- 146 -
Жазушы шығармасының кейіпкері
(М.Қаназ шығармасындағы Алпысбай Мұсаев бейнесінің
бедерленуі)
Жеке тұлға – тек психологияның нысаны ғана емес. Ол -
әдебиеттің ең басты предметі. Бірақ әдебиеттің өзі жеке-дара
ғылым саласы болғанымен, басқа да ғылым түрлерімен
байланыс таппаса, онда әдебиет ғылымы дамымай қалса керек.
Әдебиеттің өз арнасында көркемдік психологизмнің ұлттық
сипатының алар орны зор. Қай халық болса да, оның өзіне тән
мінезі мен ерекшелігі болады.
Қазақ әдебиеті тарихында заман келбеті, заман адамы,
оның бейнесін жасау – нағыз өр тұлғалы қаламгердің қуатты да
қарымды қаламынан туатыны сөзсіз. Сондықтан қай қаламгер
болмасын, өз шығармасында замана кейпін айқын ашып
беретіндей, келешек ұрпаққа анық жететіндей дәрежеде жазуды
мақсат тұтады. Осындай көркемдік талап пен эстетикалық әлем,
психологиялық перне мен қоғамдық сананың бірігуінің
нәтижесінде қалыптасатын замандас көрінісі қаламгер қолынан
шынайы тәсілмен шығады.
Қоғамдағы адамның жекелік қасиеті, ролі турасында әр
заманда түрліше пікірде келеді. Біздің мәселе қылып отырған
«личность» мәселе – жеке адам ғана емес, сонымен қатар ол
әлеуметтік тип. Оның бойынан, қасиетінен күресуші таптың
(класс), идеологиясы, психологиясы, сайып келгенде оның
мақсат-мүддесі айқындалып тұруы тиіс. Сондықтан біз бүгінгі
мақалада
М.Қаназдың
шығармашылығындағы
замандас
бейнесінің кейбір мәселелеріне тоқталамыз.
Тақырыпқа бармас бұрын, кеңестік кезеңнің әдеби-
қоғамдық сипатын нақтыласақ. Реализммен сусындаған кеңес
суретшілері өмірді өз қалпында суреттеуді, күнбе-күн көріп
жүрген нәрсенің көшірмесін жасауды емес, өмірді терең зерттеп
көрсетуді реализм деп ұғынды. Сондықтан кеңестік қоғам
адамының (личность) өзіне тән қасиеті, ерекшелігі, өзгешелігі
бар.
- 147 -
Әдебиеттің объектісі - өмір болса, предметі – адам дедік.
Ал адам - өмірдің басты предметі. С.Қирабаевтың «Әдебиет
және дәуір талабы» атты еңбегінде әдебиеттегі адам бейнесіне
мынадай тұжырым жасаған: «Әдебиеттің негізгі зерттейтіні –
Адам мен оның өмірі, еңбегі екені жалпыға мәлім. Алайда оны
көркем бейнелеудің жолы алуан түрлі. Біреу адам өмірін оның
нақты іс-әрекетін суреттеу арқылы көрсетуге тырысса, біреулер
оның ойын айналасын, өмір сүрген ортасын танытуға көңіл
бөледі. Осындайда адаммен қарым-қатынаста болатын өмір
құбылыстарының ешқайсысы да сырт қалмайды. Адам сезімін,
ой-дүниесін тереңірек бейнелеуге табиғат та, оның маңындағы
жан-жануарлар тіршілігі де қатыса алады. Өйткені Адам –
жалпы тіршіліктегі ең биік сапалы, саналы өмір иесі, қалған
тіршілік құбылыстары оны толықтыруға, оның ренішті-
қуанышты сезімдерін ашуға көмектеседі, оның жанын, ұғымын
байытады» /2.58/. Расында, адамның жаны – түпсіз терең
тұңғиық, өз алдына ұлы әлем. Оның тылсым сырын ешкім ашып
біле алмаса керек. Э.Межелайтис айтқандай: «Адамның ішкі
дүниесіне тереңірек үңілген сайын оның анағұрлым күрделі
екендігіне көз жеткіземіз. Адам жаны неғұрлым тереңірек
суреттелсе, шығарма да күрделі болады» /3.448/. Бұл жердегі
тереңірек суреттелу деген сөз – бар ынта-ықыласпен, күш-
жігермен нанымды әрі сенімді, әр оқырманды тебірентетіндей,
сол оқиғамен иландыратындай халге жеткізу.
Осы ретте белгілі қаламы қарымды жазушы Молдахмет
Қаназдың «Жебір» атты шығармасы және оның басты
кейіпкеріне талдау жасамақпыз. Шығарманың аты әр адамның
болсын назарын бірден аудартады. Бұл шығармада Кеңес
үкіметі жылдарындағы қолында биілігі бар «мемлекеттік»
қызметкерлердің қарапайым халыққа жасаған озбырлығы,
ұятсыздығы, елді қанауы, сонымен бірге билік басындағыларға
жағымпаздылығы суреттеледі. Шығарма Сламбек Шүленбаев
атты жас жігіттің аудандық партия комитеті үгіт және насихат
бөлімінің жақында ғана бекіткен нұсқаушысыны суреттеуден
басталады.
Айта
кету
керек,
шығармадағы
Сламбек
Шүленбаевтың прототипі – филология ғылымдарының докторы,
- 148 -
профессор, қазіргі кездегі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
мемлекеттік
университетінің
жанындағы
Гуманитарлық-
зерттеулер институтының директоры Алпысбай Мұсаұлы
Мұсаев. Шығармада А.Мұсаевтың таза өмір жолы суреттелді
деп айтуға болмайды, өйткені қаламгер қиялы өзіндік өрнекпен
өріледі де, тек кейіпкер бойына өмірде бар тұлғаның мінез-
құлқы келіп саяды. Бұл жерде А.Мұсаев тек прототип қана емес,
сол қоғамдағы жұмысқа адал берілген, шындықты қалайтын, сол
үшін күресетін жас азаматтардың типтік бейнесін қызметін
атқарып тұр.
«...Сламбек Орал педагогикалық институтының қазақ тілі
мен әдебиет факультетін бұдан екі жыл бұрын тәмамдап келген.
Тәмамдап келді де жұмысқа бойына біткен қызуқандылықпен
алқын-жұлқын кірісіп кетті – комсомол ұйымын басқарды,
мектеп сахнасына скетчтер қойды, жастармен талай кеш
ұйымдастырды, балаларды жорыққа шығарды, газетке мақала
жазды, өлең де жіберіп тұрды. Не керек, әйтеуір қысқа мерзім
ішінде шағым болған емес. Жас ұстаз табиғатынан қол қусырып
жан бағып отыратын ішпысты адамның сыңайынан емес-ті.
Қолынан келетін іске киіп кете беретін жаратылысынан қол-
аяғы жеңіл елгезек жан болатын. Әлгі мақалаларына «Сламбек
әль Бозашы бин Шүленбай» деп қол қойды. Бұрын бұл жерде
кезігіп көрмеген мына жұмбақтар, атақ газеттегі жас жігіттерді
дүр еткізді, өзара дуылдасып күліп алғанмен, бөгесін жасамады,
материалға зәру газетте шағын мақалалары да, өлеңдері де
«Сламбек Шүленбаев» деген кәдімгі қалыптасып қалған атпен
шығып тұрды. Марковецтің Ресейге көшіп кетуіне байланысты
үгіт және насихат бөліміне әрі жараулы аттай шауып жүретін,
әрі қаламы жүйрік жас жігіт керек болды да іріктелген төрт-бес
адамның ішінен ойлана-толғана жазатындығымен артық тас
иемденіп, таңдап алынған-ды. Сөйтіп, ақынжанды, қиялшыл да
әсершіл жас ұшпа жігіттің жалғыз терезесі ауланың ішіне
қарайтын екі адамдық шағын бөлмеге қамалғанына бар болғаны
екі апта /1.135/», - деген жолдарда жазушы әдейі аңдату жасап,
Сламбектің жүрегінің ақ, жанының таза екенін білдіреді. Осы
жолдардың заңды жалғасы ретінде берілетін эпизод Сламбектің
- 149 -
артта қалып қойған машиналарды күту мезетіндегі табиғатпен
үндесу кезі деп айтуға болады:
«Сламбек жалғыз өзі әрі отырды, бері отырды, келіп
жатқан машина жоқ, ақыры шыдамы таусылған соң баяулап
жерге түсе бастады. Бұның өкіл бастыққа қитығатыны егер сол
осы машинаға мінгізіп алмағанда ғой өзімен-өзі оңаша отырып,
қиял шіркіннің тізгінін алып жіберіп, едәуір шалықтар еді. Тоңы
енді жібіп, бусанып жатқан мына жер қандай, қыр қандай?
