Ethernet технологиясының физикалық ортасының спецификациялары. Алғашқы кезде Ethernet желілер технологиясында коаксиальды кабельдер пайдаланды. Қазіргі кезде Ethernet технологиясынң физикалық спецификациясы келесі тарату орталарынан тұрады:
10Base-5 – диаметрі 0.5 дюймдік жуан коаксиальді кабель. Кедергісі 50 Ом. Қайталағышсыз сегментің ұзындығы – 500 метр;
10Base-2 – диаметрі 0.25 дюймдік жіңішке коаксиальді кабель Кедергісі 50 Ом. Қайталағышсыз сегментің ұзындығы – 185 метр;
10Base-T – экарандалынбаған қос өрілген кабель (Unshielded Twisted Pair, UTP). Концентратордың көмегімен жұлдызша топология құрайды. Концентраторлар мен соңғы түйіннің ара қашықтығы – 100 м көп емес;
10Base-F – оптоталшықты кабель. Топологиясы қос өрілген кабельге ұқсас. Бұл спецификацияның бірнеше түрлері бар: FOIRL; 10Base-FL; 10Base-FB.
1 саны мәліметтерді тасымалдау жылдамдығын – 10 Мб/с көрсетеді, ал, Base – деген 10 МГц жиіліктегі тасымалдау әдісін білдіреді.
Сурет 7. Ethernet топологиясы
Достарыңызбен бөлісу: |