3. «Репо» операциясының есебі.
Екінші нарықта мемлкеттік бағалы қағаздардың өтімділігін қолдану үшін сатып алу- сату мәмілесінен басқа қайтадан сатып алу келісімі немесе РЕПО және кері РЕПО операциясының мәмлесі жүзеге асырылады. РЕПО және кері РЕПО операциялары мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші нарығындағы екінші деңгейдегі банктер – алғашқы делдалдардың өтімділігіне демеу жасау бойынша басты құрал болып отыр, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында өзінің жалпы өтімділігіне оңтайлы әсер етеді.
РЕПО операциялары – екі бөлімнен тұратын қаржылық операция: бірінші бөлімде Ұлттық банк бағалы қағаздарды қатысушылардың бір мерзімді міндеттемелерімен бірге алғашқы делдалға сатады, екінші бөлімде Ұлттық банк аталған бағалы қағаздарды сатып алуға міндеттенеді, ал алғашқы делдал – РЕПО келісімшартында белгіленген мерзім ішінде Ұлттық банкке оларды ақша қаражаттарына ауыстыру арқылы қайтарады.
Кері РЕПО операциясы екі бөлімнен тұратын қаржылық операция: бірінші бөлімде (РЕПО – ны ашу) Ұлттық банк бағалы қағаздарды қатысушылардың бір мерзімді міндеттемелерімен бірге екінші бөлімде (РЕПО –ны жабу) алғашқы делдалдан сатып алады, онда Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатуға міндеттенсе, ал алғашқы делдал – РЕПО келісім-шартында белгіленген мерзім ішінде оларды ақша қаражаттарына ауыстыру арқылы сатып алуға міндеттенеді.
РЕПО операцияларының тағы бір анықтамасы – бұл бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген несие немесе бағалы қағаздарды кепілге ала отырып несиелеу.
Қызмет ету мерзіміне байланысты РЕПО үш түрге бөлінеді: түнгі (бір күнге), ашық (операция мерзімі белгіленбеген), мерзімді (бір күннен жоғары белгіленеген мерзіммен, мысалы, 7 жеті күн).
РЕПО операциясын жүргізу кезінде сату бағасы бойынша корреспонденция жасалады:
Дебет 1050 “Банктің корреспонденттік есеп шоттары”
Кредит 2231 “Клиенттерден “РЕПО” операциялары бойынша алынған қарыздар”.
Ай сайын сыйақы есептелінеді:
Дебет 5231 “ Клиенттерден “РЕПО” операциялары бойынша алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар”
Кредит 2730 “Айналысқа шығарылған өзге де бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар”.
Бағалы қағаздарды қайтадан сатып алу кезінде:
Дебет 2231 “Клиенттерден “РЕПО” операциялары бойынша алынған қарыздар”
Кредит 2730 “Айналысқа шығарылған өзге де бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар”
5231 “ Клиенттерден “РЕПО” операциялары бойынша алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар”
1050 “Банктің корреспонденттік есеп шоттары”.
Егер банктер өздерінің бағалы қағаздарын қайта сатып алмайтын болса, онда олар баланстан шығарылу қажет:
Дебет 2231 “Клиенттерден “РЕПО” операциялары бойынша алынған қарыздар”
2730 “Айналысқа шығарылған өзге де бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар” (РЕПО шығыстар сомасына)
Кредит 5510 “Бағалы қағаздарды сатып алу- сату бойынша шығыстар”
“Саудаға арналған бағалы қағаздар”.
Достарыңызбен бөлісу: |