Терминдермен анықтамалар: Саяси жүйе, саяси функциялар, мемлекеттік қызмет, саяси билікті ұйымдастыратын мемлекеттік саяси инсттуттар.
Дәрістің топтама-тәсімі: Қоғамның саяси жүйесі - бұл нақты саяси функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Бұндай институттарға мыналар жатады: мемлекет, партиялар, кәсіподақтар және ядросы билікті басып алу, ұстап қалу және пайдалану болып табылатын қоғамдық өмірдің сол сферасына қатысатын кәсіподақтар мен басқа да ұйымдар мен қозғалыстар. Саяси жүйе ішкі және сыртқы саясатты жүргізуге ықпалын тигізеді, әлеуметтік жіктердің мүдделерін қалыптастырады, көрсетеді және қорғайды.
Саяси жүйелердің түрлері: пайда болған қандай да бір әлеуметтік ортасының сипатына қарай тоталитарлық, либеральды-демократиялық және аралас саяси жүйелерге бөлінеді; өзара әрекет ету сипаты бойынша - ашық және жабық саяси жүйелерге бөлінеді. ҚР қазіргі уақытта саяси жүйесі демократиялық болып табылады.
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі. Мемлекет саяси жүйеге саяси, территориялық (аумақтық), құрылымдық бірлестік ретінде кіреді және өз функцияларын басқа да әлеуметтік инстиуттармен, партиялармен, кәсіподақтармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші орын алады.
Әдетте, саяси жүйені, бірлесіп әрекет ететін номалар, идеялар және соларға негізделген саяси институттар, мекемелер және саяси билікті ұйымдастыратын әрекеттер жиынтығы, азаматтар мен мемлекеттердің өз ара байланысы ретінде қарастырады.
Саяси жүйе мемлекеттің Конституциясымен белгіленеді. ҚР-ң Конституциясы (5 бабында) саяси жүйенің элементтерінің өзара және мемлекетпен қарым-қатынасын, мемлекеттің саяси жүйедегі орталық орнын (5 бап) және принциптерін (1 бап) белгілейді.
Мемлекеттің саяси жүйедегі негізгі ролі оған тән белгілермен байланысады. Ондай белгілерге Конституцияда белгіленген мемлекеттік билік, биліктің егемендігі (2, 3 баптар) тағы басқалары жатады.Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді, халқымыздың әр түрлі топтарының мүддесін қорғайды. Саяси жүйемен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының ерекшеліктері мемлекет пен адамдардың қарым-қатынасының ерекшеліктеріне негізделеді, өйткені саяси жүйенің орталығы – мемлекет, заматтың, қоғамның отралығы – адам. ҚР-ң Конституциясының 1 бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Қоғамның саяси жүйесін саяси функциялар атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттар құрайды. Мұндай институттарға мемлекет, партиялар, кәсіби одақтар және тағы басқа ұйымдар мен қоғамдар жатады. Олардың бәрінің ортақ мақсаты – мемлекеттік билікке қол жеткізу.
№4 дәрістің тақырыбы:Қазақстан тәуелсіздігін жариялау және мемлекеттік құрылыс