Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы 1-бөлім. Паспорт (негізгі параметрлер)
Тұжырымдаманың атауы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама)
Әзірлеу үшін негіздеме
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Қазақстан халқына Жолдауы;
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" Қазақстан халқына Жолдауы;
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" Қазақстан халқына Жолдауы;
"Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы;
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы
Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі,
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
Облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері.