Қазақстан республикасы тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы


Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



бет10/12
Дата09.05.2022
өлшемі141,54 Kb.
#33807
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
prikaz ministra rk ob utverjdenii rk (1)

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) 5 бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ЖОО) мынадай түрлері: ұлттық зерттеу университеттері, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, зерттеу университеттері, университеттер, академиялар, институттар және оларға теңестiрiлген (консерватория) ұйымдары ұсынады.

      3. ЖОО міндеті – ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау.

      4. Жоғары оқу орны өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы", 2011 жылғы 18 ақпандағы "Ғылым туралы", 2015 жылғы 31 қазандағы "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, білім беру және ғылыми қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидалар мен жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

      Әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі – ӘАОО) өз қызметін "Білім туралы" Заңның 5-1-бабынасәйкес бекітілетін нормативтік құқықтық актілердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет