Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Гуманитарлық зерттеулер институты
АСЫЛ СӨЗДІ АРДАҚТАҒАН
Ақтөбе – 2008
- 2 -
ББК 83.3 (5 Каз) Я73
М 85
Асыл сөзді ардақтаған – Ақтөбе; 2008 - .... бет
ISBN 9965-777-21-7
Қазақ әдебиеттану ғылымының белгілі өкілі, филология
ғылымдарының докторы, профессор Алпысбай Мұсаұлы Мұсаев
алпыс жасқа толып отыр. Ақылшы аға, ұлағатты ұстаз есімін
темірқазық еткен бұл кітап кейіпкер өмірінің әр саласын
қамтиды. Кітапқа ғалым, ұстаз, қаламгер, азамат туралы әр
жылдары жазылған мақалалар мен айтылған лебіздер енгізілген.
Алпекеңнің алдындағы ағалары, қатарлас құрбылары, өкшесін
басқан інілері мен алдын көрген шәкірттері атсалысқан бұл
жинақ – ұлағатты ұстаз-ғалымға деген замандастарының
құрметі. Ендеше сол құрметті білдірген сөздерге ортақтасуға
оқырмандар хақылы.
ISBN 9965-777-21-7 ББК
83.3 (5Каз)Я 73
4603020102
00(05) -07
© Ақтөбе 2008
А
- 3 -
САНАЛЫ ҒҰМЫР
- 4 -
Қаламгер. Ғалым. Тәлімгер.
К.Кенжебаев
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік
университетінің ректоры, физика-математика
ғылымдарының докторы, профессор
Құрметті әріптестер! Біздер бүгін белгілі әдебиеттанушы
ғалым, есімі сан мыңдаған жастың жүрегіне ұялаған ұлағатты
тәлімгер-ұстаз, университетіміздің жанындағы Гуманитарлық
зерттеулер
институтының
директоры,
филология
ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы
Жаратылыстану
Ғылымдары
Академиясының
мүше-
корреспонденті Алпысбай Мұсаұлы Мұсаев 60 жастың
асқарына шығып отыр.
Өзінің ғылыми-педагогикалық қызметін 1970 жылдарда орта
мектепте қарапайым мұғалімдіктен бастаған Алпысбай Мұсаұлы
талмай ізденуі, еңбектенуі арқасында алпыстың асқаралы
асуында мазмұнды да ғибратты өмір шежіресін жазды.
Ғылымның қия жолында ол қатардағы оқытушыдан доктор,
профессор, Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының мүше-
корреспондентіне дейінгі асуларды басып өтті. Бұл ғалым үшін
аз олжа емес. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары
кандидаттық, ал ғасыр аяғына таман Әбунасыр Әл-Фараби
атындағы
Ұлттық
университетіміздің
мамандандырылған
Ғылыми Кеңесінде «Қазақ прозасындағы сатира поэтикасы
(1960-1990жж)»
атты
тақырыпта
қорғаған
докторлық
диссертациясы дәлел. Профессор Алпысбай Мұсаевтың «Қазіргі
қазақ сатирасы » атты (Алматы: «Ана тілі» 1993ж), «Поэтика
казахской сатиры» (Алматы изд. «Санат» 1997г), «Жанды жүйе»
(Алматы «Білім», 2002ж), «Рух бостандығының жыршысы»
(Ақтөбе, 2007ж), «Әйтеке би аймағының этномәдени мұрасы»
(Ақтөбе, 2006), «Көркемдік кестесі» (Ақтөбе, 2007), «Көркем
шығармадағы сатира» (Ақтөбе, 2007ж), «Қазақ әдебиетінің оқу-
әдістемелік кешені» (Ақтөбе, 2007), «Қазақ прозасындағы жеке
адам концепциясы» (Ақтөбе, 2008), «Тарази тағылымы»
- 5 -
(Ақтөбе, 2008) сияқты филолог-мамандар мен қалың студенттер
қауымы, әдебиет сүйер оқырмандар үшін керекті іргелі
монографиялық еңбектер мен зерттеу кітаптарының авторы.
Профессор
А.Мұсаевтың
ғылыми
ізденістер
аясы
филологиялық зерттеулермен қатар фольклористика, қазіргі
әдеби процесс, сатира мен юмор, мәдени мұра мәселелерін
қамтиды. Жалпы көлемі 100 баспа табақтан аса ғылыми зерттеу
еңбектері
бар.
Мақалалары
ағылшын,
араб
тілдерінде
жарияланған. Ол көптеген халықаралық, республикалық,
аймақтық конференциялар мен симпозиумдарға қатынасып,
қазіргі гуманитарлық ғылымдардың көкейкесті мәселелері
бойынша баяндамалар жасады.
Профессор А.Мұсаев Елбасының бастамасымен өмірге
келген «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Ақтөбе
облысының Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар, Алға аудандарының
этномәдени мұрасын зерттеу-жинақтау бағытында бірнеше
ғылыми экспедициялар ұйымдастырып, оған жетекшілік
жасады. Бұл жұмыста өзінің тәжірибелі маман, білікті
ұйымдастырушылық қабілетін байқатты.
Ұлағатты ұстаз Алпысбай Мұсаұлының алдынан өткен,
тәлім алған, дәрістерін тыңдаған жастар жүздеп саналады. Олар
кең байтақ республикамыздың түкпір-түкпірінде еңбек етуде.
