Ќазаќстан республикасы


Локальды есептеу желісіне қажетті компьютер таңдау



бет2/13
Дата06.01.2022
өлшемі2,48 Mb.
#14646
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1Локальды есептеу желісіне қажетті компьютер таңдау



1.1 Компьютерлерді топтау әдістері

Қолданылуы бойынша топталуы. Есептеу машиналарының қолданылуы бойынша топталуы – ертеден келе жатқан топтау әдістерінің түрі. Бұл топтау болса компьютерлердің қалай қолдануына байланысты. Осы әдіске сәйкес компьтерлер үлкен ЭЕМ, шағын ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес компьютерлер болып бөлінеді. Ал, дербес компьютерлер болса жұмысшы стансиясына, бұқаралық, сауықтандыру және портативтік болып бөлінеді.

Үлкен ЭЕМ. Мұндай компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдықтары өте жоғары. Үлкен ЭЕМ ірі өндіріс орындарында қолданылады. Шет елдерде мұндай ЭЕМ mainframe деп атайды. Үлкен ЭЕМ есептеу орталықтарында қолданады. Мұндай есептеу орталықтары болса, бірнеше бөлімдер мен топтардан тұрады.

Орталық процессор – ЭЕМ негізгі бөлігі. Мұнда негізгі деген есептеулер жүргізіледі.

Бастапқы кездегі қолданған ЭЕМ процессорлар болса, үлкен көлемді алып тұратын. Ол тұрған бөлмеде айрықша температуралық режимдерді реттеп отыруға тура келетін. Үлкен ЭЕМ орналасатын бөлмеде мөлшерден аспайтын ылғалдылық, шаң, тозаң, электромагнитті өрістерді де белгілі бір деңгейде ұстап тұру қажет.

Сол кездерде осындай машиналардың үздіксіз жұмыс істеуіне көп септігін тигізетін топтардың негізгілеріне жататын, ол жүйелі программалау тобы болатын. Бұл топтағы программалаушылар программа жазумен қатар машиналардың жұмыс істеуін де жетік білуі қажет болатын. Себебі, олардың жазған программалары негізінен сол машиналарды құрайтын қондырғылардың дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізетін.

Ал, қолданбалы программалау тобы болса, белгілі бір тапсырмаларға, мәліметтерге операциялар жасауға арнайы программалар жазуға бағытталынады. Бұл топтағы программалаушылар болса, ЭЕМ жұмыс істеуін білулері қажет емес.

Мәліметтерді дайындау тобы болса, тапсырылған мәліметтерді ЭЕМ енгізуге дайындаумен айналысады.

Электроны есептеу машинасын жөндеуді арнайы құрылған техникалық жөндеу тобы іс жүзіне асырады.

Мини– ЭЕМ. Үлкен ЭЕМ айырмашылығы оның кішкентайлығында. Сондықтан болса керек, олардың жұмыс істеу жылдамдықтары да төмен. Мұндай машиналар, сол кезде, ғылыми институттарда, жоғарғы оқу орындарында жиі қолданылатын.

Микро–ЭЕМ. Мұндай компьютерлер көптеген өндіріс орындарында, өндірістік лабораторияларда қолданылды. Микро-ЭЕМ арнайы прграммалар жазылынып, соларды қолданылды.

Жеке (дербес) компьютерлер. Атынан белгілі болғандай, мұндай компьютерлерді жеке адамдар, жеке жұмыс орындарында қолданады. Жеке компьютерлердің мүмкіншіліктері болса, өте жоғары. Шағын өндіріс орындары мен қатар өте үлкен мекемелер, әр қилы есеп-қисаптарды есептеулер мен қатар, өндірістерді ыңғайлы басқаруға да пайдаланды.

Жеке есептеу, басқару компьютерлері 1995 жылдан кейін, әсіресе, Интернеттің дамуы, оларды кең түрде қолдануға ашық жол ашты.

Жеке компьютерлер болса, тез арада, өздерінің төмен бағаларының нәтижесінде және тез жұмыс істеулеріне байланысты жалпылама қолдана бастады. Сонымен қатар пайдаланушыларға өте қарапайым программаларды ұсынудың нәтижесінде, оларды іс жүзінде пайдалану әлде қайда оңайға түсетін болды.

Intel микропроцессорлардың жұмысқа енгізілуі және де өте жылдам шиналардың қолданулары, дербес компьютерлердің мүмкіншіліктерін арттыра түсті.

Ендігі жерде ЭЕМ машиналарының даму кезеңдеріне қысқаша шолу жасай кетейік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет