Топология дегеніміз ол компьютерлерді желіге қосу әдістері, не болмаса қосу қаңқасы деп те атауға болады.
Топология- кабельдердің физикалық, не болмаса, электрлік кескіндік үйлесімі және желілер байланысы. Топология- компьютерлерді желіге қосу әдістері.
Топологияның электрлік байланыстарын таңдау желінің сипаттамаларына өз әсерлерін тигізеді. Мысалыға, желінің қосымша байланысын пайдалану, оның сенімділігін арттырады.
Жаңа түйіндерді қосу үшін қарапайым әдістерді пайдалану, желінің тез арада қомақты болуына себебін тигізеді. Экономикалық тұрғыдан қарағанда топологияларды дұрыс таңдау оған кететін шығындарды азайтуға мүмкішілік береді.
Жұлдызша (Star) топологиясыда (1сурет) барлық компьютерлер бір бірімен арнайы концетратордың көмегімен жалғанады. Мәліметтердің барлығы тікелей концентраторға бағытталады да содан кейін тұтынушыларға жіберіледі.
Мұндай топологияның бір ерекшелігі, жұмыстан шыққан түйінді желіден ажыратып тастауға болады. Оның басқа жұмысшы стансаларға ешқандай кері әсері тимейді. Сонымен қатар, желіге қосымша компьютерді желінің жұмысын тоқтатпай-ақ қосуға болады.
Бұл топологияның өзіне тән кемшілігі бар. Желіні құрастыру үшін көп мөлшерде кабель қажет. Концентратор желінің барлық функцияларын орындайтын болғандықтан, оның жұмыстан шығуы желінің бүкілдей жұмысын тоқтатады.
Сурет 10. Желінің жұлдызша топологиясы
Достарыңызбен бөлісу: |