Олардың арасында ғылым мен білімге еңбегі сіңгені де аз емес.
Педагогика
ғылымдарының
докторы,
профессор
Абат
Қыдыршаев, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Несібелі Құрманова, тарих ғылымдарының докторы, профессор
Өтеубай Қожақов, филология ғылымдарының кандидаты,
доцент
Нұрбол
Сәдуақасов,
филология
ғылымдарының
кандидаттары Өтеген Жақыпов, Асан Қайыров, Азамат
Мамыров, Жанкелді Шайекенов, Ербол Дәулетов, Дәрмия
Ниеталиевалар
және
айтыс
ақтангері,
филология
ғылымдарының кандидаты Мэлс Қосымбаев пен айтыскер ақын
Бауыржан Халиоллалар солардың қатарында.
Құрметті Алпысбай Мұсаұлы!
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің
ректораты, профессор, оқытушылар құрамы мен студенттер
- 6 -
қауымы Сізді 60 жылдық мерейтойыңызбен құттықтайды! Сізге
мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, шығармашылы-
ғыңызға
табыстар
тілей
отырып,
шәкірттеріңіз
бен
әріптестеріңіздің арасында аман-сау жүре беріңіз деген тілек
білдіреміз!
- 7 -
Кемел кезең
Құрметті қауым!
Құрметті
әріптестер!
Біздер
бүгін
университеттің
Ғылыми Кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде Гуманитарлық
зерттеулер
институтының
директоры,
филология
ғылымдарының докторы, профессор Алпысбай Мұсаұлы
Мұсаевтың жасының 60-қа, ғылыми-педагогикалық жұмысының
40 жылдығына орай жиналып отырмыз.
Құрметті Алпысбай Мұсаұлы! Сізді университеттің
профессор-оқытушылар мен студенттердің, ректораттың атынан
мерейтойыңызбен құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық, ұзақ
өмір, творчестволық табыс, отбасыңызға береке-бірлік тілейміз.
Әрине, 60 жас көп те емес, аз да емес. Алпысбай Мұсаұлы бұл
күндері өмір тәжірибесін мол жинаған білікті ұстаз, айтулы
ғалым.
Өзіне
тән
қабілет-қарымының
табанды
еңбекқорлығының арқасында филология ғылымының терең
қатпарларына қайтпай сүңгіп, шығармашылық зерденің үдемелі
жолымен көптеген табыстарға жетті.
Алпысбай Мұсаұлы қазақ әдебиеттану ғылымындағы
соғыстан соң туғандар буынының көрнекті өкілдерінің қатарына
жатады. Бұларды іргесін алыптар қалаған қазақ әдебиеттану
ғылымының соңғы буыны деп те айтуға болады. Оның ғылыми
мүддесі мен өмірлік айқындамасының қалыптасуы аса көрнекті
академиктер З.Қабдолов, З.Ахметов, С.Қирабаев, филология
ғылымдарының
докторлары,
профессорлар
Т.Қожекеев,
Н.Ғабдуллин, Т.Кәкішев, М.Тілеужановтардың кеңінен танымал
ғылыми мектептерінің ықпал әсерінің аясында өтті. Қазақ
әдебиеттану ғылымының бүгінгі таңдағы ауыр жүгі осы
буынның иығында десек те болады...
Алпысбай Мұсаұлы 1948 жылы қарашаның 3 -
жұлдызында Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы
«Дихан» ауылында қызметкер жанұясында дүниеге келген.
- 8 -
1966 жылы Қазақстан темір жолының Қазалы
станциясындағы № 420 қазақ орта мектебін бітірген. Сол жылы
Орал
қаласындағы
А.С.Пушкин
атындағы
мемлекеттік
педагогикалық институтының тарих-филология факультетіне
түсіп, оны филология мамандығы бойынша тәмамдаған.
1970 жылы Қазалы қаласындағы № 17 Ғани Мұратбаев
атындағы қазақ орта мектебінде оқытушы болып еңбек жолын
бастайды. Кеңес Армиясы қатарында болып, азаматтық
борышын өтеп оралғаннан кейін мектеп директорының оқу-
тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, комсомол, партия
органдарының жауапты қызметкері, облыстық «Орал өңірі»
газетінде еңбек етіп, қызметін жалғастырады.
Профессор А.Мұсаевтың ғылыми-творчестволық қызметі
80
жылдардың
басынан
А.С.Пушкин
атындағы
Орал
педагогикалық институтымен тығыз байланысты. Профессор
М.М.Тілеужанов жетекшілік ететін қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасында оқытушылық қызметін бастап, қазақ сатирасы
мен юморының теориялық мәселелерімен айналысады.
1990 жылы «Қазіргі қазақ прозасындағы сатиралық
образдың
көркемдік
ерекшеліктері»
атты
тақырыптағы
кандидаттық диссертациясын қорғап шығады. Институтта
оқытушы, аға оқытушы, доцент (1992), қазақ әдебиет
кафедрасының меңгерушісі (1992-1996жж), (2000-2003жж)
қызметтерін атқарады.
1996 жылдың қыркүйек айынан бастап бірыңғай ғылыми
жұмысқа ауысып, Әбунасыр Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінің журналистика факультетінің мерзімді баспасөз
кафедрасында
профессор
Т.Қожакеевтің
жетекшілігімен
докторантуралық дайындықтан өтіп, өзінің ғылыми біліктілігін
шыңдайды.
