Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы


"Қазақстан-2030 стратегиясы” және саяси-қоғамдық дамудың жоспарлы жүйесі



бет17/43
Дата10.03.2023
өлшемі0,88 Mb.
#73112
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
Байланысты:
ҚР сыртқы саясат

"Қазақстан-2030 стратегиясы” және саяси-қоғамдық дамудың жоспарлы жүйесі 1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды [42]. Қаралған мәселелер:
1.Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
2.Реформаларды аяқтау.
3.Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. "Қазақстан барысын” қалыптастыру. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:
1.Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
2.Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.
3.Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру.
5.Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
6.Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.
7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру. Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.

6 дәрістің тақырыбы: Қазақстан Республикасының Үкіметі


Терминдер мен анықтамалар: Үкіметтік билік органдарының тарихи атаулары. ҚР Үкіметі қызметі мен міндеттері.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстандағы жоғары атқарушы билiк органы.
1917—19 жж. Алаш Орда
1920—24 жж. Қырғыз (қазақ) АКСР Халық Комиссарлары Советi (Халкомсов),
1925—36 жж. Қазақ АКСР Халкомсов,
1936—46 жж. Қазақ КСР Халкомсов,
1946—91 жж. ҚазКСРМинистрлерКабинетідепаталды
Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.
Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясындакөзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiметбасшысыболыптабылады. Премьер-МинистрдiПарламенттiңкелiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт.атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. Атқарушы органдар құрайды.
Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.

7 дәрістің тақырыбы: Қазақстан Республикасының Үкіметінің құзыреті, актілері, есептілігі және жауапкершілігі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет