Ќазаќстан республикасы


Жұмыстың зерттелу деңгейі



бет4/26
Дата06.01.2022
өлшемі265 Kb.
#12778
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
20-жж адеби айтыстар

Жұмыстың зерттелу деңгейі.

Қазақ әдеби сынының өзекті мәселелері, әдіснамалық қырлары, даму бағыт-бағдары жаңа көзқарас тұрғысынан жазылған жаңа зерттеулерде әр қырынан қарастырылды. Т.Кәкішевтің «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» [1], С.Қирабаевтың «Шындық және шығарма» [2], «Әдебиеттің ақтаңдақ беттері» [3], М.Базарбаевтың «Замана тудырған әдебиет» [4], Р.Бердібайдың «Мұхтар шыңы» [5], Д.Ысқақұлының «Сынталқы» [6], Ж.Смағұловтың «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы» [7], С.Жұмағұловтың «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы» [8] атты ғылыми еңбектерде жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдеби сынының жай-күйі азды-көпті сөз болады.

Егемендік алуымызға байланысты әдебиеттанушы ғалымдар алдына ұлт-азаттық идеялары үшін зардап шеккен қаламгерлердің шығармашылықтарын жаңа көзқарас тұрғысынан зерртеу міндеті қойылды. Осы тұрғыда С.Қирабаевтың, Р.Нұрғалидың, Ш.Елеукеновтың, Ш.Сәтбаеваның, М.Әбсеметовтың, Б.Әбдіғазиевтің, Т.Жұртбайдың, Р.Тұрысбектің, Б.Қанарбаеваның, Д.Қамзабекұлының еңбектерін атауға болады. Сонымен қатар, сынның тарихы, теориясы, кейбір сыншылардың өмірі мен сыншылық қызметтері туралы докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалып, ғылыми айналымға түсіп келеді. Жиырмасыншы жылдар қазақ әдеби сынының тарихындағы жаңа кезең болды. Жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиеті қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет өкілдері туралы қызу пікірлер басылым беттерінде үзіліссіз жарияланып отырды. Соның ішінде, әсіресе, ертедегі әдеби мұрамыз бен көрнекті әдебиет қайраткерлерінің жаңа шығармалары туралы айтыстар жиырмасыншы жылдардағы сынның орталық мәселесіне айналды. Жиырмасыншы жылдардағы әдеби сын мәселелері ғалымдар еңбектерінде қарастырылғанмен, осы кезде белең алған әдеби айтыстар кең көлемде арнайы зерттеліп, жеке зерттеу нысаны болған жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет