Қазақстан Республикасы оқу және ағарту министрлігі


Ағылшын тілін оқытуда дидактикалық ойындарды тиімді қолдану жолдарының педагогикалық шарттарымен бағыттары



бет3/7
Дата24.04.2023
өлшемі89,24 Kb.
#86301
1   2   3   4   5   6   7
1.2 Ағылшын тілін оқытуда дидактикалық ойындарды тиімді қолдану жолдарының педагогикалық шарттарымен бағыттары.
Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдықформаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.

Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымыФ.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.


Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, «Қорқыт ата кітабында», ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды.
Қожа Ахмет Йасауиадамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі «Кодекс Куманикус» сөздігі менМахмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп.
Ал, Жүсіп Баласағұни, Иүгінеки Ахмед, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлы болатын.
Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым – Ы.Алтынсарин.
Оның мақалалары мен хаттарында, «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық», т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. XX ғасырдыңбасында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік «Баяншы» кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады.

Кейін оқыту теориясымен айналысқан педагог ғалымдар (Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.


Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді.
Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.
«Тілдік дидактикалық ойындардың ұйымдастырып өткізудің маңызы»
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» -деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.
Дидактикалық ойындар және олардың түрлері
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1. Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино», т.б.
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Өз іс тәжіребиемде мен балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретемін.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:


-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдаланамын.
Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін, тіл дамыту сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдаланамын, ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдап аламын. Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс пайдаланамын.
Ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық материалдарды пайдалану.
Ағылшын тілін игеру процесінде тұлғаны тәрбиелеу.
Алдына қойылған сұрауға немесе тапсырманы орындауға (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдыландыру.
Логикалықойлаудыжәнесөздікқорынтолықтыру.
Оқыту үрдісін нығайтуда, оқушылар білімін тереңдетуде дидактикалық тапсырмалардың алатын орны ерекше. Дидактикалық тапсырмалар арқылы пәннің мазмұндылығын арттыруға, оқушыға жаңа білім беруге, алған білімін жүйелеуге, пысықтауға, қорытындылауға болады.

Ауызша сұрақ – жауаптан айырмашылығы – дидактикалық карточкалар арқылы бір мезгілде бірнеше оқушы қамтылып, сынып оқушыларының зерігуіне жол берілмейді. Тарау немесе бөлім бойынша құрастырылған дидактикалық тапсырмалар бірнеше тақырыпты, бірнеше ұғымды бір – бірімен байланыстырып, оқушының тарау бойында алған білімін жүйелеп, қорытындылауына мүмкіндік береді. Сондай - ақ, дидактикалық карточкаларда тапсырмалар көбіне көрнекті кескінделеді /сызбасы беріледі немесе түрлі түспен жазылады, т. б./ де, білімді қабылдауға, жүйелеуге есіту анализаторымен бірге көру анализаторы да қатысады, бұл – оқушының ойлау үрдісін, есте сақтау үрдісін арттыра түседі.


Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын оятуда шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық тапсырмалар мен ойындар, танымдық жаттығулардың алатын орны ерекше екені белгілі. Себебі бұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың дербес ойлануына, тұжырым жасауына мүмкіндік беретін өз білімін тексеру және өзара жарысу элементтері бар. Оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып әр түрлі сөзжұмбақтар шешу, дидактикалық тапсырмалар орындау барысында оқушылар өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
Сонымен қатар бүгінгі таңдағы өзекті мәселе ақпараттандыру болса, біз де соған бейімделе отырып компьютерді тиімді пайдалана білдік. Компьютерде «Дидактикалық материалдар» папкасын құрдық.
Оқушылар сабақтан тыс уақытта папканы ашып, қажетті сыныпты, тақырыпты таңдап, тапсырманы орындай алады. Мұғалім қажет уақытта оқушының жұмысын бағалай алады. Бұл сабақ уақытын үнемдеп, тиімді пайдалануға ыңғайлы.
Сондай - ақ мұндай дидактикалық материалдарды кез келген технологияда жұмыс істейтін мұғалім пайдалана алады.
Сонымен оқушылардың теориялық білімдерін тереңдетуде, тілін ширатуда, сөздік қорын молайтуда, жаңа сөздердің сырын ұғуға икемдеуде осы дидактикалық материалдардың маңызы зор.
Ағылшын тілімен енді ғана таныса бастаған 5 - сынып оқушылары үшін әрбір жаңа сөз – жаңа білім. Төмендегі дидактикалық тапсырмалар ағылшын тілінің әліпбиін, сандарын жете меңгеруге арналған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет