Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрлігі (білім басқармасы, білім бөлімі, мектеп атауы жазылады) баяндама тақырыбы



бет1/3
Дата06.04.2023
өлшемі27,56 Kb.
#80124
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрлігі
(білім басқармасы, білім бөлімі, мектеп атауы жазылады)


БАЯНДАМА
Тақырыбы: Оқушылардың білім жетістіктерін анықтау ерекшеліктері
Орындаған: (аты –жөніңізді жазыңыз)

Елдімекен атауын жазыңыз


Авторы: (аты –жөніңізді жазыңыз)


Тақырыбы: Оқушылардың білім жетістіктерін анықтау ерекшеліктері


Мақсаты: Оқушылардың білім жетістіктерін сараптап, анықтайтын бағдарламалар туралы түсінік беру. Білім алушылардың оқу жетістіктерін жіктеп қарастыру жолдары туралы баяндау.


Міндеті: Оқушылардың білім жетістіктерін анықтау ерекшеліктерін анықтау.


І. Кіріспе
Білім алушылардың білім жетістіктерін анықтау туралы қысқаша түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу
ІІІ. Қорытынды.
VІ.Пайдаланылған әдебиеттер


І –кіріспе

Әлемдік білім саласының қарыштап дамуы, педагогикалық инновациялардың әзірленуі, дәстүрлі педагогиканың өзгеріп, жаңашылдыққа бет бұрғанына бәріміз куәгерміз. Білім саласы күннен күнге дамып, техногендік заманның көшіне ілесіп барады. Осы тұрғыда адамзат үшін ақылды, тез бейімделгіш, жаңа технологияларды пайдаланатын, ойлап таба алатын әрі іске асыратын адамдардың болу маңызды. Ақыл –ой ресурстары үшін күрес туындайдын заманның басты алғышатарттары қандай?



  1. Адамның білімді болуы

  2. Алған білімін іске асыра алуы

  3. Жаңалыққа құмар болуы

  4. Өзін және өзінің білімін бағалай алуы

Жоғарыда айтылған төрт алғышартты Стенфорд университеттінің ғалымдары өз студенттеріне ұсынған. Студенттер арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес ең алғашқы 3 бағыт, 4 –ші бағыт болмаса іске аспайтынын айтқан. Иә, 4 бағыттың 4-ші бағыты болмай жоғарыдағы 3-і орындалмайды. Яғни өзін және өзінінің білімін мұғалімнен бөлек оқушының бағалай алуы қаншалықты маңызды?



  1. Оқушы өзін –өзін тәрбиелеп үйренеді;

  2. Өз білімінің жүйелігін байқайды;

  3. Ойланып оқуға бейімделеді;

  4. Өз кемшілігін байқап, қатарластарынан қалмау үшін не керектігін аңғарады.

  5. Бағалаудағы әділетсіздік мәселесінің шешілуіне өз үлесін қосады.

Оқу жетістіктерін анықтау оқушыға қандай мәселелерді түсіндіретінін айттық. Енді бұл тұрғыда мектеп пен мұғалімнің үлесі қандай?


Жалпы біздің еліміздегі мұғалімдерге қойылатын жалпы міндеттің бірі – өз білімін жетілдіріп отыруы, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі. Оқушылардың жеке қасиеттерін ашу, сапалы білім беру. Оқушылардың білім сапасын анықтай отырып, оларға білімді меңгерудің тиімді жолдарын көрсету. Оқушы өзінің алған білімін ұстазбен бірге саралай алуы, қатемен жұмыс жасай отырып білімді терең меңгеруі маңызды. Оқушының білім жетістіктерін анықтайтын бағдарламаға кіріспес бұрын жалпы білімді тексеруге қойылатын талаптарға тоқтсалсақ:

  • Тексерудің және бақылаудың жүйелігі.

  • Әр оқушының өз білімін, іскерлігін бағаланатынын терең түсінуі қажет;

  • Білім, іскерлік дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;

  • Әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушының баға беруі;

  • Бақылау –бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлергіміне, көңіл-күйіне назар аударуы;

  • Оқушылардың өзіндік оқуға белсене қатысуы;

  • Өздерін және өзгелерді бағалай алуы;

  • Оқушылармен кері байланысты үнемі жасап отыру;

Бұл педагогикалық практикалардың және жалпы педагогикада қолданылатын талаптар. Әр педагогке маңызы бар талаптардың жиынтығы. Оқушы үшін білім алу процесі кезінде өзін және өзгерлердің бағалауы маңызды екенін барлығымыз түсінеміз. Оқушының өз білім деңгейін тексере алуы барлығымыз үшін қажет. Өйткені бала өз деңгейін анықтай отырып, олқылықтар мен қателіктерді жою үшін барын салып, білімін жетілдірудің жаңа жолдарын іздеп үйренеді.


Әрбір сабақта екі бірдей мақсат болады. Біріншісі оқу мақсатына екіншісі оқыту мақсатына қол жеткізу. Ал, жалпылама оқушы өзіне қойылатын оқу талаптарын, білім мақсатын түсіне алуы керек. Бұл тұрғыда 2022 -2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттағы маңызды аспектілерді атап өткеніміз жөн.



  • Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау электрондық журналдарда балл түрінде жүзеге асырылады, қажет болған жағдайда мұғалім түсініктемелер енгізеді.Электрондық журнал болмаған жағдайда қағаз журналға қойылады.

  • Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын мұғалімдер академиялық адалдық нормаларын сақтай отырып дербес құрастырады.

  • Формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу мен сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және бір баллдан он баллға дейінгі шекте жүзеге асырылады.

  • Білім алушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады.

  • Білім алушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен емес,үздік орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.

  • Сабақта білім алушыларға өзін-өзі бағалау және өзара бағалау үшін мүмкіндік беру, өз қателіктерін табу үшін рефлексия ұйымдастыру ұсынылады.

  • Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін таңдауда және әзірлеуде еркін.

Бұл әдістемелік нұсқау хаттың ішінен алынған бірнеше бөлігі ғана.
Жоғарыда айтылған және көтерілген мәселелер білім алушылардың білім жетістіктерін анықтау үшін аса қажет. Өйткені баланың өзіне қойылған бағаның емес өзінің білім алу процесінің қалай өтіп жатқанын білу маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет