2.1 Ethernet технологиясының стандарты
Локальді есептеу желілерін құрастыру кезінде олардың құрастыру технологияларн дұрыс таңдау желінің өнімді жұмыс істеуіне көп ықпалын тигізеді.
Ethernet технологиясы ЛЕЖ негізгі технологияларының қатарына жатады. Бұл технология 1970 жылдары Пало Альтода (PARC) Xerox корпорациясының ғылыми зерттеу орталығында дүниеге келді. Ethernet технологиясы IEEE 802.3 спецификациясының негізін құрады.
Digital Equipment Corporation, Intel Corporation және Xerox Corporation компаниялары бірігіп, 802.3 спецификациясымен сәйкестендірілген (Version 2.0) спецификацияны қабылдады.
Ethernet – қазіргі кезде ең кеңінен таралған локальді желілердің стандарты.
Физикалық орталарына сай IEEE 802.3 стандарты келесі түрлерге бөлінеді: 10Base-5, 10Base-2, 10Base-T, 10Base-F.
Ethernet стандарттарының барлық түрлерінде CSMA/CD әдісі қолданылады. Ethernet желісінде мәліметтерді тасымалдау ортасына кіру үшін тежеулерді анықтайтын (коллизий-carrier-sense-multiply-access with collision detection, CSMA/CD) және тасымалдаушыны тобымен анықтайтын әдіс қолданады.
CSMA/CD әдісі желідегі барлық жұмысшы стансаларының бір қалыпты, әрі тұрақты жұмыс істеуі үшін оның негізгі уақыт аралық пен қисындық қатынастарын анықтайды.
Шина арқылы бірінен кейін бірі тасымалданатын ақпараттар кадрларының арасы 9.6 мкс болуы қажет. Мұндай үзіліс (іркіліс) түйіндерде орналасқан адаптерлердің бастапқа қалптарына келуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай үзілістер бір стансаның толығымен мәліметтерді тасымалдау ортасын иемденуге жол бермейді.
Ақпараттарды-мәліметтерді тасымалдау кезінде тежеулер (коллизия) пайда болса, оны анықтаған түйіндер кадрларды тағы да тасымалдауға әрекет етеді. Түйіндер коллизия-тежеулер болған кездегі мәліметтерді, кадрлерді 16 рет тасымалдауға әрекет етіп, болмаған жағдайда оны тоқтатады.
Ethernet желілері, физикалық ортасына қарамай, мәліметтерді тасымалдау ортасына кіру әдістеріне байланысты екі шектеуді қанағаттандыруы керек:
екі түйіннің ара қашықтықтары 2500 м артпауы қажет;
желіде 1024 түйіннен көп болмауы керек.
Ethernet кадрларының төрт түрлі модификацияларының аттары төменде келтірілді:
802.3/LLC кадры (не болмаса, Novell 802.2 кадры);
Raw 802.3 кадры (не болмаса, Novell 802.3 кадры);
Ethernet DIX кадры (не болмаса, Ethernet II кадры);
Ethernet SNAP кадры.
802.3/LLC кадрының аты, 802.3 пен 802.2 стандарттарында келтірілгендей, сол кадрлардың аттарын біріктірудің нәтижесі деп білу керек.
802.3 стандартының атын сегіз жолақ анықтайды:
Достарыңызбен бөлісу: |