3.5. Санитарлық-техникалық қауіпсіздік бойынша шаралар.
Өндірістік жұмыс орнындағы микроклимат өлшемдері технологиялық процестің жылу физикалық ерекшеліктеріне, жылу жағдайына, желдеткішке сонымен қатар жыл мезгілдеріне, климатқа байланысты. Өндірістегі микроклиматтық жағымсыз әсерімен күрес технологиялық, санитарлы-техникалық, дәрігерлік-профилакториялық шаралар бойынша жүргізіледі. Жоғары температурадағы инфрақызыл сәулелердің әсерінен мынадай технологиялық шаралар қолданылады: ескі технологиялық процесті жаңасымен ауыстыру, басқару ара қашықтықтарын сақтау.
Жылу таралуының төмендетудің мынадай түрлері бар: жылу тасымалдайтын бу-газ құбырлары, жылу сақтайтын (теплоизоляционный) материалдармен қаптау; құрал-жабдықтардың герметизациясы (ауа шығаруы); жылу жұтатын жылу айдайтын экрандар пайдалану; желдеткіш системаларын пайдалану; қорғауды жекеленген заттарын пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |