Зерттеудің сарапталуы. Зерттеудің негізгі қорытындылары мен басты нәтижелері бойынша республикалық әдеби және ғылыми-әдістемелік журналдарда, жоғары оқу орындарының хабаршыларында, ғылыми жинақтарда 10 мақала жарық көрді. Республикалық және халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндама түрінде тыңдалып, ғылыми жинақтарда басылды. Жұмыс С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілістерінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.