Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай Қазақстан өз даму жолында жаңа нарыкқа ену босағасында тұр



бет9/24
Дата11.04.2022
өлшемі391,5 Kb.
#30588
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Дип.-тейлериоз-індетімен-күресу

III.Тіршілік қауіпсіздігі
3.1 Кіріспе
Бүкіл жер бетінде, оның ішінде республикамызда да жыл өткен сайын адамның өмір сүру ортасының жағдайы қиындап, осы мәселелер күрделеніп келеді.

Апаттар көбейді, адамдар өміріне тікелей қауіп төндіретін қылмыстар азаймай отыр. Жер шарында, сол сияқты республикамызда да, экология нашарлады.Адамдардың жарақат алуы көбейіп келеді, жыл сайын жүздеген адамдар қаза болып, мыңдағаны жарақат алып, мүгедек болып жатыр.

Міне, осы қиын жағдайлардың салдарын адамзат өздері-ақ азайтуына болады. Ол үшін сақтық және өмір-тіршілік қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын күнделікті орындап отыру керек. Адам шығынының болып жататындығының бір себебі, олардың алған жарақатының аурлығы емес, дер кезінде және алғашқы дәрігерлік көмекті корсете білмеуде де болып тұр.

Қазақстан Республикасының әлеументтік саясатының бірден бір негізгісі, еңбекті қауіпсіз ұйымдастыру болып табылады. "Еңбекті қорғау" - құқықтық, техникалық, санитарлық және ұйымдастырушылық жүйесі болып табылады. Ол негізінен еңбектің қауіпсіз болуына бағытталған.

Қазақстан Республикасының Кониституциясында "Еңбекті қорғау" нормативтері бойынша бір қатар заңдар қабылданған.

1. 24.02.2004 ж. Жарияланған Қазақстан Республикасының "Еңбек қауіпсіздігі және еңбеті қорғау туралы" заңы. Бұл заң жұмысшылардың қауіпсіз еңбек етуінің құқықтық жағын қарастырған. Бұл заң өнеркәсіптегі қауіпті жағдайлар мен денсаулықтың нашарлауын алдын-алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізі болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының "Өрт қауіпсіздігі" заңы 22 қараша 1996 ж. жарияланған. "Бұл заң мемлекеттік өндірістің құқықтық түрлеріне қарамастан қатынасын реттейді. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі адам денсаулығы мен өмірін, мемлекеттік байлықты және қоршаған ортаны сақтауда мемлекеттік жұмыстардың бірден-бір бөлігі болып есептеледі.

3. ҚР "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі" туралы заңы 1998 жылдың 23 сәуірінде жарияланған. Осы заң халықтың денсаулығын зияндаушы сәулелендірудің зиянды әсерінен қорғау мақсатында оның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

4. ҚР "Еңбек туралы" заңы 1999 жылдың 10 желтоқсанында жарияланған. Осы заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына кониституциялық құқығын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейді.

5. ҚР Атом энергиясын пайдалану туралы заңы 1997 жылдың 14 сәуірінде жарияланды. Осы заң атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған.

6. Өнеркәсіптің түрлі салаларында пайдаланатын еңбек процесіне қатысты жылдар бойынша шыққан санитарлық нормалар, ережелер, стандарттар жинақтары.

"Еңбекті қорғау" курсы еңбекті қорғау шараларын қарастырып ғылыми тұрғысынан негізделген әлеуметтік - техникалық пән болып табылады және келесі бөлімдерден тұрады: еңбекті қорғау заңдылықтар негізі; қауіпсіз техникасының негізі; өнеркәсіптердегі өндірістік және еңбек гигиенасы; өрт және электр қауіпсіздігінің негізі.

Төтенше жағдай - адамдардың өліміне, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық объектілеріне зардаптарға, маңызды материалды шығындарға және тұрғындардың тіршілік әрекеті мен жағдайларының бұзылуына әкеліп соқтыратын апаттар, ауыртпалықтар немесе қирау нәтижелерінде пайда болған белгілі бір территориядағы жағдай.

Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ сақтандыру бойынша шараларға мыналар жатады:

- ТЖ пайда болуына әкелетін аппаттардың қауіпі туралы хабарлар және

болжау, жағдайды бақылау, ғылыми зерттеу;

- тұрғындарды мен мамандарды оқыту, білімдерді насихаттау, ТЖ

саласындағы сақтық шаралар.

ТЖ бойынша бөлімнің территориялық тобы ТЖ бойынша министрлігінің талабы бойынша ТЖ орнына тез әсер ету және дислокация үшін арналған.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар деп адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады. Оның түрлері:

- өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыттарда, шахталарда

және т.с.с);

- көлік жүйесіндегі апаттар;

- түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орындарында, мұнай, газ

құбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет