Қазақстан республикасы тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы


-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі



бет11/12
Дата09.05.2022
өлшемі141,54 Kb.
#33807
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
prikaz ministra rk ob utverjdenii rk (1)

2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

     


5. ЖОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және ЖОО жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалық қағидаттарында жүзеге асырылады.

      ӘАОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, ӘАОО қызметінің қағидаларына, ӘАОО жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. ЖОО-да басқару органдары ретінде олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына және меншік нысанына байланысты байқау кеңестері немесе директорлар кеңесі немесе құрылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де басқару органдары болып табылады.

      Білім беру ұйымын алқалы басқару нысандары кеңес (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік), кеңестер және құрылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандар болып табылады.

      Басқару органдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ЖОО ішкі ережелерімен регламенттеледі.

      7. ЖОО-лар өздерінің даму стратегияларын және (немесе) даму бағдарламаларын және (немесе) даму жоспарларын әзірлейді.

      8. ЖОО қызметін тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ЖОО ректоры (басшысы) жүзеге асырады.

      9. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанындағы ЖОО-да байқау кеңестері тиісті саланың уәкілетті органының ЖОО ректорын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу туралы ұсыныстарды келіседі.

      10. ЖОО проректорларын тағайындау, олардың саны және лауазымдық өкілеттіліктері ЖОО-ның ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

      ӘАОО-да Қазақстан Республикасының қолданыстағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес тағайындалатын басшының орынбасарлары болады.

      11. ЖОО ректоры (басшысы) ЖОО атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүдделерін білдіреді, заңнамада белгіленген тәртіппен ЖОО мүлкін басқарады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады.

      12. ЖОО ректоры (басшысы) алқалы басқару қағидаттарында жоғары оқу орнын басқаруды жүзеге асырады, білім алушылардың даярлық сапасын, "Білім туралы" Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарының сақталуын, қаржылық тәртіптің, шарт талаптарында көзделген ЖОО қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен білім алушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      13. ЖОО ректоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. ӘАОО-да басшы Қазақстан Республикасының қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен аттестаттаудан өтеді.

     


14. ЖОО ректорлары жыл сайын стратегиялық даму және даму жоспары бойынша басқару органдары алдында есеп береді.

      ЖОО-ның қаржылық есебі алдын ала басқару органдарымен келісіледі.

      15. ЖОО-ның адами ресурстарын (қызметкерлерін) басқару оның кадрлық саясатына сәйкес жүзеге асырылады, қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіппен ол рекрутингті, басқару кадрларды, педагогикалық және ғылыми қызметкерлерді даярлау және біліктіліктерін арттыруды қамтитын адами ресурстарды дамыту қағидаттарына негізделеді.

      16. ЖОО жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлер кандидатураларына қойылатын талаптарды "Білім туралы" Заңның 43-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметкерлер лауазымдарың біліктілік сипаттамаларын анықтау арқылы белгілейді.

      ЖОО дәрістердің оқуын ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылыми атақтары (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор), сондай-ақ тиісті ғылымдар бойынша магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылармен және (немесе) аға оқытушылармен қамтамасыз етеді.

      Дәрістерді оқуға және (немесе) басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе тәжірибелі мамандар тартылады.

      Бұл ретте, базалық білімнің немесе ғылыми дәрежелердің немесе ғылыми атақтардың оқытатын пәндердің бейініне сәйкес келуі міндетті емес болып табылады және ЖОО-ны реттейді.

      Дипломдық жұмыстарға (жобаларға), кәсіптік практикаға жетекшілікті осы жұмыстарға сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар оқытушылар, практик-мамандар жүзеге асырады.

      ӘАОО-ны қоспағанда, магистрлік диссертацияларға (жобаларға), докторлық диссертацияларға, ғылыми тағылымдамаларға, зерттеу практикаларға жетекшілікті ғылым докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және (немесе) философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылыми атақтары (қауымдастырылған профессор (доцент) профессор бар және ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын оқытушылар және (немесе) білім алушының оқу қызметінің осы түрлерінің бейініне сәйкес болатын ғылыми жарияланымдары бар ғылыми қызметкерлер, практик-мамандар жүзеге асырады.

      ӘАОО-да дәріс сабақтарын өткізуге, білім алушылардың дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік етуге "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес бекітілген Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында айқындалған мамандар жіберіледі.

      17. ЖОО профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

      ӘАОО-ның профессор-оқытушылар құрамын лауазымға тағайындау тәртібі "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес айқындалады.

      18. ЖОО өз құрылымын құрайды және бекітеді. Бұл ретте құрылымдық бөлімшелер ЖОО қызметінің барлық бағыттары мен түрлерін қамтиды.

      Камерциалық емес акционерлік қоғам нысанында құрылған ЖОО-да академиялық құрылымдық бөлімшелерді құру және тарату туралы шешімді қабылдау директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

     

ӘАОО құрылымын "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженiң 4-бабының 16-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 9-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 11-бабының 5) тармақшасына сәйкес айқындалады.

      19. ЖОО құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді.

      20. Штаттық кестені ЖОО айқындайды және оны жыл сайын ректор бекітеді.

      КеАҚ нысанында құрылған ЖОО-да штаттық кестені бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

      ӘАОО-да штаттық кестені тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

      21. ЖОО оқу жүктемесі нормаларын, еңбекке ақы төлеу нысандары мен мөлшерлерін белгілейді.

      ӘАОО-да қызметкерлердің оқу жүктемесі нормалары, еңбекке ақы төлеу нысандары мен мөлшерлері қолданыстағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      22. ЖОО-ның білім беру қызметі академиялық саясат негізінде жүзеге асырылады, ол білім беру қызметін жоспарлау мен басқару және студентке бағдарланған оқытуды іске асыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған оқу процесін тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар, қағидалар және рәсімдер жүйесін білдіреді.

      23. Академиялық саясат ЖОО-ның алдында тұрған басымдықтар мен міндеттерді ескере отырып, білім саласындағы қолданыстағы заңнама негізінде әзірленеді.

      Академиялық саясаттың құрылымы мен бағыттарын ЖОО айқындайды.

      24. ЖОО-да оқу жылы 1 қыркүйекте басталады және академиялық күнтізбеге сәйкес аяқталады.

      ӘАОО-дағы оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайды.

      25. Білім алушыларды қабылдау үшін ЖОО "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ЖОО-ға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

      ӘАОО-ға білім алушыларды қабылдау "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген Тиісті деңгейдің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдаудың қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      ЖОО білім алушыларды қабылдағаннан кейін және білім туралы құжаттарды беруден кейін бір ай ішінде осы ақпаратты білім беру саласындағы уәкілетті органға жолдайды және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      ЖОО білім туралы берілген құжаттар бойынша электрондық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және білім туралы құжаттардың, оның ішінде бұрын берілген құжаттардың электрондық базасын (архивін) құрайды.

      Осы тармақта көрсетілген нормалар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарына таратылмайды.

      

26. ӘАОО-ны, медицина ЖОО-ларын, мәдениет және өнер саласындағы ЖОО-ларды, сондай-ақ білім алушылардың саны мемлекеттік білім беру тапсырысымен айқындалатын ЖОО-ларды қоспағанда, оқу процесін тиімді ұйымдастыру, білім беру қызметіне тартылған материалдық активтер мен ресурстарды ұтымды пайдалану үшін күндізгі оқу нысанының білім алушыларының ең аз контингенті академияларда, институттарда және оларға теңестірілген ЖОО-да (консерваторияларда) кемінде 1000 адамды; университеттерде кемінде 3000 адамды құрайды.



      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 09.01.2019 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. ЖОО жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерлерін және білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын бекітеді.

      КеАҚ нысанында құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерлерін бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

      28. ЖОО-ның білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      ӘАОО-ның білім беру қызметі "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындары қызметінің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      29. ЖОО оқытудың жаңа, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологияларын (бұдан әрі - ҚОТ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес енгізеді.

      30. ЖОО оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт нормаларын, оқу жұмысы, оқыту технологиялары арасында, оның ішінде ҚОТ пайдаланумен уақыт көлемінің арасалмағын анықтайды.

      31. Білім алушылардың жазбаша жұмыстарының барлық түрлері плагиатты тексеру үшін тексерістен өтеді. Плагиатты тексеру қағидасы мен тәртібін ЖОО бекітеді.

      32. ЖОО оқытушысы білім беру бағдарламалары және оқу бағдарламалары (силлабус) негізінде оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу тәсілдері мен нысандарын, оқыту әдістерін таңдау еркіндігіне ие.

      33. ЖОО осы қағидаларының нормаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

      Бұл ретте білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру және қайта қабылдау жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, білім алушы кез келген ЖОО-ға қайта қабылдау кезінде оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан ауыстырылады немесе қайта қабылданады.

     
Егер ЖОО білім алушы жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, ол оқудан шығарылғаннан кейін ғана ауыстырылады және қайта қабылданады.

      Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру "Білім туралы" Заңның 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып, өз қалауынша басқа ЖОО-ға ауысады.

      Білім алушының ауысуы кезінде қабылдайтын ЖОО даярлау бағытын және білім беру бағдарламасының бейінін, сондай-ақ білім алушының оқу жетістіктерін ескереді.

      Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауысады.

      Студенттерді, магистранттарды, резидентура тыңдаушыларын және докторанттарды басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ғa ауыстыру білім алушылардың білім беру грантының құнындағы айырмашылығын қосымша төлеу шартымен жүзеге асырылады.

      Шығармашылық даярлықты қажет ететін білім беру бағдарламалар тобынан басқа білім беру бағдарламалар тобына білім алушының ауысуы "Білім туралы" Заңының 5-баптың 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 4-тармағына сәйкес белгіленген өту балынан төмен емес балы бар ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының болған жағдайда жүзезе асырылады.

      ӘАОО-да білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидалары "Білім туралы" Заңының 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес бекітіледі.

      34. Білім алушыға академиялық демалыс сырқаты бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде, босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алынған 3 жасқа толғанға дейін беріледі.

      Білім алушыларға академиялық демалыс беру тәртібін ЖОО анықтайды.

      35. ЖОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 болып тіркелген) Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.

      ӘАОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.

      36. Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында ЖОО еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі (ESG-исиджи) стандарттар мен жоғары білім сапасын қамтамасыз ету нұсқаулығына негізделген сапаны іштей қамтамасыз етудің жүйесін құрады, ол мыналарды қамтиды:

     


1) сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат;

      2) бағдарламаларды әзірлеу мен бекіту;

      3) студентке бағдарланған оқыту, сабақ беру және бағалау;

      4) білім алушыларды қабылдау, олардың үлгерімі, тану және сертификаттау;

      5) оқытушылар құрамы;

      6) оқу ресурстары және білім алушыларды қолдау жүйесі;

      7) ақпаратты басқару;

      8) жұртшылықты хабардар ету;

      9) тұрақты мониторинг және бағдарламаларды мерзімді бағалау;

      10) сыртқы мерзімді сапаны қамтамасыз ету.

      37. Академиялық адалдық оқыту процесінің қағидаты болып табылады және оны іске асыруды ЖОО қамтамасыз етеді.

      Академиялық адалдықтың қағидаттары мынадай:

      1) адалдық – білім алушылардың оқу жұмысының бағаланатын және бағаланбайтын түрлерін адал, әдепті орындау;

      2) автордың және оның мирасқорларының құқықтарын қорғауын жүзеге асыру – бөгде сөзді, ойды дұрыс тарату және бағаланатын жұмыстардағы ақпараттың дереккөздерін көрсету арқылы авторлықты растау және авторлық құқықтың объектісі болып табылатын шығармаларды қорғау;

      3) ашықтық – айқындық, өзара сенім білдіру, білім алышулар мен оқытушылар арасында ақпаратпен және идеялармен ашық бөлісу;

      4) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікірлер мен идеялардың бос айтылу құқығы;

      5) теңдік – әрбір білім алушы академиялық адалдық қағидаларын ұстануды және оларды бұзу үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді;

      38. Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалар үшін арнайы білім беру жағдайы жасалынады.

      39. Кәсіптік практика кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады.

      Кәсіптік практика оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алды деген түрлерге бөлінеді.

      ЖОО кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

      Кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарттың нысанын ЖОО өзінің академиялық саясатына сәйкес әзірлейді және бекітеді.

      Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны стандарттармен, оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен айқындалады.

      Білім алушылардың кәсіптік практиканы өткізу үшін базасы ретінде жарғылық қызметі мамандарды даярлаудың бейініне және білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін, кәсіптік практикаға жетекшілік етуді жүзеге асыру үшін білікті кадрлары және материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.

      ӘАОО-да кәсіптік практика мен тағылымдаманың барлық түрлері бойынша бағдарламаларды әзірлеу және бекіту тәртібі "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындары білім алушыларының кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен айқындалады.

     
40. Формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану "Білім туралы" Заңның 5-бабының 38-3) тармақшасына сәйкес бекітілген Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      41. Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін ЖОО-да тіркеу офисі құрылады.

      ӘАОО-да оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесі құрылады.

      42. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін ЖОО өзінің академиялық саясатына және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкілі және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша белгіленеді.

      Тілдер бойынша (шет тілі, қазақ, орыс) білім алушылардың оқудағы жетістіктері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Білім алушылардың шет тілдері бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың деңгейлік үлгіге және ECTS (иситиэс) дәстүрлі бағалар шәкілене сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

      Тілді меңгеру деңгейі жалпыеуропалық шет тілді меңгерудің құзыретіне (бұдан әрі - ОЕК) (А1, А2, В1, В2, С1, С2) сәйкес болады.

      43. Білім алушы ЖОО-дан келесі жағдайларда оқудан шығарылады:

      1) академиялық үлгермеушілігі;

      2) академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаныүшін;

      3) Ішкі тәртіп қағидалары мен ЖОО жарғысын бұзғаны үшін;

      4) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде ақылы негіздегі оқу құнын төлемеген жағдайда;

      5) өз еркімен.

      44. Білім алушы аралық аттестаттау кезінде оқу пәні (модуль) бойынша емтиханды екі реттен артық емес қайта тапсыруға жол беріледі.

      Үшінші рет "қанағаттанарлықсыз" бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағасын алғанда, білім алушы қаншалықты "қанағаттанарлықсыз" бағасын алуына қарамастан ЖОО-дан оқудан шығарылады және осы пәнге қайтадан жазылу мүмкіндігінен айырылады.

      Бұл ретте, білім алушы өз қалауынша басқа ЖОО-ға және (немесе) басқа білім беру бағдарламаға ауысады. Білім алушы өз қалауынша жалпы білім беретін пәндер циклінен басқа, "қанағаттанарлықсыз" бағасын алған пәні мазмұнында болмайтын басқа білім беру бағдарламасына ауысады.

      ЖОО-дан оқудан шығарылған білім алушыға ЖОО бірінші басшысы қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипт беріледі.

      Транскрипте білім алушы игерген барлық оқу пәндері және (немесе) қорытынды бақылау (емтихан) бойынша барлық алынған бағалар, оның ішінде "қанағаттанарлықсыз" бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағалары міндетті түрде жазылады.

     

45. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін ЖОО-да білім беру бағдарламалары немесе даярлау бағыттары бойынша аттестаттау комиссиясы құрылады және оның құрамын ЖОО белгілейді.



      ӘАОО-да қорытынды аттестаттауды өткізу үшін "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу қағидалары бойынша Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы құрылады.

      46. Аттестаттау комиссияның құзыретіне төмендегілер кіреді:

      1) білім беру бағдарламалары белгілеген талаптарға сай бітіруші мамандардың теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;

      2) бітірушіге тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "бакалавр", "магистр" дәрежесін тағайындау;

      3) кадрлар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

      47. Бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға немесе дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.

      48. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаларға кешенді емтиханды қайта тапсыруға, сондай-ақ диплом жұмысын (жобасын), магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.

      49. Қорытынды аттестаттаудан "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушы "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған" және "диплом жұмысын (жобасын) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғай алмаған" немесе "кешенді емтиханды тапсыра алмаған" деп бірінші басшының бұйрығымен ЖОО-дан оқудан шығарылады.

      ӘАОО-да қорытынды аттестаттаудан "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушы 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", 2012 жылғы 13 ақпандағы "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы", 2014 жылғы 23 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған" және "диплом жұмысын (жобасын) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғай алмаған" немесе "кешенді емтиханды тапсыра алмаған" деп ЖОО-дан оқудан шығарылады.

      50. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын игергенін растаған және қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға аттестаттау комиссияның шешімімен "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері немесе тиісті білім беру бағдарламасы бойынша біліктілік тағайындалады және бітіру туралы бұйрығының жарияланған күнінен бастап бес күн ішінде қосымшасы бар диплом тегін негізде беріледі.

      Дипломға (транскрипт) қосымшада барлық оқу пәні, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстары, кәсіптік практика түрлері, қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білімді бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.

      51. ЖОО білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекітеді.

      Коммерциалық емес акционерлік қоғам нысанында құрылған ЖОО-да білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

     
52. Емтихандарды А, А – "өте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орта балы 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді емтихан немесе диплом жұмысын (жобасын) А, А – "өте жақсы" деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.

      53. Докторлық диссертацияларды қорғауды ұйымдастыру мен өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      54. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын оқып бітірген бітірушілердің тізімі олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), білім беру бағдарламасы және берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып, білім беру ұйымының басшысы қол қойып, бітіру туралы бұйрық шыққаннан кейін бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

      55. ЖОО кадрларды даярлау бағыты бөлінісінде бітіру жылы ішінде бітірушілердің кемінде 50%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 09.01.2019 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. ЖОО-ның тәрбие қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль және адамгершілік, конфессияаралық толеранттылықтың құқықтық мәдениетін, сондай-ақ білім алушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

      ӘАОО-да тәрбие жұмысы "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындары қызметінің қағидаларында айқындалған қосымша жұмыс түрлерін қамтиды.

      57. Тәрбие қызметі білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының адами қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.

      ЖОО-да тәрбие жұмысы қазақстандық бірегейлік пен бірлік, "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы рухани-адамгершілік құндылықтары, салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне атымен төзбеушілік негізінде жүзеге асырылады.

      ЖОО білім алушылар өз еркімен құрған студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызмет етуін қамтамасыз етеді. Студенттік өзін-өзі басқару органдары студенттер құрамынан төрағаны және төраға орынбасарын тағайындайды және оларға білім алушылардың мүдделері жөніндегі мәселелерді талқылау кезінде ЖОО-ның алқалы басқару органның отырыстарына қатысуға рұқсат етіледі.

      58. ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыс қызмет түрлеріне сәйкес:

      1) іргелі, қолданбалы, іздеу (бастамашылық), ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, оның ішінде инновациялық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізуді;

     

2) тапсырыс бойынша, бөгде ұйымдармен жасалған шарттар бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруды;

      3) студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды;

      4) оқытудың инновациялық технологияларын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске енгізуді әзірлеуді;

      5) ӘАОО қоспағанда, зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыруды, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың тетігін құруды және ендіруді;

      6) зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғауды қамтиды.

      59. ЖОО халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жүзеге асырылады.

      ЖОО-лар шетелдік білім беру, ғылыми және мәдени ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстарды орнатады, ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасады, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысады, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше болады.

      Бұл ретте, ЖОО шет мемлекеттің мәдениетімен, дәстүрлерімен, тұрмыс-салттарымен және тілін игерумен байланысты қызметі бар шетелдік құрылымдық бөлімшелерді (институттарды, орталықтарды, кафедраларды және т.б.) ашу мәселесін білім беру саласындағы уәкілетті органмен келіседі.

      Білім беру саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша ЖОО халықаралық ынтымақтастықты іске асыру және шетелдік құрылымдық бөлімшелердің (институттардың, орталықтардың, кафедралардың) қызметі туралы есептерді жолдайды.

      ӘАОО-лар шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасады, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысады, тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше болады.

      60. ӘАОО халықаралық шарттар мен келісімшарттарға сәйкес шетелдік азаматтар қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асыруға құқылы.

      61. ЖОО-ның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.

      62. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді қамтиды.

      ЖОО-лар білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды оқу және оқу-әдістемелік әдебиетпен және (немесе) электрондық ресурстармен қамтамасыз етеді.

      63. ЖОО-ларда веб-сайтты, ақпараттық-білім беру порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ЖОО-ның жергілікті желілерінде орналасқан ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын және кең жолақты әрі жоғары жылдамдықты интернетке қосылған тармақталған компьютерлік желіні қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы құрылады.

     

64. Тиісті дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, өндірістік шеберханалардың, полигондардың, спорт залдарының және оның қызметін қамтамасыз ететін және оған меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі орынжайлардың болуы ЖОО қызметінің міндетті шарты болып табылады.

      65. Қаржылық ресурстар көздеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асырудан алынған қаражат көздері жатады.



      66. ЖОО қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемінде бөлінген бюджеттік қаражатты және бюджеттен тыс қаражатты жұмсайды.

 

Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары қызметінің үлгілік
қағидаларына
1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет