

Алдыңғы сабақта «Түлкі мен тырна» ертегісін оқыдық.
Мұғалім ертегіні қорытындылайды.
-Балалар, осы ертегіні оқи отырып, қандай ой түйдіңдер?
Ия, дұрыс айтасыңдар, түлкі мен тырна бір-біріне дұрыс сый-құрмет көрсете алмады. Әдептілік танытпады.Әдепті болу үшін әуелі сәлемдесуден бастау керек екен.

Оқушылар жылы лебіздерін білдіреді

  • Сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Үнемдейміз!

  • Нақты, дәл жауап береміз!

  • Шапшаңдықты, тапқырлықты көрсетеміз!

Оқушылар қойылған сұрақтарға толықтай жауап береді.


Балық, балықшы, бота, бесік.


Бір сөзге сөйлем құрайды.
Балықшы балық аулады.


Оқушылар өз қалаулары бойынша ертегі желісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.


Білім алушылар
бағаланады


Қ.Б
«Мадақтау сөз»
Жарайсың! Жақсы!
Талпын!



Оқулық
50 – бет




Сабақтың
ортасы
25 минут


Ұжымдық жұмыс
5 минут


Қызығушылы
ғын ояту



Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Сөйлеу әдебі.
Сабақтың мақсаты:

  • Сөз әдебін сәлемдесуді дұрыс қолдана білу;

  • Өлеңді мәнерлеп оқу;

  • Көркем жазу талаптарын орындау;

-Оқушылар, сендер сабақ басында қалай амандастыңдар? (қол алысып)
Сәлемдесу ойыны:

  • Оқушыларға жанындағы парталастарымен қалай амандасу керек екенін айту

  • Олар бір – бірімен дәл солай тез – тез амандасады.

  • Сонымен: көзбен, қолмен, иықпен, аяқпен, шынтақпен.

  • Ойын арқылы оқушылардың көңілін көтеріп алу

Шетелдік амандасу
Қазақстанда қазақтар- қол алысады
Индияда қолдарын қусырып, иіледі
Кореяда бас изеп амандасады
Италияда-құшақтасады
Бразилияда – бір-бірінің иығын қағады
Жапонияда – басын изейді
Македонияда- шынтақпен
Австралияда – шапалақ ұрады, кейіннен секіреді.
-Жарайсыңдар балалар!





Жаңа білім


Меңгеретін жаңа білімнің тақырыбы мен мақсатымен танысады

  • Білім аушылар сәлемдесудің түрлерімен танысады

Оқушылар әр елдің амандасу түрлерін көрсетіп, амандасады.


Дескриптор
1.Сыпайы сөздермен амандасу


Қ.Б
Тамаша


Оқулық
50 – бет


Ұжымдық жұмыс
10 минут


Жеке жұмыс
10 минут



Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма
«Түсініп оқы» әдісі
Оқылым;Тыңдалым;Айтылым; 1 – жаттығу.(50 -бет)

Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет – ақын, журналист. 1954 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. Ата-анасы мұғалім болған. Ақынның көптеген жыр жинақтары бар.


  • Өлеңді тыңда

Сәлем бер
Үлкенді көрсең, сәлем бер,
Басыңды иіп, кідіріп.
Әдеппен келіп амандас,
Жанынан өтпей жүгіріп.

Есен – саулық сұрасып,
Сәлемдесу – салтымыз.
Аман болсын қашан да
Ардақтаған халқымыз!


  • Өлең не туралы?

  • Өзің үлкендермен қалай амандасасың?

Сергіту сәті: «Табиғат құбылыстары» су, ауа,от, жел, (3 рет қайталау) жер (отыру)


2-тапсырма
«Көркем жаз» әдісі
Достар

Жазылым;2 – жаттығу.(50 бет)

  • Мақалды көшіріп жаз




Сөйлеу әдебін біліп ал
1.Үлкенді сыйла
2.Біреудің сөзін бөлме
3.Асықпа, сыпайы сөйлес
Сергіту сәті: «Бас, иық, тізе, аяқ»



  • Өлеңді тыңдайды

  • Автор жайлы мәліңмет алады

  • Өлеңнің түсінігі бойынша сұраққа жауап береді

  • Білім алушылар бір – бірінің жауабын толықтырып отырады



  • Өлең сәлемдесу туралы

  • Үлкендермен амандасу

Сәлеметсіз бе,
Ассалаумағалейкум,
Амансыз ба?!
Оқушылар сергіту сәтін қайталайды
Достар сөзіне түсінік береді


Мақалды көшіріп жазады
Оқушылар қимылды музыкамен орындайды



Дескриптор
1.Өлеңді тыңдайды
2.Автор жайлы мәлімет алады
3.Сәлем сөздің атасы екенін түсінеді


Білім алушылар
бағаланады
Қ.Б.
Өте жақсы! Жарайсың! Мадақтау


Дескриптор
1.Мақалды қатесіз көркем жазады
2.Дыбыстық талдау жасайды
3.Кезекпен берілген мақалды жатқа айтады


Білім алушылар
бағаланады


Қ.Б.: Жарайсың!


Ұ.Есдәулет

Оқулық
50 бет



Оқулық
50 бет

дәптер

Сабақтың
Соңы
5 минут
Бекіту
ұжымдық жұмыс

Сабақты бекіту . Жұппен жұмыс.
Тасымалданатын сөздерді буынға бөлу. Тасымалданбайтын сөздерді қоршап сызу.
Мектеп, кеме, Отан, ата, тон, дәрігер.
Асық, бала, бас, сан, күн, асхана.
Дүкен, бал, қант, ыдыс, алма, балықшы.
Жеке жұмыс. Парта, тақта, сызғыш суреттерінің атауына дыбыстық талдау жасау.




  • Оқушылар тапсырманы

орындайды


Мек-теп, ке-ме, Дәрі-гер, дә-рігер. (Отан,, ата, тон)
Ба-ла, ас-хана, асха-на. (Асық, бас, сан, күн)
Дү-кен, ал-ма, балық-шы, ба-лықшы. (бал, қант, ыдыс)


Дескриптор
Оқушылар тасымалданатын сөздерді буынға бөледі. Тасымалданбайтын сөздерді түсіндіріп береді.


Қ.Б.
Өте жақсы! Жарайсың! Мадақтау






Оқулық
50 бет

Рефлексия
2 минут



Рефлексия
Бүгінгі сабақты толық түсіндім
Бүгінгі сабақты түсіндім, сұрағым бар
Бүгінгі сабақты түсінбедім
Партадағы гүлдерді смайликтерге жабыстыру.



Бүгінгі сабақтан алған білімдерін «ойыңмен бөліс» арқылы көрсетеді, айтады.



Қ.Б.
Жарайсың!




Мен Амандыкова Гүлжихан бастауыш сынып мұғалімі 2023 оқу жылының 22-ақпан күні ана тілі пәнінен ашық сабақ өттім. Барлығы 20 оқушы. Қатысты 17 оқушы, қатыспады 3 оқушы, себепті.

Сабақ тақырыбы: «Сөйлеу әдебі» , сабақтың мақсаты: Сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолданады.
Әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Сабақты психологиялық ахуалмен бастадық оқушылар бір-бірімен амандасып алып, бір-бірлеріне сәттілік тіледі.
лдыңғы білімді еске түсіру мақсатында «Алып табан» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп отырып, алға қарай табан іздерімен қадам басып отырды. Бұл әдіс оқушыларға ұнады, қызығушылықпен орындады.
«Түлкімен тырна» ертегісін алдыңғы сабақта оқуға берілген, оқушылар сұрақтарға жауап беріп, ертегі кейіпкерлерінің әдепсіз әрекеттерін талдады.
Бүгінгі жаңа сабақпен таныстырып, әр елдің сәлемдесуін көрсетті. «Сәлем бер» өлең жолдарын мұқият оқып, әр жолының мағынасын ашты. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету керектігін оқушылар жақсы түсінді. Өздерінің үлкендермен, достарымен қалай амандасу керектігін айтып, ойларын ортаға салды.

Дәптермен жұмыс барысында оқушылар дәптердегі ережені сақтады. Көркем жазуды , бүгінгі күнді, сынып жұмысын ретімен жаза білді. Оқушыларға мақалды көркем етіп көшіріп жазу ұсынылды.


Мақалды оқып, мағынасын аша білді.
Оқушыларға жұптық тапсырмалар берілді. Жұпта бірлесе отырып, жұмыс істеу дағдысы қалыптасты. Бұл тапсырма арқылы өткен тақырыпты бекіте отырдық. Тасымалданатын және тасымалданбайтын сөздер қатарын анықтап, көрсетті. Отан, бұлт, тон, әже, әке сөздерінің не себепті тасымалданбайтынын түсіндіріп айтты.
Оқушыларға жеке тапсыралар берілді. Қима қағазында берілген суреттер атауын тауып, дыбыстық талдау жасау ұсынылды. Оқушылар тапсырманы мұқият орындауға тырысты. Кейбір оқушылар өте жақсы орындап шықты. Сабақ соңында смайликтер арқылы өз-өздерінің көңіл-күйлерін білдірді. Әр тапсырма орындалғаннан соң, кері байланыс жасап отырдым. 1 – сынып оқушылары болғандықтан, үлгермеген немесе қателескен балаларға түсіндіріп, келесіде мұқият болу керектігін ескерттім. Сабақ мақсатына қол жеткіздім деген ойдамын. Балаларға кешіре білу, мейірімді болу, әдеп сақтау қасиеттерін өз бойларынан іздеу керектігін қалыптастыруға тырыстым.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет