II бөлім. Дидактикалық ойындарды қолдануда ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдары. 2.1. Ағылшын тілін оқытуда дидактикалық ойындардың түрлері арқылы тиіиді әдіс тәсілдер. Қазіргі уақыттағы сабақ үдерісінде қойылып отырған талаптардың бірі - оқушылардың коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамыту мақсатында сабақ үдерісінде ойын түрлерін, коммуникативті ойындарды қолдану. Осы тұста төмендегідей коммуникативті ойындарды пайдалану әбден орынды деп есептейміз.
Мысалы: Interviewing an interesting person. Бір оқушы танымал атақты адамның (саясат қайраткері, әнші, актер, спортшы, т.б) ролін ойнайды. Сыныптастары әртүрлі сұрақтар қоя отырып, оның кім екендігін табуы тиіс. Сұрақтар былай болуы мүмкін:
What's your hobby? What kind of meal/ sport/clothes/ do you like? Are you a man or a woman? Are you married or a single? т.б.
Just the facts.
Мұғалім тақтаға 3 сұрақ жазады, мыс: What kind of music do you like? Where do you usually listen to music? Who is your favourite singer?
Әрбір оқушы 3 үлестірмелі қағаздан алып, оның әрқайсысына, әр сұраққа жауап жазады. Мұғалім барлық қағаздарды жинап алып, араластырады да, әр оқушыға 3-3тен таратады. Балалар сынып ішінде сұрақ қоя жүріп, қолындағы карточканың иесін іздейді. Барлық карточкалар өз иесін тапқанда ойын аяқталады.
Бұл ойынды «Атамұра» баспасынан шыққан, авторлары: Аяпова.Т. Әбілдаева.З. Ұқбаев. А. 9 - сынып оқулығындағы «Music in our life» тақырыбын өткенде немесе музыкаға қатысты сабақтарда пайдалануға болады. Why?
Мына төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, оқушылардың сүйікті заттары, әрекеттері туралы айтыңыздар деп сұрақ арқылы ойынатуға болады.
What is your favourite TV show? Why?
What is your favourite magazine? Why?
What is your favourite gift you have received? Why?
What is your favourite time of the day? Why?
What is your favourite day of the week? Why?
Сұрақтарды оқушылардың деңгейіне қарай жеңілдетіп немесе күрделендіріп отыруға болады.
Сонымен бірге, мынадай коммуникативті ойындар ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамытуға көмектеседі: Interrupting the story, Make a text, Answer the questions, Find the theme, Make a story, Tell the story on the III-rd form, Name game, Introductions, Who am I?, Word race, Recipe banquet, Questions, Objects, Sentence Completion, Learning the actions.
Грамматиканы үйреніп жатқан оқушыларды ойын барысында бақылаған Бельгиялық бизнесмен “It isn’t silly at all” - “Бұл мүлдем ақымақтық емес” деп өзінің таң қалғандығын білдірген екен, сол сияқты ойын процесі бір уақытта тиімді әрі қызықты болуы мүмкін.
Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз балаға бір ақпаратты тек айтып қана қойсақ, ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалуы мүмкін, ал ойын үрдісінде баланың өзіне жасауға мүмкіндік берсек, бала өзі үйреніп кетуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, зерттеу барысында шетел мектептерінде сабақ үдерісінде қолданылатын ойын түрлері мен ойын әрекеттері, жаттығулар оқушыларға беріліп, салыстырыла талданды.
Міне, біз шетел мектептерінде сабақ үдерісінде қолданылатын коммуникативті ойындар мен ойын әрекеттерін, тапсырмалар мен жаттығуларға да тоқталып өтуді жөн санадым.
Riddles. Read the first riddle and have the class ask questions to try and solve the riddle. Riddles promote discussion and curiosity.
The man was injected with deadly poison-but it did not kill him ( He was already dead)
Everyone around him knows who he was , but no one knew his name ( He has just been born)
The man had been a hostage for 10 years. His wife watched him leave he plane, and called to him excitedly. He did not respond (She saw him on television)
I run but no legs (nose)
The more there is the less you see (darkness)
What has hands but not skin or bones? (сlock)
What is black and white and read all over? (newspaper)
Tongue twisters. Tongue twisters are phrases or sentences that are very difficult to say fast. Tongue twisters are not only fun but they train the tongue to speak in English. Ask for three volunteers to stand up front. Write the first tongue twisters on the board and have each one say it five times. Have the rest of the class vote on the fastest and funniest for each one.
Toy boat. Toy boat. Toy boat.
The sixth sick shakes sixth sheep’s sick.
Suzy sells seashells on the seashore.
Three free throws.
Greek grapes.
I thought a thought. But the thought I thought wasn’t the thought I thought I thought.
Сонымен қатар, шетелдік мектептер мен оқу орындарында мынадай ойын әрекеттері қолданылады:
What is in the picture, Weather, That’s me, Expressing Feelings, Description, Speed up, Dicto Gloss Description, Chain Drills, etc.
Осы көрсетілген шетелдік мектептердегі ойын түрлері мен әрекетерін қарастыра келе, мынадай қорытынды жасауға болады:
• шетелдік мектептердегі ойын әдістерінің жүргізілуі өте еркін, яғни олар ойын барысында өздерін өте еркін ұстайды, ролдік ойындарды да нағыз образға шынайы түрде ене отырып орындайды, ал біздің мектеп оқушыларының коммуникативтік ойындарды қолдану барысында, өз ойларын жеткілікті дәрежеде жеткізе алмауы, олардың сөздерді айтуда қателесемін деген ойдың туындауында, себебі қазақ мектебінің кейбір балаларына ұялшақтық пен ұяңдық тән, олардың бойында өзгелермен жылдам қарым-қатынасқа түсу сияқты қасиеттер баяу. Міне, осы мәселені шешу үшін, ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік сөйлеу біліктілігін қалыптастырып, дамытуда ойын әдісінің ролі өте зор.
Атақты американдық жазушы Е. Градин «You cannot effectively learn a foreign language until you make a million mistakes in that language. So hurry up and made your million mistakes» деп айтқандай, кез-келген адам ағылшын тілін сөйлеу әрекетінде миллиондаған қателерді жіберу арқылы үйреніп, шыңдалады.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
Ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде жалпы орта мектеп сыныптарында пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар, рөлдік ойындар т.б. Осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.
Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мектеп оқушылары белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру мұғалімдердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс - әрекеті.
Оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік-ойындар» оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады. Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет.
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді.
Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта – ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Мұғалім сабағын баланың қабілет - қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.
Ойынның түрлері: лексикалық, орфографиялық, дидактикалық және грамматикалық, рөлдік болып табылады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде сөйлеуге және жазуға үйрететін арнайы ойындар да болады.
Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Жарыс түрінде өткізсеңіз (Кім өлеңді бірінші жаттайды?), оқушылар өлеңді жарыса отырып қалай жаттап алғандарын байқамай қалады.
Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындар:
«Let’s draw a Rainbow!»ойыны.
Мақсаты: түстерді үйрету.
Ойынға қажет құралдар:түрлі –түсті қарандаштар, кемпірқосақ салынған сурет.
Ойын барысы: біріншіден мұғалім кемпірқосақ салынған суретті тақтаға іледі. Оқушылар 7 түрлі қарандашты партаның үстіне қояды.
Мұғалім: This is a rainbow. I can see red colour(суретті көрсетеді, балалар сол түсті қарандашты көтереді), orange colour, yellow colour, green colour, blue colour, dark blue colour, violet colour. The rainbow is colourful. It’s beautiful. Let’s draw a rainbow!
Сосын мұғалім балаларға кемпірқосақтағы түстерді реттілігімен есте сақтап алуларына уақыт береді де, суретті тақтадан алып тастайды.
Балалар кемпірқосақты салып болғаннан кейін, мұғалім суретті тақтаға іледі. Балалар өз суреттерімен салыстырады. Суреттер салынып, салыстырылғаннан кейін, мұғалім кемпірқосақтың түстерін көрсете отырып сұрайды. What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді.
Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.
2. «At the Zoo» ойыны.
Мақсаты:can модальді етістігінің қолданылуын үйрету.
Ойынға қажет құралдар: әр түрлі партаға қойылған ойыншық аңдар.
Ойын барысы: оқушылардың біреуі – экскурсовод, қалғандары жануарлар саябағына келушілер. Мысалы, балалар аюдың қасына барады.
Экскурсовод: This is a bear. It can run and jump. It can swim and climb trees but it can’t fly.
Келушілер: Can it hop?
Экскурсовод:No, it can’t.
Cосын басқа оқушы экскурсовод болады да, ойын ары қарай жалғасады.
Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.
3. Жазуға үйрету ойыны.
Мұғалім тақтаға қандай да бір сөзді жазады, мысалы:schoolchildren. Осы сөздегі әріптерден сөз құрастыруы керек. Мәселен: schoolchildren: he, she, side, shoe, nose, ill, red, doll, line, child, school және т.б. Қай топ көп сөз құраса, сол топ жеңіске жетеді.
4. «Whose birthday is today?» ойыны.Мұғалім оқушыларға “One of you has a birthday today. Guess who she is”.
Оқушылар: What colour is her hair?
What colour are her eyes?
What is her nose like?
What is she wearing?
What is her hobby? – деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл ойын оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді.
Бастауыш буынға келетін болсақ, шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.
Мысалы, 5 сыныптағы «Тамақ» тақырыбына жаңа материалды бекіту кезінде «Артық сөзді тап» ойынын қолдануға болады.
Cheese rain
Hamburger bread
Pizza butter
Milk meat
Мұндай тапсырмалар оқушылардың өз ойын дәлелдеуге, абстрактілі ойлауға көмектеседі. 5-8 сыныптарда «Қай әріпті жоғалттым?», «Іздеп тап», «Түстерді айыр» ойындары тілдік, лексикалық, грамматикалық, фонетикалық ойындар ұйымдастыруға болады.
5 сыныпта фонетикалық ойындар қолданылады. Мысалы, «Естимін- Естімеймін» ойынын алатын болсақ ойын барысында оқушылар топқа бөлінеді.
Мұғалім сөздерді айтып отырады, оқушылар сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың кездесуіне орай шарт бойынша қолдарын немесе екі қолымен бірдей көрсетеді, мұғалім тақтаға ойнап тұрған балалардың қателерін жазып тұрады. Қатесі аз болған топ жеңімпаз атанады. Бұл ойын оқушылардың есту дағдысын қалыптастырады.
Сонымен бірге алфавитпен жұмыс істеуге арналған ойын. Мысалы, «Әріп қайда?» ойыны.
Мұғалім тақтаға бірнеше сөз жазып, солардың ішінен берілген әріп басқаша оқылатындай үш сөз табуды тапсырады. Кім бұрын тапса сол жеңімпаз.
Лексикалық ойындар. Мысалы, 3 сыныпта сан есімдерді өткен кезде «Сандар» ойыны ойналады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақтаның оң және сол жағына бірдей сандар жазылады. Мұғалім сандарды бірінен кейін бірін айтып отырады, ойыншылар сол сандарды тез тауып, сызып тастап отырады. Тапсырманы бірінші орындаған топ жеңіске жетеді. Ойын нәтижесінде балалардың сан есім туралы білімі қаншалықты меңгергені тексеріледі.
Грамматикалық ойындар. Мысалы, «Қимылдарды көрсету» ойынын қарастырайық. Ойыншылар жұп болып бірнеше топқа бөлінеді. Бір ойыншы мимикамен немесе понтомимамен бір қимылды көрсетеді, ал екіншісі етістіктерді қолдана отырып, бұл қимылды түсіндіруі керек. Мұндай ойындар нәтижесінде көбінесе, етістіктерді ауызша сөйлеуде тез қолдануға дағдыланады.
Ал дайындық тобында «Parts of the body» тақырыбын өткенде оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту үшін «Let’s fly» ойынын ойнатуға болады. Бұл ойында оқушылар орындарынан тұрып, қолдарын екі жаққа көтеріп құс тәрізді ұшады, бірге let's fly, fly, fly деп айтады. Мұғалім «nose» деген сөзді естігенде мұрындарын ұстау керек. Қателескен немесе сөзді білмеген оқушы ойыннан шығады. Сол сияқты «face, head, hand…». Ойын нәтижесінде оқушылар жаңа сөздерді тез меңгереді.
Бұл ойын арқылы оқушылардың білім сапасын қалыптастыруда:
1. Грамматиканы жақсы меңгереді;
2. Оқу мен жазу дағдыларын қалыптасырады;
3. Бала бойында тілді үйренуге деген талпыныс пайда болады;
4. Басқа елдің мәдениетіне, өміріне деген қызығушылығы туады;
5. Сөздерді дұрыс айтуға ұмтылады.
1. «What is missing»
Мақсаты: Лексикалық бірліктерін еске сақтауға арналған ойын.
Тақтада ойыншықтардың суреттері ілулі тұрады. Бірінші балалар барлық берілген суреттерді қарап алады, содан кейін бұрылып, көздерін жабады. Мұғалім бір ойыншықтың суретін алып тастайды. Балалар жоғалған ойыншықтың атауын атау керек.
2.«Collect the pictures»
Мақсаты: Ойлау қабілетін және қол маторикасын дамыту.
Балаларға «Ойыншықтар» тақырыбына суреттердің қиылған бөлшектері беріледі. Балалар бөлшектерді құрастырып, олардың ағылшын атауларын атау керек.
3. «Magic box»
Мақсаты: Қиял, ойлау, сипап сезім қабілеттерін дамыту
Балалардың алдарында сиқырлы қорап қойылады, оның ішінде тақырыпқа берілген заттар жатады. Балалар шеңбер бойымен тұрып, «What’s this?» сұрақ қояды, ал қораптың ішіне қолынды салған бала, не екенін анықтайды, «This is…» сөз тіркесімен жауап береді.
4. «What can it do?»
Мақсаты: модальді етістігін «can» басқа етістіктерімен байланыстырып, қолданыста машықтандыру.
Балаларға тірек – сызбалар карточкалар ретінде беріледі. Балалар оларды дұрыс орындарына қойп, сөйлем құрастыру керек. Мысалы:It can jump. It can run.
5. «Give me…»
Мақсаты: «Give me…» сөз тіркесін қолданысқа енгізу.
Балалардың алдарында ойыншықтардың түрлері тұрады. Әр балаға бір ойыншықтың ағылшын атауын «Give me…» сөз тіркесімен айтылады, сол бала аталған сайкес ойыншықты алып беру керек. Мысалы: Give me a bear. (hare, dog, frog, car, star, doll, ball.) Сол бала әрі қарай ойынды жүргізеді.
6. «find and collect»
Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту.
Балаларға ассоциация суреттері беріледі, сайкес мамандықтарға жинап құрастырады, мамандықтарын ағылшын атауларын атайды.
7. «Show me!»
Мақсаты: Есте сақтау, фонематикалық қабілеттерін және шапшаң ойлауды дамыту.
Балалардың алдарында маманды түрлерінің карточкалары жатады. Кім қандай жұмысты атқаратынына сайкес карточканы көтеріп көрсету керек.
8. « My future profession is...»
Мақсаты: Сөздік қорларын молайту.
Балаларға тақтады « My future profession is...» сөз тіркесінің тірек – суреттері беріледі. Әр бала бірінші өз ана тілінде болашақта кім болатынын айтып, содан кейін тақтада тірек – суреттерді пайдаланып, сөйлемдерді ағылшын тілінде айтады.
9. «What you see?»
Мақсаты: Жаңа лексикалық бірліктерімен таныстыру.
Балалардың алдарында «Тағамдар» тақырыбына байланысты жаңа тілдік бірліктерінің суреттері ілінеді. Оларды алдымен бірнеше рет айтып, қайталайды. Содан кейін балаларға «What you see?» сұрақ қойылады, ал балалар «I see…» сөз тіркесімен жауап беру керек.
10. «Is it a...(meet)?»
Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту және Yes it is/No it isn’t гр. құрылымдарын қолданысқа енгізу.
Балалар шеңбер бойымен тұрады.Әуен қосылады.Әуенімен доп шеңбер бойымен жүргізіледі. Әуен тоқтатылады.кімнің қолында доп қалса, соған сұрақ қойылады «Is it a...(meet)?» Yes it is/No it isn’t гр. құрылыммен жауап береді.
11. «What do you like?»
Мақсаты: «I like \ I don’t like» гр. құрылымды машықтандыру.
Балалардың алдарында тағамдардың мүсінділер беріледі, кезекпен бір-бірден ұнайтын және ұнатпайтын жемісті алып,“I like \ I don’t like” – деп айтады.
12. «Swap places!»
Мақсаты: Фонематикалқ қабілетін дамту.
Балалар шеңбер бойымен орындықтарды қойып, отырады. Қолдарына бір – бір тағамдардың неме жемістердің карточка таратылад. Мұғалім бір тағамның атауын атайды, аталған жемістер немесе тағамдар тұрып орындарын ауысады.
13. «Likes and dislikes»
Мақсаты: «I like \ I don’t like» гр. құрылымды бекіту.
Балаларға жан-жақтан жабыстырған көкөністердің суреттерімен текше беріледі. Оны балалар кезекпен лақтыру арқылы көкөністердің атауларын атап, ұнататынын немесе ұнатпағанын«I like \ I don’t like» грамматикалқ құрлымды қолданып, айтады.
14. «Eatable - uneatable»
Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту
Балалар шеңбер бойымен тұрады. Кезек – кезкпен мұғалім допты лақытырып, бір жейітн немесе жеуге жараматн заттың атауларын атайды. Ал балалар шапшаң ойлап, допты ұстап алу немесе допты лақтыру керек.
15. «Basket with fruits and vegetables»
Мақсаты: Жемістерд көкөністерден ажыратуға үйрету.
Балалар екі топқа бөлінеді бірінші топ жемістерді сайкес себетке теріп жинау керек. Ал екінші топ көкөністердіжинайды. Қысқа әуен қосылады, Содан кейін әр топ өздерін тексереді, жинаған жемістердің ағылшын атауларын атайды.
16. «Clap or shake»
Мақсаты: Фонематикалық қабілетін және шапшаң ойлауды дамыту.
Балаларға жануарлардың атауларын атайды. Егере үй жануардың атауын естісе қолдарын шапалақтайды, ал егер дала жануардың атауын естісе, бастарын шайқайды.
17. «Name the animals»
Мақсаты: Сөз қорларын молайту.
Тақтада балалардың алдарында бір жануарлардың суреттері ілінеді. Балалар атауын атап, содан кейін тағы бір сурет қосылады, солай ойын арқарай жүргізіледі. Барлық суреттерді атап болғанан кейін суреттер бір бірден атап алынады.
18. «Who says it?»
Мақсаты: Фонематикалық қабілетін және пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Балалар үнтаспадан жануарлардың дыбыстарын тыңдайды. Мұғалім «Who says it?» сұрақты қойып сұрайды « is it…» балаларды шаттастырады. Ал балалар қай жануар екенін анықтап атау керек.
19. «Fined their mother!»
Мақсаты: Ойлау қабілетін және сөздік қорларын молайту.
Балаларға үй және дала жануарлардың төлдері араластырып таратылады. Балалар әр төлдің анасын тауып, оның ағылшын атауын атау керек.
20. «What dosen`t belong?»
Мақсаты:Ойлау қабілетін дамыту, үй және дала жануарлардан ажыратуды машықтандыру.
Балаларға 5 түрі жануарлардың суреттері карточка ретінде беріледі. Олардың ішінде артық жануарды анықтап, атау керек. Неге артық екенін дәлелдейу керек.