Көкзеңгір аспан, қылтанақтай болып енді ғана тебіндеп келе
жатқан көк қандай? Бұл дегенің жаңа тіршілік емес па?
Қалпынан жазбай арқадан бір сарынмен сылқып соғып тұрған
сызды самалды айтсайшы! Шіркін, дала! Көкірек сарайын
көрінеу көзге ашатын қандай ғана қасиеті бар десейші бұл
даланың. Осынау ояну кезінде адам шабыттанбас болар ма? Тірі
жан толқымай қалай тыныш отырар? Ақын адамға бір-жар
шумақ оралмас болар ма? Өлең шіркін, әнекей, осындайда тумас
па? Мына бір пәле болмағанда бар-ау... Өз көлігімен жүрмей
жүк машинасына несіне жабыса қалғаны? Адамның жүйкесіне
тиіп...
Іштей қатты қитыққан Сламбек анадай жерге шығып,
омырауын ашып тастап, кеудесін желге беріп, ұжымның мұңына
қосылмай өзімен-өзі боп осқырайып тұрды. Көз салып қояды.
Өкілдің үлкені болса шықшыты бұлтыңдап әрлі-берлі кезіп
жүр» /1.137/. Жазушы жоғарыдағы эпизодтарды беру арқылы
Сламбектің ақынжандылығын дәлелдегісі келді. Ал ақынжанды
адам әрқашан таза, өкпешіл, ауыр соққыға шыдамайтын нәзік
адам екені ақиқат. Сол себепті алдағы болар істе оның осы
қасиетінің жеңіп шығатынын алдын-ала білдіргісі келді.
Осылайша оқиға желісімен жүре берсек, аудандық кеңесі атқару
комитеті төрағасының бірінші орынбасары Жанқабылов Рахым
Теңеловичпен ауыл халықтарын жайлауға көшірісуге бет алады.
Осы сапардағы Рахым Теңеліштің қитұрқы әрекеттерін жазушы
көрнекті тілмен сынай сипалап суреттейді. Образ жасаудың
бірнеше тәсілі бар дейтін болсақ, Рахым Теңеліштің озбыр
бейнесі Сламбектің өз аузынан да көрінеді:
- 150 -
«Салдырап тағы бірдеңелерді айтып келе жатты. Енді
Сламбектің құлағы тарс бітеліп қалған, шықшыты ойнап үн-
түнсіз көгеріп отыр. Өз ойымен өзі әуре. «Ертең ғой кеңсеге
барамын. Әукесі салбыраған Байжұманов шақырып алып: «ал,
кәне, Шүленбаев жолдас» не бітіріп қайттыңыз?» десе не деп
жауап қатады судай жаңа нұсқаушы. «Рахым Теңеліштің қырда
шашырап
жатқан
малын
түгендедім.
Бірін
екіншісіне
алмастырдық. Ойбай, тайыншасы машинаға мінбей табандап
тұрып алды, соның құйрығынан бұрадым. Сіздің гастритіңізге
ем болатын төрт күркетауық алып келдім» дей ме? Райкомда
санап тұрып тапсырылған жұмыстың қайсысын орындады? Ең
болмағанда бір үйді жайлауға көшіріспей не бітіріп жүрмін өзі?
Машинадағы мына бір қора малмен ғой бұл сабаз қалаға
тартады. Әлде тағы да мал тиеп алатын жері бар ма екен?»
/1.154/. Бұл жерде Сламбектің психологиялық тұрғыдағы
монологы көп жақты негізбен көрінеді.
Замандас
бейнесі
–
қоғамдық-саяси,
эстетикалық-
философиялық, тарихи категория, сол себептен де ол үнемі
өзгерісте, заманмен бірге ілгері қадам басып, жаңарып,
толысуда, биіктен-биікке көтерілу дәрежесінде болады. Арғы
тарихи кезеңдерді сөз етпегеннің өзінде, бір ғана кеңестік
дәуірдің түрлі бел-белестерінде-ақ замандас образының идеалы,
үлгісі болған әдеби образдар тобы ылғи жаңа сапада толыға
түсті. Осылайша барлық шаруаны бітіріп, өзіне қажет нәрсені
Рахым Теңеліш иемденді, енді өз аулына беттеді. Жазушы
«күркетауық» эпизоды арқылы Рахым Теңеліштің парықсыз,
ештеңемен ісі жоқ, адам болмысынан гөрі пайда тауып қалуды
мақсат
тұтқан
жемқор
екенін
көреміз.
Күркетауықтың
Сламбектің үстін бүлдіріп, мазасын кетіргенімен қоймай, үлкен
«жаңалықпен» бөліседі.
« - Шүйінші, Шүленбаев жолдас! Шүйінші!
Сламбек шошып кетті. «Ойбай, мынаны пір қақты ма?»
- Шүйінші деймін! Шүйінші! Нұсқаушы жолдас! Леонид
Ильич жолдас наградталды! Жаңа ғана хабарлады! Леонид
Ильич наградталды» /1.155/, - деп Л.И.Брежневтің төсбелгімен
марапатталғанын әкесі соғыстан келгендей қуана хабарлайды.
- 151 -
Жағдайы кетіп тұрған Сламбек ызаға булығып мына бір
шындықты жайып салады:
« - Жүрек жарылатын несі бар?! Қолында тұрған нәрсені
кім алмайды! – деп дауысын көтеріп бір төшкі қойды. «Өзі
орденге тоймайды екен» деген сөзді әрең ұстап қалды, әйтеуір.
Рахым Теңеліш болса алдымен қызарды, сонан кейін жақ
жүні тікірейіп бірте-бірте көгіс тарта берді. Соған қарағанда,
мына сөз тас төбесінен түскен болу керек-ау» /1.155/. Бұл сөзден
кейін Рахым Теңеліш одан сайын ызаланып, берген сөзін қайтып
алсын дегендей, қарсылық білдіреді. Сламбек керісінше шабыты
тасқындап, одан сайын бойына қанат бітіп сөзін одан әрі алады:
« - Солай болмай тұрғанын көрмейсің бе қырсыққанда.
Егер жездем болса ғой, «үлкейген адамсың, көп темір ауырлық
етер, осыныңды азайтсайшы» деген болар ем, - деп барынша
сыпайылап тағы бір төшкіні қойып жіберді /1.156/, - деп
Рахымның қытығына тағы тиеді. Бұл сөздердің өзіне және
мемлекет басшысына берілген құрметсіздік, опасыздық деп
Рахым оның ісінің насырға шабатынын айтып, айдалаға тастап
кетеді.
«Үлкен жолдың бойында жалғыздан жалғыз қалған
Сламбек: «Осындай адамдар да совет органдарында қызмет
істеп жүр-ау. Вот дает... – деп басын шайқады. Сонан кейін:
«Жмот. Нағыз жмоттың өзі... машумайт...» дегенді енді
дауыстап тұрып айтты, бірақ бұл маңайда онысын есітетін тірі
жан жоқ еді» /1.156/, - деген Сламбек сөзі кеңес үкіметінің
құзырында жүрген адамдардың бейнесіне берген бағасы еді.
Сайып келгенде, айтарымыз шығармада басты кейіпкер –
екеу. Рахым Теңеліш – сол кездегі кеңес үкіметіне «қалтқысыз»
қызмет ететін нағыз есерсоқтардың типтік бейнесі болса,
Сламбек Шүленбаев – елге адал қызмет еткісі келіп, шындықпен
өмір сүргісі келетін, бірақ озбырлардың опасыздығынан
орындарында отыра алмайтын, сүйенетін ешкімі жоқ, өз
абыройымен іс істегісі келетін азаматтардың типтік бейнесі.
Ақыры аяғында Сламбекті
басы-аузы бір, «сайға сай
құйғандардың» шешімімен жұмыстан босатып, бұрынғы істеген
мұғалімдігіне жібереді.
- 152 -
Көркем бейне – қаламгердің қуатты қиялы мен өмір
шындығынан қатар құйылып шығатын сом тұлға. Осы жерде
өмір шындығы деп отырғанымыз – Сламбектің нақты өмірден
алынған образ екендігі, ал қуатты қиялы деп отырғанымыз –
қаламгердің еркіндік әлемінен туындап, өзекті мәселені шешуге
өзіндік пікірден туындайтын типтік құбылыс.
Жоғарыда атап отырғанымыздай, А.Мұсаевтың мінез-
құлқы,
іс-әрекеті
және
кейбір
өмірдеректері
Сламбек
Шүленбаевтың бойынан табылады. Енді оларды санамалап
көрсетсек:
1.
Шығармада Орал педагогикалық институтын қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп
келген жас маман екендігінің бейнеленуі.
2.
Аудандық газеттерге шағын мақалалар жазып,
ақындықпен әуестену. Шындығында, А.Мұсаев
талантты ақын, бірнеше өлең жинақтарының
авторы. Сонымен бірге шығармашылық адамы,
бірнеше композициялық туындылары да бар.
3.
А.Мұсаев 1975-1980 жылдар арасында жоғарыда
аталған қызметте жоғары абыроймен істеді.
Шығарма мазмұны әрине ерекше. Бұл – тарихи
шығарма емес, сол себепті жазушы белгілі бір
адамның өмірін өзек етіп ала отырып, оған өзіндік,
яғни қоғамдық-саяси, сол кездегі өзекті мәселені
арқау етеді.
4.
Шығарма желісінде Бауыржан атты баласының
есімі
айтылады
және
жан
жары
Айсұлу
Ахмадиқызының (шығармада – Гүлмарал) іс-
әрекеттері өмірмен тікелей байланысты.
5.
А.Мұсаевтың
кейбір
мінез-құлықтарының
айнытпай суреттелуі: бір нәрсеге таңқалуы,
эмоциясы, жүріс-тұрысы, кескін-келбеті.
Осылайша ф.ғ.д., профессор А.Мұсаевтың М.Қаназдың
«Жебір» шығармасының кейіпкері ретіндегі бейнесі өмірмен
тікелей өзектес келеді дейміз. А.Мұсаевтың болмыс-бітімін
нақты әрі көркем бейнелейтін бірден-бір туынды - «Жебір»
- 153 -
шығармасы
дейміз.
Жазушының
қаламгерлік
қуатының
шеберлігі - өмірдегі тұлғаны айна-қатесіз суреттеуінде деп
білеміз.
Әдебиеттер:
1.
Қаназ М. Жанқожа: хикаят пен әңгімелер. –
Алматы: Өлке, 2001. – 255 бет.
2.
Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы. – Алматы:
Жазушы, 1976. – 300 б.
3.
Межелайтис Э. Контрапункт. – Москва: Известия,
1972.
Анар Абдуллина
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік
университетінің магистранты
- 154 -
Қазақстанның аса көрнекті ақыны
Қадыр Мырза Әлимен бірге
Халықаралық Пен Клубтың мәжілісі
Орал, 2001 жыл
- 155 -
Академик З.Қабдоловтың мерейтойында
Алматы, 2001 жыл
Қазақтың белгілі А.Мұсаевтың шәкірті
ақын-драматургі Мемлекеттік «Дарын»
Иранғайыппен бірге сыйлығының иегері
Мэлс Қосымбаев
- 156 -
Профессор А.М.Мұсаев Мұғалжар ауданының әкімі
С.Шаңғұтов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Құрмашевпен
экспедиция бағытын жоспарлау үстінде
Экспедиция. Жем өзенінің бойы. Мұғалжар ауданындағы
Алкелді тауының басында
- 157 -
Есет Көкіұлы Табиғи ескерткіш – Үйтас
кесенесінің көрінісі. Суретте: Р.Ілиясова,
басында А.Мұсаев, А.Тасимова
Исатай Тайманов қабірінің басында
- 158 -
Кенесары сарбаздарының қарауыл құрған жері –
Үңгіртас шатқалы маңайында
Абат Байтақ кесенесінің басында
- 159 -
Профессор Алпысбай Мұсаұлы және жұбайы Айсұлу
Ахмадиқызы Орал қаласында
Алпысбай Мұсаұлы отбасымен бірге
- 160 -
Алпысбай Мұсаев ұлы Бауыржан, қызы Әлия, жиен
немересі Ақназармен бірге
Қызы Әлияның жанұясымен бірге
- 161 -
Мазмұны
I Саналы ғұмыр
Кенжебаев К.К. Қаламгер. Ғалым. Тәлімгер .................................4
Молдаханов Ә.М. Кемел кезең .......................................................7
Әлібекұлы С. Сатира жанрының тамыршысы ........................... 13
Сабыр М.Б. Мамыров А.Ы. Шеберлік шыңы
немесе мастер класс....................................................................... 23
II Қаламгерлік қырлары
Лебіздер легі .................................................................................. 31
Молдағалиев Ж ............................................................................ 31
Мырзалиев Қ ................................................................................. 31
Әбдірашев Ж .................................................................................31
Тәжібаев Б .................................................................................... 32
Асанов С ........................................................................................ 32
Бөкеев О ........................................................................................ 32
Оразбаев И .................................................................................... 33
Ырзабаев Б .................................................................................... 34
Әбдірашев Ж ..................................................................................35
Алдамжаров Б ................................................................................ 35
III Күлкі табиғатын саралаған
Лебіздер легі .................................................................................. 42
Траисов Б ....................................................................................... 42
Мырзағалиев К .............................................................................. 44
Шарабасов С .................................................................................. 44
Шайекенов Ж. Ғалым ғибраты .................................................... 48
Балтымова М. А.Мұсаев зерттеулеріндегі сатира поэтикасы
мәселелері ...................................................................................... 50
IV Тәрбие деген тәңір бар
- 162 -
Жексенғалиев Б. Өз жолын тауып өмірден ................................ 61
Қосымбаев М. Ұстазым дәл өзіңдей болғаннан соң................... 66
Обаева Г. Жадымда тұрар жаңғырып.......................................... 69
Жұмағалиева Р. Ұстаз ұлағаты..................................................... 72
Оразұлы М. Болашақ ғылым докторымен
қызметтес болдық ......................................................................... 76
Нұғыманова А. Шұғылалы ғұмыр................................................ 78
Боранбай М. Ұлылықты ұлықтаған азамат..................................79
Жонысова М. Шәкіртіне төгіп шуақ арайын............................... 81
Отарбаева Н. Ыстық ықылас иесі................................................. 83
Шамғонова А. Ұстаз тойына ........................................................ 86
Балғабаева А. Асыл ұстаз һақында ............................................. 87
Жонысова М. Ұстазыма ................................................................ 90
V Біліктілік белесінде
Қабдолов З. Ғылымға өз жолымен қосылған ............................. 92
Ақмурзин С. Ішкі түйіні мықты .................................................. 94
Тарази Ә. Нұрлы жол .................................................................... 96
Нәріков А. Қасиетін қара өлеңнің сезінген ................................ 98
Қабижанұлы М. Ақиығым, алпыста! ..........................................101
Смағұлова А. Мәдени мұра жанашыры .....................................104
VI Сұхбат
Білімге бірізділік пен сабақтастық қажет ..................................107
VII Ғылым қиясында
Лебіздер легі .................................................................................114
Қожакеев Т ....................................................................................114
Қабдолов З .....................................................................................114
Қожакеев Т.....................................................................................115
Кәкішев Т ......................................................................................115
Ысқақов Д .....................................................................................116
Ыбырайымов Б .............................................................................116
- 163 -
Ергөбеков Қ ...................................................................................116
Майтанов Б ....................................................................................117
VIII Ғибратты ғалым еңбектері
Мүтиев З. Тағылымы мол еңбек .................................................119
Қоспағанбетова И. Әдебиет әлемінің айшығы ..........................123
Оралбай Ә. Текті тұлғалармен танылған өңір ...........................127
Сәдуақас Н. Ғалым А.Мұсаев және қазақ сатирасы мен
юморы туралы ...............................................................................135
Қоспағанбетова И. Поэзия сұңқары ...........................................139
Абдуллина А. Жазушы шығармасының кейіпкері....................146
- 164 -
АСЫЛ СӨЗДІ АРДАҚТАҒАН
Филология ғылымдарының докторы, профессор
А.М.Мұсаевтың 60 жылдық мерейтойына
арналған мақалалар мен құттықтаулар
Басуға қол қойылған күн ..... XI. 08. Қалыбы..........
Есепке алынатын баспа табағы ....... Таралымы 500 дана
Техникалық редакторы М.Жонысова
Тапсырушының электронды таспасынан басылған
«Принт А» ЖШС баспаханасында басылған
Ақтөбе қаласы, 101 атқыштар бригадасы атындағы көше 4.
- 165 -
Достарыңызбен бөлісу: |