3.4.Жобаланатын өндірісті қауіп-қатер дәрежесімен топтастыру.
Жобаланған ауылшаруашылық кәсіпорындарын, ғимараттар мен басқа құрылыстарды келешегі бар елді мекендердің өндірістік аймақтарына салу керек. Құрылыс салу үшін жер таңдауды ұйымдастыру, қажетті материалдар дайындаумен белгіленген жобалық шешімдерге толық келісімнің барлығына жобаға заказ беруші жауап береді.
Жерге қойылатын талап; Таңдап алынған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аймағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және желдетіліп тұратын, сондай-ақ, Осындай орында қатты желден, құм дауылынан және қарлы бораннан қорғанған болуы керек. Таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кемінде 5м тереңдікте болғаны жөн. Сонымен бірге ол жер санитарлық талаптарға сай кемінде 5м ал су қысымымен шығатын қабаты 12 метрден артық тереңдікте орналасқан және ауыз суы жеткілікті болу керек. Ветеринарлық-санитариялық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда құрылыс салу үшін жерге қойылатын басты талап ол жерден бұрын жұқпалы аурулардың болмағандығы.
Достарыңызбен бөлісу: |