1999 жылы «Қазақ прозасындағы сатира мен юмор
поэтикасы (1960-1990 жылдар)» деген тақырыпта Қазақтың
Әбунасыр Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің
мамандандырылған
кеңесінде
докторлық
диссертациясын
қорғайды.
- 9 -
1999 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
профессоры академиялық атағын алады. 2000-2003 жылдары
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен
әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
2003-2005 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және
халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін
атқарды. 2004 жылы Білім және ғылым министрлігі Жоғары
Аттестациялық комитетінің (ДАНК) шешімімен әдебиеттану
мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы беріледі.
2005 жылдың қазан айынан бастап Гуманитарлық
зерттеулер институтының директоры.
Институт ғылым, білімді интеграциялау, гуманитарлық
бағыттағы ірі ғылыми мектеп жасау, фундаментальді және
қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, аймақтық
және мемлекеттік мәндегі кешенді ғылыми бағдарламаларды
жүзеге асыру мақсатында құрылды.
Университет
жанынан
құрылған
Гуманитарлық
зерттеулер
институты
оқу
ордамыздың
білім,
ғылым
саласындағы іргелі жетістіктерін көрсетеді. Сондай-ақ әлемдік,
отандық ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы
жетістіктерінің
негізінде
гуманитарлық
білім
берудің
мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасауды, ғылыми білім-
біліктілікті кеңінен насихаттауды басты қағида ретінде
ұстанады.
Институттың ғылыми қызметкерлері мемлекеттік және
аймақтық маңызы бар кешенді ғылыми бағдарламаларға
қатысып, мәдени мұраны соның ішінде қазіргі таңдағы ұлттық
мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды
зерделеудің тұтастай жүйесін жасауды мақсат етіп алып,
жұмыстар жүргізуде.
Институт
облыстық
әкімшілік
пен
мәдениет
басқармасының «Мәдени мұра» бағдарламасының грантын
иеленіп, ғылыми жобаларға қатысуда.
Профессор Мұсаев А. Президенттің бастамасымен өмірге
келген «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Ақтөбе
- 10 -
облысының Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар, Алға аудандарының
этномәдени мұрасын зерттеу – жинақтау бағытында бірнеше
ғылыми экспедициялар ұйымдастырып, оған басшылық жасады.
Бұл
жұмыста
өзінің
тәжірибелі
маман,
білікті
ұйымдастырушылық қабілетін байқатты.
Мұсаев А.М. Қазақстан жоғары оқу орындарына арналған
монографиялар
мен
оқу
құралдарының,
әдістемелік
нұсқаулардың авторы. Негізгілері: «Қазіргі қазақ сатирасы»
(монография, Алматы: «Ана тілі» 1993), «Поэтика казахской
сатиры» (учебное пособие Алматы: изд. «Санат» 1997), «Жанды
жүйе» (оқу құралы Алматы: «Білім» баспасы, 2002), «Рух
бостандығының жыршысы» (монография, Ақтөбе, 2007),
«Әйтеке би аймағының этномәдени мұрасы» (зерттеу еңбегі
Ақтөбе, 2006), «Көркемдік кестесі» (әдеби зерттеулер, Ақтөбе,
2007), «Көркем шығармадағы сатира» (оқу құралы, Ақтөбе,
2007), «Қазақ әдебиетінің оқу әдістемелік кешені» (оқу құралы,
Ақтөбе, 2007), «Қазақ прозасындағы жеке адам концепциясы»
(1960-1970ж) (монография, Ақтөбе-2008), «Тарази тағылымы»
(монография, Ақтөбе-2008).
А.Мұсаевтың
ғылыми
ізденістер
аясы
жалпы
филологиялық зерттеулермен қатар фольклористика, қазіргі
әдеби процесс, сатира мен юмор, мәдени мұра мәселелерін
қамтиды. Жалпы көлемі 100 баспа табақтан аса ғылыми зерттеу
еңбектері
бар.
Мақалалары
ағылшын,
араб
тілдерінде
жарияланған. Ол көптеген халықаралық, республикалық,
аймақтық конференциялар мен симпозиумдарға қатынасып,
қазіргі гуманитарлық ғылымдардың көкейкесті мәселелері
бойынша баяндамалар жасады (Орал 1988, 1991,1998,2003, 2004,
2005, 2007; Алматы 2003,2006; Орынбор 1992, Санкт-Петербург
1994, Қарағанды 1995, Астана 2002, Атырау 2007, Ақтөбе 1990,
2003, 2004, 2005, 2006).
Мұсаев А.М. 1996 жылы Қазақстан Республикасының
Жаратылыстану
Ғылымдары
Академиясының
мүше-
корреспонденті болып сайланды.
Ол Түркістан қаласындағы Қожа-Ахмет Яссауи атындағы
халықаралық қазақ-түрік университетінің жанындағы жаңадан
- 11 -
ашылған диссертациялық кеңестің мүшесі. Қазақ әдебиеттану
ғылымының сатира мен юмор саласы бойынша республикадағы
бірден-бір жетекші маман болып саналады. Ізденушілер мен
аспиранттардың,
магистранттардың
диссертациялық
жұмыстарына жетекшілік етеді. Тарих-филология факультетінде
қазақ әдебиеті тарихының қазіргі кезеңінің жанрларына
арналған күрделі пәндер мен арнаулы курс, арнаулы семинарлар
жүргізіп, дәріс оқиды. Оның дәрістері жоғары мектеп
талаптарына
сай,
өзінің
тереңдігімен,
жүйелілігімен,
танымдылығымен ерекшеленеді.
Профессор А.Мұсаев қызмет істеген жылдарында өзі
еңбек еткен ортаның, ауданның, қаланың, облыстың қоғамдық
өміріне белсене араласып отырды. Аудандық және облыстық
комсомол комитеті жанындағы творчестволық жастар Советінің
председателі, облыстық «Ана тілі» қоғамы төрағасының
орынбасары, облыстық «Білім» қоғамының лекторы, облыстық
тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми-әдістемелік Кеңесінің
төрағалығы - оның қоғамдық негізде жанын сала атқарған
қызметтерінің кейбіреулері ғана.
Тәлімгер ғалым өзінің қаламгерлік қабілетімен де
ерекшеленеді. Оның әдеби-сын, прозалық және поэзиялық
туындылары мерзімді баспасөзде жарияланып тұрады. «Дария
жыры» («Жалын» баспасы, 1981ж), «Жыр бесік» («Жалын»,
1983ж) ұжымдық жинақтарда, таңдамалы өлеңдері «Телқоңыр»
атты («Өлке» баспасы, 1997ж) жеке жинақ болып жарияланған.
Қазақстан комсомолының 60 жылдығына арналған байқауында
«Алау» поэмасы ынталандыру сыйлығына ие болды.
Ол үнемі оқу орындарымен бірлесіп жұмыс жасайды.
Оның басшылығыменен оқушылардың ғылыми жобалары
орындалады. Бұл жобалардың кейбіреулері республикалық,
облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Ұзақ
жылғы
жемісті
педагогикалық
еңбегі
үшін
«Қазақстан
Республикасы Білім беру саласының үздігі» белгісімен
марапатталған.
Жұбайы Айсұлу Ахмадиқызы екеуі екі бала, бір немере
өсіріп тәрбиелеуде. Ұлы Бауыржан – тарих ғылымдарының
- 12 -
кандидаты, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институттың
доценті, қызы Әлия – шет тілінің маманы, шетелдік компанияда
еңбек етеді.
Бұл күндері алпыс жастың асуына ақжарқын күйінде
келіп отырған Алпысбай ініме осы шабысыңнан танбай еліңді
қуантар еңбектеріңді жаза бер, ғылым мен білімнің қырандар
ғана қона алатын биігіне өрлей бер дегім келеді.
Әдебиет Молдаханов
Филология ғылымдарының докторы, профессор
- 13 -
Сатира жанрының тамыршысы
Филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі
ғалым-қаламгер Мұсаев Алпысбай 60 жасқа толды. Сатира
жанры әдебиеттің ең бір күрделі, қиын түрі. Онымен
жазушылардың саусақпен санайтындары ғана айналысады. Ал,
осы жанрды елу жылдай дара зерттеп, докторлық диссертация
қорғаған, ұзақ жылдар лекция оқыған, Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университеттің белгілі ғалымы, ұстазымыз
Темірбек Қожакеев болатын. «Асқақ тау алыстан көрінеді»
дегендей, ол кісі өмірден озғаннан кейін ғана еңбектері жан-
жақты зерттеліп, құндылығы биіктеп келеді. Адал еңбек барлық
уақытта ескірмейді деген осы ғой. Темекең ұзақ жылғы ғылыми
өмірінде бірнеше кандидаттарды тәрбиелеп шығарды. Ал,
сатира жанрынан докторлық қорғаған, жалғыз шәкірті, бүгінгі
мерейтой иесі-Мұсаев Алпысбай екен. Алпысбайдың алпысы –
алтыншы асуы деген, ол осы атаулы жасқа асықпай, қажымай,
айтулы еңбек табыстарымен келіп отыр. Ғалымның жеткен бұл
белесі қандай марапаттауға да лайық. Алпысбай осы өмір жолын
сәтті бастап, әр жылдар сайын творчестволық табыс биігінен
көрініп келеді. Оның тындырған барлық еңбектеріне бүгін
толық тоқталу мүмкін емес. Сондықтан оқырманға барынша
қысқаша тоқталуды жөн көрдік...
Басын
асқақ
таулардан
алатын
қазақ
даласының
күретамырындай бұлғақтап аққан ұлы Сырдың төменгі
ағысында
дүниеге
келіп,
сонда
ер
жетіп,
Қазалы
станциясындағы № 420 қазақ орта мектебін үлгілі аяқтайды.
...Ежелгі оғыздар мемлекетінің астанасы болған Жанкент
шаһары - онда туып-өскен ұлы бабаларымыз Қорқыт ата,
Әбунасыр Әл-Фараби сынды ғұламаларымыз бен данышпан
дала жыраулары, сарқылмас Сыр сүлейлері шыққан ұлттық
өркениетімізде орны бар шежірелі өлке. Сапырылысқан
заманалар бедерінде жер бетінен жойылып барып қайта - қайта
белгі беретін мәдениет ошақтарының бұл өлкеде мол болуы,
жалпы адамзаттық цивилизацияның дамуына тән құбылыс
- 14 -
сияқты. Сол өртеңге өскен Қазалы қаласы да белгілі бір уақыт
аралығында өз иығына түскен гуманистік идеяның орындалу
мақсатын әл-қадерінше атқарып тұрды. Бұл арада ілім-білім
орталығы кітапханалардың орны ерекше. Іргетасын белгілі орыс
саяхатшысы, академик П.П.Семенов-Тянь-Шанский, академик
Л.С.Берг, контр-адмирал А.И.Бутаковтар қалаған, басқа да
орыс зиялылары ат қосып өз кітапханаларынан қомақты кітап
қорын аударған, бір жарым ғасырлық тарихы бар М.Горький
атындағы Қазалы қалалық кітапханасының орны ерекше. Кітап
оқырмандары арасынан қазақтың ақын-жазушылары мен
ғалымдарының белгілі шоғыры қалыптасып шықты. Олардың
арасында қазақтың тұңғыш жоғарғы оқу орнының (КазПИ)
ректоры, экономист-ғалым Серғали Толыбеков, қазақ химия-
технология институтының ректоры болған академик Сұлтан
Сүлейменов, ғылым докторлары, академиктер М.Ерлепесов пен
А.Алманиязов, Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі,
М.Горький атындағы дүниежүзілік әдебиет институтының
аспирантурасын
бітірген,
талантты
әдебиет
сыншысы,
Ш.Айтматов шығармаларын қазақ тіліне аударған Қалжан
Нұрмахановтар бар еді. Осынау мол білім дариясына өз
уақытында біздің кейіпкеріміз де барынша еркін жүзіп, мол
қарпыды. «Кітапхананың тұрақты оқушысы болып, үзбей оқып
отырдым»-дейді. Ол алыста қалған балалық шағына көз
жүгіртіп, «кейін алғашқы қызмет істеген жылдарымда «Алтын
қорды» парақтадым» - дейді. Бұл біздің кейіпкеріміздің үлкен
ғылым жолына келердегі алғашқы бұлақ-бастаулары, алғашқы
асу –арналары еді...
Әдебиетші боламын деген әр талапты жас, алғашқы
қадамын көбі өлең жазудан бастайды. Себебі, жастық шақтағы
ой-қиял, өз байқағаныңды поэзия арқылы жеткізу оңай сияқты
болып көрінеді. Міне, осы заңдылықтан Алпысбай да аттап кете
алмады. Алғашқы өлеңдері баспасөзде жарияланып, оны
қызықтыра түсті. Осы әдебиетке деген ынта, талап Алпысбайды
Орал қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институтқа
жетеледі... Ол орта мектепті бітірген жылы осы институттың
тарих-филология факультетіне құжатын тапсырып, оны 1970
- 15 -
жылы филолог мамандығы бойынша бітіреді. Еңбек жолын
Қазалы қаласындағы № 17 Ғ.Мұратбаев атындағы қазақ орта
мектебінде қатардағы оқытушы болып бастайды. Кеңес
Армиясы қатарында азаматттық борышын өтеп келгеннен соң,
директордың орынбасары, комсомол, партия органдарында
жауапты қызметтер атқарады. Орал облысының «Орал өңірі»
газетінде қызмет жасайды.
Алпысбай жоғарыда, біз айтқан поэзиямен осы жылдары
дендеп, араласады. Бұл талпынысы да оң нәтиже берді. Оның
өлеңдері «Дария жыры», («Жалын»,1981ж), «Жыр бесік»
(«Жалын», 1983ж), ұжымдық жинақтарында, «Телқоңыр» жеке
жинақта («Өлке»,1997ж) жарияланды.
Қазақстан
Республикасының
комсомолының
60
жылдығына арналған облыстық байқауда «Алау» аттты поэмасы
ынталандыру сыйлығына ие болды. Сексенінші жылдары
А.Мұсаев өзі оқыған Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы
мемлекеттік педагогикалық институтқа қызметке ауысады.
Содан бастап ғылыми жұмыстармен тікелей айналысуға
мүмкіндік
туады.
Профессор
М.Тілеужанов
жетекшілік
жасайтын қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында қызмет жасады.
Бұл жылдардан бастап, қазақ сатирасы мен юморының
теориялық мәселелерімен айналысты. 1990 жылы тынымсыз
еңбегінің нәтижесінде «Қазіргі қазақ прозасындағы сатиралық
образдың
көркемдік
ерекшеліктері»
атты
тақырыпта
кандидаттық
диссертациясын
қорғады.
Осы
институтта
оқытушы, аға оқытушы, доцент (1992ж), қазақ әдебиеті
кафедрасының меңгерушісі қызметтерін (1992-96ж) атқарды.
1996 жылдың қыркүйек айынан бастап, бірыңғай ғылыми
қызметке ауысты. Әбунасыр Әл–Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық университетінің журналистика факультетінің мерзімді
баспасөз
кафедрасында
Т.Қожакеевтің
жетекшілігімен
докторантуралық дайындықтан өтіп, өзінің ғылыми талабын
орынды жалғастырды. Сөз арасында, айта кетелік, ұстазымыз
Т.Қожакеев өте талапшыл, турашыл өткір азамат еді. Ол кісіге
кім болса сол жақындай алмайтын. Ал, ұнатқан адамына ағынан
жарылып, барынша сыйлап, үлкен болсын, кіші болсын
- 16 -
айрықша құрметтейтін. Қысқасы, адамдарды сөйлеген сөзінен
танып, қызметі мен қылығына қарай бағалайтын. Алпысбайдың
ұстазының ілтипатына бөленуі оның өзіндік қабілеті, ерекшелігі,
айрықша бақыты дер едік. Еңбегі ерекше бағаланып, 1999 жылы
«Қазақ прозасындағы сатира мен юмор поэтикасы» (1960-1990
жылдар) деген тақырыпта Қазақтың Әбунасыр Әл-Фараби
атындағы Ұлттық университетінің мамандандырылған кеңесінде
докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғады. 1999 жылы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры
академиялық атағын алды. Ол 2000-2003 жылдары Батыс
Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының меңгерушісі болып қызмет жасады.
А.Мұсаев ғылыми жұмыстармен жүйелі айналысып келеді.
Осы салада негізгі еңбектерінің өзі айрықша тоқталуды қажет
етеді. Бұған ғалымның басты еңбектері: «Қазіргі қазақ
сатирасы» (монография) Алматы: «Ана тілі» 1993ж), «Поэтика
казахской сатиры» (учебные пособие), (А: «Санат» 1997),
«Жанды жүйе» (оқу құралы, А: «Білім» 2002ж), «Рух
бостандығының
жыршысы»
(монография,
Ақтөбе:2007),
«Әйтеке би аймағының этно-мәдени мұрасы (зерттеу еңбегі,
Ақтөбе: 2006ж), «Көркемдік кестесі» (әдеби зерттеулер, Ақтөбе,
2007ж), «Көркем шығармадағы сатира» (оқу құралы, Ақтөбе,
2007ж), «Қазақ әдебиетінің оқу әдістемелік кешені» (оқу
құралы, Ақтөбе, 2007ж), «Қазақ прозасындағы жеке адам
концепциясы» (1960-1970ж), «Тарази тағылымы» (монография,
Ақтөбе 2008ж).
А.Мұсаевтың жүз баспа табақтан астам ғылыми зерттеу
еңбектері бар. Ғалымның бірқатар зерттеулері ағылшын, араб
тілдерінде
жарияланды.
Ол
көптеген
халықаралық,
республикалық, аймақтық конференциялар мен симпозиумдарға
қатынасып, қазіргі гуманитарлық ғылымдарының көкейтесті
мәселелері бойынша баяндамалар жасады. Олардың тек
бірқатарына ғана тоқталсақ: Оралда - 1988, 1991, 1999, 2003,
2004, 2005, 2007 жылдарда; 1992 жылы, Санкт-Петербургте;
1994ж, Атырауда; 2007ж, Ақтөбеде: 1990, 2003, 2004, 2005, 2006
жылдары.
- 17 -
А.Мұсаев 1996 жылы Қазақстан Республикасының
Жаратылыстану
Ғылымдары
Академиясының
мүше
корреспонденті болып сайланды. Міне, осынау үлкен еңбектер,
оның жемісі, өте оңай іс емес еді. Ғалым ізденісі, табандылығы,
еңбеккерлігі арқылы осындай ауыз толтырып айтатын қомақты
табыстарға жетті. Бұлардың сыртында ұзақ жылғы аянбай,
қажымай, шаршаса да шалдықпай, қажыса да қайратынан
қайтпаған, қайсар жанды танимыз. Танимыз да, риза боламыз.
Риза боламыз да, табиғи талантына, қол жеткен жемісіне
қуанамыз.
Әдебиетші,
журналист
боламын
деген
әр
жасқа
Алпысбай шығармалары тікелей ауадай қажет. Себебі, ол соңғы
отыз жылдай (1960-1990ж) ұлттық әдебиетімізді саралай
зерттеп, олардағы сатиралық, юморлық мәселелерді тап беріп,
анық дәлелдеп, нақты ғылыми тұжырымдар жасайды. Тек қана
осы отыз жыл ішінде, ол қанша кітапты оқыды екен?! Ойлап
қарасақ оны санап тауысу мүмкін емес. Бұл үшін арнайы
ғылыми ізденіс қажет. Ал, ол болашақтың ісі деп ойлаймыз.
А.Мұсаевтың қай еңбегі де сапалықты, нәтижелі, өз
тақырыбын терең меңгере білуі, салиқалы ойлары, тың
тұжырымдары есте қалады. Шығармаларының тілі жеңіл, бірақ
көтеріп тұрған жүгі ауыр да салмақты. Біз осы мақаланы жазу
барысында ғалым еңбектеріне шұқшия қарап, барынша әділ
болуға тырыстық. Сондықтан пікірлеріміз дәлелсіз, құрғақ,
жалаң деп ойламаймыз. Мысалы, автордың «Жанды жүйе» атты
монографиялық еңбегін алайық. Бұл-таза ғылыми еңбек. Бұл
еңбекте қазіргі қазақ әдебиетіндегі сатира мен юмор өрнегінің
даму барысы сөз болады. Қазақ әдебиеті қаншалықты жақсы
дамығанымен, бұған дейін дәл осы сала зерттелмеген болатын.
Міне, осы айтулы олқылықты осы зерттеу толықтырып,
әдебиеттегі сатира мен юмордың алған орнын жан-жақты
айшықты дәлелдеген.
Ғылыми еңбектің «Әңгімедегі әзіл» деген алғашқы
тарауы-ақ оқырмандарын еріксіз елең еткізеді. Осында өзіміз
талай естіген Алдар Көсе, Шық бермес Шығайбай, Жиреншенің
әңгімелері, оларды талдау, астарлы әзілдің оқтан да өткір
- 18 -
салмағы, орынды сатира мен юмордың құдіреті кім-кімді де
күлдіреді, нандырады.
Ал, монографияның «Жанды жүйе» деп аталуы да
орынды. Ол тікелей сатира мен юмордың табиғатына арналған.
Жазушы шығармаларында әдебиеттің формасы қолданылады.
Бір әңгімені оқып шыққанда асығыс оқыған адам көркемдік
деталь, штрихқа тиісті мән бермеуі мүмкін. Көркем дүниені
оқып, оны жақсы түсінуі үшін арнайы дайындық қажет. Ал,
көркем шығармадағы уытты күлкі оны ажарлай, әсерлей түседі.
Шығарманың орынды шырайын туғызады. Бұл кітапта
солардың барлығына дұрыс баға берілген. Ол оқырмандарын
сатира мен юморды бұрынғыдан да жақсы біліп, түсінуіне
орынды ықпал етеді. Кітап біздің ойымызша, ойлаған мақсатына
жеткен деп толық айта аламыз. (Ақтөбе, 2008ж)
Автордың «Тарази тағылымы» атты ғылыми кітабы да
үлкен табысының нәтижесі деп білеміз. Бұл кітапта да белгілі
жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, елге танымал
қаламгердің шығармаларындағы сатира мен юмор жан-жақты
сөз болады. Атап айтқанда, жазушының күрделі шығармасы
«Құйрықты жұлдыз» (1964ж) повесінен бастап, барлық роман,
повесть, драматургияларына жеке-жеке тоқталады.
Көз алдымызда айтулы жазушының барлық творчествосы
көз алдымызда болғандай әсер аламыз. Жазушы Әкім ағаның
өте күрделі, өзіндік қолтаңбасы, жазу стилі, өнердегі өрнегі, аз
сөзбен көп нәрсені аңғартатыны, әр кейіпкері оқырман жүрегіне
жылы жол таба білетіні белгілі. Қаламгер-ғалым Мұсаев мұны
әр жылдардағы творчестволық өсу баспалдақтары арқылы, жан-
жақты зерттеген. Оқырманға жазушы талантының әр қырын дәл
тауып, орынды саралаған. Бұл кітап туралы арнайы тоқталуға
болар еді. Оны алда уақыт көрсетер. Кітапта автордың
кейіпкерінен алған «Заман шындығының шырақшысы» атты
интервьюі берілген. Ол, біздіңше, дұрыс болған. Мұнда жазушы
өмірінен, оның творчестволық өсу жолынан өте құнды деректер
келтіріліпті. Соны да оқырмандар сүйсіне қабылдайды деп
сенеміз.
- 19 -
Профессор Мұсаевтың «Рух бостандығының жыршысы»
еңбегіне тоқталмауға болмайды. Осы шағын кітап (Ақтөбе,
2007ж.) белгілі ақын, ерекше талант иесі Жарасқан Әбдірашев
творчествосына арналыпты. Ғалым ақынмен жақсы дос, сырлас
болғанмен, біріншіден, автор осы достықты, сыйластықты өте
жоғары бағалайды, екіншіден, досының барлық шығармаларын
жақсы біледі. Үшіншіден, Жарасқанның әрі тұрақты оқырманы,
ғалым ретінде белгілі сыншысы да, төртіншіден, ол ақын
табиғатын түсінген, оған барынша әділ, қамқор, тілекші де бола
білген. Бесіншіден, ол ақын мұрасын зерттегенде тек өз
пікірімен шектеліп қалмай, Жарасқан шығармаларына орынды
баға берген.
Ақындардың,
сыншы-жазушылардың
зерттеулеріне,
мақалаларына орынды тоқталады.
Өткен ғасырдың 60-90 жылдары қазақ әдебиетінде
талантты тұлғалар өте көп болды. Бір сөзбен айтқанда, оны
әдебиеттегі «алтын ғасыр» болды деп айтуға әбден болады. Біз
бұл арада әдебитіміздің орынды мақтанышына айналған
тұлғаларды тізімдемей-ақ қоялық. Олар барлық көзі ашық
оқырмандарымызға жақсы таныс. Ал, солардың ішінде талантты
ақын Жарасқанның орынды биігі, жарық жұлдыздар қатарында
еркін орын алды.
Алпысыншы жылдары саясатта, «жылымық» кезеңі
болды. Елді демократияландырамыз деген осы азғантай
бостандықты қазақ әдебиетшілері өте шебер пайдаланды.
Солардың қатарында жас Жарасқанның да алар орны ерекше.
Жарасқан - лирик ақын. Бірақ ол поэзияның басқа
салаларына да қалам тербеді. Бұл орайда, ең алдымен оның
эпиграммалары
болғаны
даусыз.
Оның
«Құлпытас»
-
топтамасына 255 эпиграммалары еніпті.
Автор ақын туралы бір пікірінде: «Жарасқан поэзияға
«Найзағайлы жаз» (1971ж) кітабымен келді де, өзінің өмірі мен
өлеңін найзағайлы жаз сияқты
жарқылдатып өткізді. Ақын: «Өмір –табиғат. Сол үндестікті
сақтай отырып- төрт белесінде: күзгі найзағай, қысқы найзағай,
көктемгі найзағай сияқты төрт жинақ шығарамын» (3) – деген
- 20 -
екен. Кітаптарының аты өзгеріп шыққанымен, Жарасқанның
табиғатқа тартқан найзағайлы кітаптарды өмірге әкелді. Оның
бірде-бір жинағы әдеби ортада найзағайдай ойнатпай өткен
емес»,-дейді (5-бет). Біз осы пікірге толық қосыламыз. Сөзімізге
біз де дәлел келтірейік. «Келешекпен кездесу» поэмасында ақын
көп мәселелерге өзінің жеке көзқарасын ерекше білдіреді. Поэма
ақынның оқырмандармен кездесу кешіндегі сұрақтарға жауап
беру түрінде жазылған. Осындағы «Бірінші кіріспесінде
мынадай жолдар бар:
Мен келдім бүгін сендерге-
Өлеңімді алып бұлқынған!
Мен келдім бүгін сендерге-
Әлемімді алып сыр тұнған!
Мен келдім бүгін сендерге-
Тағдырымды алып тербеткен!
Мен келдім бүгін сендерге-
Жаңбырымды алып селдеткен!-
деген жолдарды оқығанда тебіренбей тұра алмайсың. Ақынның
артында оннан астам жеке жинақтары, үш томдық таңдамалы
кітаптары қалды. Соның барлығын не бәрі 53 жасында жазып
үлгеріпті. Иә, тағдырға не шара, Жарасқан найзағайлы
жырларымен есте қалды. Оның бостандықты, егеменді, мәңгілік
бірлікті, өмірдің жақсылығын, болашағын армандаған өлмес
өлеңдері арқылы-екінші ғұмыры, мәңгілік творчестволық
ғұмыры өзі сүйген халқының рухани азығы болып қала береді.
Жарасқанның
жасампаз жырларына
арналған
профессор
ініміздің осы кітабын аса сүйіспеншілікпен, ықыласпен оқып
шықтық. Бұл кітап ақын рухы алдындағы адалдығымызға
ескерткіштей көрінді. Бағымның бұл жолғы ізденісі де
қуанышты.
Себебі,
ол
ақынның
творчестволық
жеке
ерекшеліктеріне, ішкі толғанысы мен тапқырлығына, ақындық
құпия сырларына тереңдеп бара алған.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің
ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі
проректоры қызметін атқарды. 2005 жылдың қазан айынан
бастап, Гуманитарлық зерттеулер институтының директоры.
- 21 -
Институт
ғылым-білімді
интеграциялау,
гуманитарлық
бағыттағы ірі ғылыми мектеп жасау, фундаментальді және
қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарын, аймақтық және
мемлекеттік мәндегі кешенді ғылыми бағдарламаларды жүзеге
асыруда сан-салалы жұмыстар жүргізуде.
Профессор А.Мұсаев Елбасының бастамасымен өмірге
келген «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Ақтөбе
облысының Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар, Алға аудандарының
этномәдени мұрасын зерттеу-жинақтау бағытында бірнеше
ғылыми экспедицияны ұйымдастырды. Осы бір күрделі де, қиын
жұмыста да ол өзінің білікті, жақсы ұйымдастыру қабілеті мол
екенін нақты іс жүзінде көрсете білді.
Профессор А.Мұсаев Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет
Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің
жанындағы жаңадан ашылған диссертациялық кеңестің мүшесі.
Ғалым
ретінде
ізденушілер
мен
аспиранттардың,
магистранттардың диссертациялық жұмыстарына жетекшілік
жасайды. Филология факультетінде қазақ әдебиеті мен
тарихының қазіргі кезеңдері сияқты күрделі пәндер мен арнаулы
курс, арнаулы семинарлар жүргізіп, дәріс оқиды.
Бүкіл саналы өмірін қазақ әдебиетіне, сүйген ісіне
арнаған Алпысбай осы салада жемісті еңбек етеді. Барлық
уақытта жеке қызметін оқу орындарымен, баспалармен, ақпарат
құралдарымен жүйелі жүргізіп келе жатқан ғалым өз пәнінің
жан-жақты білгірі де, білікті маманы, әрі қазақ әдебиетіндегі
сатира мен юмор жанрының нағыз тамыршысы. Осы жанрды
үзбей бақылап, жылт еткен жақсылықты дер кезінде анықтап,
нағыз талант иесін барлық
уақытта қолдап отырудан
жалықпайды.
Оның
басшылығымен
оқушылардың,
студенттердің жеке бағдарламалары өмірге келіп, бірқатары
облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие
болды. Ал, өзі көп жылғы мінсіз еңбегінің арқасында Қазақстан
Республикасы
Білім
беру
саласының
үздігі
белгісімен
марапатталды.
Алпысбай - үлгілі жанұя басшысы. Жұбайы Айсұлу
Ахмадиқызы екеуі - екі бала, бір немере өсіріп, тәрбиелеуде.
- 22 -
Ұлы Бауыржан-тарих ғылымдарының кандидаты, Ақтөбе
мемлекеттік педагогикалық институтының доценті. Қызы Әлия
–шет тілінің маманы, шетелдік ірі компанияда қызмет жасайды.
Иә,бүгін, Алпысбай Мұсаев алпыс жасқа толып отыр.
Алпыс жас-азамат үшін алтыншы белес қана, қазақ халқында
«алпысың-тал түсің» деген қанатты сөз бар. Біз бүгін осы мерей
жасқа толған азамат, ғалым, әдебиетші А.Мұсаев мырзаға 60
жасың құтты болсын, әлі де биік белестен көрініп, ғылым
саласында да, өмірдің барлық сатысында тек қана табыс
биігінен көріне бер. Ел үшін жасаған еңбегің халқыңа елеулі
бола берсін!-деген тілек білдіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |