Қазақстан республикасы оқу ағарту министрлігі алматы облысы білім басқармасы



бет1/5
Дата13.01.2023
өлшемі377,73 Kb.
#61192
  1   2   3   4   5
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ҚАРАКЕМЕР КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖІ

БЕКІТІЛДІ
Колледж директоры
___________ Исаков М. А.
«____» __________ 20___ж




Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 66-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар және өзге ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының (бұдан әрі – Жоспар) уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
3) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Тұжырымдаманың іске асырылуы туралы есепті ұсынып тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Ә. Смайылов

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының мазмұны

1-бөлім. Паспорт (негізгі параметрлер)


2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау


1-тарау. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы


2-тарау. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау


3-тарау. Педагог мәртебесі


4-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту


5-тарау. Орта білім беру


6-тарау. Техникалық және кәсіптік білім беру


7-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру


8-тарау. Білім беру сапасын бағалау


3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу


4-бөлім. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың пайымы


5-бөлім. Дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері


1-тарау. Қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу


1-параграф. Формальды білім беру шеңберінде білім алушылардың адамгершілік-рухани және эмоциялық қабілеттерін дамыту


2-параграф. Формальды білім беру шеңберінде білім алушылардың дене саулығын сақтау және нығайту


3-параграф. Қосымша (формальды емес) білім беру арқылы баланың қызығушылықтары бойынша қабілеттерін дамыту


4-параграф. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, баланың қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету


2-тарау. Педагогтердің кәсіптік және мәдени капиталын арттыру


1-параграф. Педагогтерге қолайлы жағдай жасау


2-параграф. Педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілу және педагогикалық білім беруді жаңғырту


3-параграф. Педагогтің үздіксіз кәсіптік дамуы


3-тарау. Тең бастапқы мүмкіндіктер жасау


1-параграф. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті кеңейту


2-параграф. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мазмұнды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделі шеңберінде жаңғырту


3-параграф. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласын көшбасшылық негізінде басқарудың тиімділігін арттыру


4-тарау. Орта білім беру жүйесі арқылы саналы және жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру


1-параграф. Мектепте қолайлы жағдайлар мен оқу ортасын құру


2-параграф. Орта білім мазмұнын жаңғырту


3-параграф. Өңірлер, қала және ауыл арасындағы орта білім сапасындағы алшақтықты азайту


4-параграф. Дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау жөніндегі жұмысты жетілдіру


5-параграф. Инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту


6-параграф. Орта білім беруді басқару және қаржыландыру


5-тарау. Жастарды оқуға және еңбек нарығына интеграциялау


1-параграф. Техникалық және кәсіптік білімге сапалы және кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету


2-параграф. Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңғырту және сапасын арттыру


3-параграф. Шарттарды жаңарту және жұмыс берушілерді техникалық және кәсіптік білім беруге тарту


4-параграф. Қаржылық орнықтылықты арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын нысаналы қолдау


5-параграф. Техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру


6-тарау. "Білім экономикасы" үшін жоғары білікті кадрлар даярлау


1-параграф. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге қолжетімділікті кеңейту


2-параграф. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мазмұнын жаңғырту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру


3-параграф. Жоғары оқу орындарында басқару жүйесін жетілдіру


4-параграф. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді интернационалдандыру


7-тарау. Білім беру сапасын жүйелі деңгейде қамтамасыз ету

1-параграф. Ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесі


2-параграф. Сыртқы сапаны қамтамасыз ету жүйесі


3-параграф. Сапаны қамтамасыз ету жүйесін басқару және реттеуші тетіктері


6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер




Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 941 қаулысымен
бекітілген



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет