Тәжірибелік (семинар) сабақ 7. Кассалық операциялардың есебі
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
1. Коммерциялық банктің кассалық жұмысын ұйымдастыру.
2. Қолма-қол ақшамен операция бойынша құжат айналымы және есебі.
3. Кешкі касса және түсімді инкассациялау.
4. Касса ревизиясының нәтижесінің есебі мен рәсімделуі.
Сабақ мақсаты- банктердегі кассалық операциялардың ұйымдастырылу тәртібімен, кешкі касса және кассалық операцияларға түгендеу жүргізу ретін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар- әдебиеттермен және бухгалтерлік есеп регистрларымен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Есеп. Коммерциялық банкпен ағымдағы күнде келесідей кассалық операциялар жасалды:
компанияға ақшалай чекпен 3 млн. 600 мың теңге төленді; Педагогикалық институтқа -50 млн. теңге; баспаханаға шаруашылық қажеттіліктері үшін 5 млн. теңге қолма-қол нақты ақшамен берілді; зауытқа командировкалық шығындарына – 45000 теңге берілді;
компаниядан берілмеген еңбек ақы нақты қолда бар ақшамен 10 млн. түсті, киоскіден сувинирлер сатудан табыс көркем салоны шотына аудару үшін түсті;
кассадағы ақшалардың қалдығы 4 млрд. теңге; шығыс кассаның кассиріне аванс – 350 млн. теңге.
Тапсырма:
банктегі кіріс және шығыс кассалық операцияларды бақылау тәртібін
айтыңыздар,
шығыс кассаның кассиріне аванс беру тәртібін көрсетіңіздер;
кіріс және шығыс кассалық журналды және кіріс және шығыс кассаның кассирінің анықтамаларын толтырыңыздар;
күннің соңындағы касса айналымдарының салыстыруын жүргізіңіздер;
бухгалтерлік жазбаларды құрыңыздар және күннің соңындағы кассадағы қалдықты анықтаңыздар.
Негізгі әдебиеттер:
1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2009 жыл.
2. Сейткасимов Г.С., Шаяхметова К.О., Абдраимова Г.Т. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Алматы “Қаржы-Қаражат”, 2007 г.
Достарыңызбен бөлісу: |