27
Басты мәзір
Бұл қолданушының атқаратын әрекеттерін таңдаудағы басты құралы болып
табылады. Білім алушы үшін оқу аудитория, журнал, оқу кестесі, жеке оқу
жоспарлары, академиялық күнтізбе, транскрипт, апелляциялар және хабарламалар
ұсынылған.
3 сурет – Жүйенің интерфейсі
Жеке мәліметтерді қарау және ӛзгерту
Қолданушы ӛздігінен ӛзгертулер енгізуге ыңғайлы қолданушының есептік
жазбасында бірнеше қатарлық атрибуттар бар («Настройки» бейнесінде).
Бұл қолданушының тіркеу карточкасындағы жолақтары:
логин;
құпия сӛз.
Толығырақ «Platonus» ББАЖ-мен электрондық кітапханада танысуға болады.
6 Ғылыми кітапхана қызметін пайдаланудың жалпы ережелері
Университет Ғылыми кітапхана қорында миллиондаған оқулықтар, ғылыми
басылымдар жинақталған. Кітапхана сайтында
(atu.kz)
«Ғылыми кітапхана»
бетінде электрондық каталог, электронды ресурстар және мақалалар деректер
базасы мен кітапхана құжаттары туралы негізгі мәліметтер насихатталған.
Электронды ресурстар орталығы мен оқырман залдарында Интернет
жүйесінің барлық ресурстарын, сонымен қатар оқулықтардың толықмәтінді
деректер базасын, оқу-әдістемелік құралдар мен мақалаларды, электрондық
каталогты пайдалану мумкіндіктері бар.
6.1
Оқырмандардың қҧқықтары, мiндеттерi және жауапкершілігі
АТУ білім алушылары кітапхана - ақпараттық қызмет түрлеріне:
кітапханалық - іздеу аппараттар (каталогтар, картотекалар) жүйесі арқылы
кітап қорының кұрамы жәйлі толық мәлімет алуға;
библиографиялық және анықтама – ақпараттық қызметтерін пайдалануға;
уақытша пайдалану үшін оқу залдарымен абонементтерден керекті
құжаттарды алуға;
құжаттарды үйге абонементтерден алуға;
28
ақпарат кӛздерiн iздестiру мен таңдауда кеңесшiлiк қызмет алуға, сонымен
қатар Интернет жүйесін пайдалануға;
алынған құжаттардың қайтару мерзімін ұзартуға құқығы бар.
Ғылыми кiтапхана оқырмандарына АТУ ректоры бекiткен тiзбектер мен
прейскуранттарға сәйкес қосымша ақылы қызметтер кӛрсетедi.
Оқырмандар ғылыми кітапханаға кірерде және құжаттарды аларда оқырман
билетін кӛрсетуге міндетті.
Кiтаптарды, басқа баспасӛз туындылары мен материалдарды алар кезде
оқырмандар басылымды мұқият тексерiп шығады. Қандай да бiр ақау табылған
жағдайда ол жӛнiнде кезекшi кiтапханашыға хабарлайды. Олай болмаған
жағдайда кiтапты бүлдiргенi үшiн басылымды соңғы пайдаланған оқырман
жауап бередi.
Оқырмандарға ӛз оқырман билетін басқа адамдарға беруге және де басқа
адамдардың оқырман билетін пайдалануға тиым салынады. Осы ережені бұзған
оқырмандар Ғылыми кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.
Оқу орнынан кетерде оқырмандар ӛзiне жазылған басылымдар мен оқырман
билетiн кiтапханаға қайтарады.
Басылымды жоғалтқаны немесе бүлдiргенi үшiн жауапты оқырман оны дәл
сондай басылыммен немесе оның кӛшiрмесiмен, немесе кiтапхана құны бiрдей
деп тапқан басылыммен алмастырады.
Оқырманға мыналар рұқсат етiлмейдi:
қызмет бӛлмелерi мен кiтап қоймасына рұқсатсыз кiруге;
кiтапханаға сырт киiммен кiруге;
кітапхананың ішінде шылым шегуге;
құмар ойындарын ойнауға;
тамақ пен сусындар алып келіп ішуге;
оқу залынан құжаттарды кітапханашының рұқсатынсыз алып шығуға;
кiтапхана бӛлмелерiнде тыныштық пен тәртiп бұзуға.
Пайдалану ережелерін бұзған оқырмандар Ғылыми кітапхананы пайдалану
құқығынан келесі мерзімге дейін айырылады:
тыныштықты бұзған үшін – 1 айға;
қызметтік міндетін орындау барысында кітапханашаға тіл тигізгені үшін – 2
айға;
үйге алған кітаптардың тапсыру мерзімін бұзған немесе уақытылы мерзімін
ұзартпаған үшін – 3 айға;
кітапханашының рұқсатынсыз оқырман залынан кітап алып шыққан үшін –
6 айға;
ғылыми кітапхананы пайдалану ережесін бернеше қатар бұзғаны үшін – 1
жылға;
қасақана басылымдарды бүлдіргені (белгi салу, сызу, парақтарын жыртып,
мұқабасын бүлдіргені) үшін кітапхананы пайдалану құқығынан мүлдем
айырылады. Ғылыми кітапхананы пайдалану ережелерін ӛрескел бұзған
студенттер жәйлі мәліметтер деканаттар мен ректоратқа беріледі.
29
6.2 Оқырмандарды ғылыми кітапханаға жазу тәртібі
Ғылыми кiтапханаға тіркелуде білім алушылар студенттік билетін,
тӛлқұжатын,
оқытушылар,
қызметкерлер
мен
оқырмандардың
басқа
категориялары үшiн – тӛлқұжатын немесе қызмет куәлiгiн, 3х4 ӛлшемдi екі фото
суретiн ӛткізуі тиіс. Бірінші курс білім алушылары деканаттардан немесе оқу
бӛлімінен түскен тізім негізінде жазылады. Оқырман билеті барлық
абонементтермен оқу залдарын пайдалануға құқық береді.
Оқырман билетiнiң қолданылу мерзiмi – бiр жыл. Ғылыми кiтапхана жыл
сайын ӛзi белгiлеген мерзiмде оқырмандарды оларға жазылған әдебиеттiң бәрiн
кӛрсетуiмен қайта тiркеуден ӛткiзiп, оқырман билетiн ұзартады. Қайта тiркеуден
ӛтпеген оқырмандарға кiтапхана қызмет кӛрсетпейдi.
6.3 Оқу залын пайдалану қағидалары
Оқу залында тек қана оқу залы қорынан алынған құжаттармен пайдалануға
болады.
Әдебиеттерге тапсырыс сұраныс парағын толтыру арқылы беріледі.
Энциплопедияларды, анықтамалық, басылымдарды, сӛздіктерді сирек
кездесетін және құнды басылымдарды, кітаптың жалғыз және соңғы данасын,
сонымен қатар, кітапханааралық абонементтен алынған басылымдарды тек қана
оқу залдарында пайдалануға рұқсат етіледі.
6.4 Абонементтi пайдалану қағидалары
Оқырмандар абонементтерден үйге әдебиеттерді алу үшін, міндетті түрде
оқырман билеттерін кӛрсетіп, сұраныс парағын дұрыс толтырулары, алған
кітаптардың формулярларына қол қоюы қажет.
Кітап формуляры мен сұраныс парағы оқырманға әдебиет беру және
кітапханашының оны қабылдау фактісін растайтын құжаттар болып табылады.
Абонементте әдебиет үйге мына мерзiмге:
оқу әдебиеттері бiр семестрге немесе бір оқу жылына;
ғылыми әдебиеттер – 5 кiтаптан асырмай – 1 айға;
кӛркем әдебиеттер – 3 кiтаптан асырмай – 1 айға.
Топ сабақтарында пайдалану үшiн әдебиет абонементте оқытушының
жазбаша талабы бойынша берiлiп, топтың кезекшi білім алушысына қол
қойуымен тiркеу журналына жазылады. Топ сабағына алынған әдебиет үшiн
оқытушы жауап бередi.
Ғылыми кітапхананың жҧмыс тәртібі
Дүйсенбі - жұма
9-00 –ден 18-00 – ге дейін
Үзіліс
13-00 – ден 14-00 – ге дейін
Сенбі
9-00 – ден 12-00 – ге дейін
Сессия кезінде
9-00 – ден 19-00 – ге дейін
Жексенбі
демалыс күн
Әр айдың соңғы жұмасы
тазалық күні
30
7 Білім беру қызметінің тӛлемақы тәртібі
Оқу ақысын тӛлейтін валюта түрі мемлекеттік стандартқа сәйкес «теңге»
болып табылады.
Білім алу ақысы әрбір оқу жылына ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде
қабылданған мемлекеттік тапсырыс бойынша оқудың тӛлемақысы деңгейінің
кӛлемінде АТУ ректорының бұйрығымен белгіленеді.
АТУ-дағы оқу тӛлемақысы кӛрсетілген оқу жылындағы ҚР Үкіметінің
қаулысына сәйкес мемлекеттік оқу грантында оқитын әр білім алушыны оқытуға
жұмсалатын қаржы кӛлемінің ӛзгеруіне байланысты ӛзгереді. Оқу ақысының
мӛлшері оқу жылында бір реттен артық ӛзгертілмейді.
Оқу ақысын тӛлеу тӛмендегідей тәртіппен жҥзеге асырылады:
Білім алушы күндізгі оқу нысанының бірінші оқу жылына АТУ студенті
қатарына қабылданғанға дейін жылдық оқу ақысының 30%-ын, 1-ші семестр
ішінде қысқы емтихандық сессия басталғанға дейін 20%-ын тӛлейді. Қалған 50%-
ын: 25% - екінші семестрдің басында, 25% - екінші семестр ішінде жазғы
емтихандық сессияға дейін тӛлейді.
Келесі оқу жылдары білім алушы оқу ақысының 25%-ын бірінші семестрдің
басында, 25% - бірінші семестр ішінде қысқы емтихандық сессия басталғанға
дейін, 25%-ын – екінші семестрдің басында, 25% - екінші семестр ішінде жазғы
емтихандық сессияға дейін тӛлейді. Оқу тӛлемақысы тӛленбесе студент сессияға
жиберілмейді және оқудан шығарылады.
Оқу ақысын тӛлеу АТУ-дың есеп шотына банктер немесе тӛлем
терминалдары арқылы соманы аударумен жүзеге асырылады.
Білім алушылар қатарына қайта қабылданған немесе академиялық
демалыстан қайта келген кезде оқудың тӛлем ақысы білім алушының қайта
қабылданған кезіндегі оқу тӛлемақысының кӛлемі мен шарттарына байланысты
анықталады.
Қажетті деңгейдегі баллдарымен курстан курсқа ауысқан білім алушының
кейбір пәндерден академиялық үлгермеушілігі болған жағдайда ол сол пәндерден
ақы тӛлеу арқылы қайтадан дәріс алып академиялық қарыздарын ӛтеуі тиіс.
Пәндерді қайта оқу және академиялық қарыздарын жою үшін ақы тӛлеу тәртібі,
мерзімі, сонымен бірге кӛлемі АТУ ректорының бұйрығымен белгіленеді.
8 Алматы технологиялық университетінің халықаралық
ынтымақтастығы
Алматы технологиялық университетінің халықаралық қызметі оның
жұмысындағы ең маңызды бағыттардың бірі, АТУ дүниежүзілік білім беру
кеңістігіне бірігудің негізгі факторы болып табылады және тӛмендегі бағыттар
бойынша жүзеге асады:
–
шетел университеттерімен, білім беру орталықтарымен және басқа
ұйымдармен әріптестік;
–
бірлескен
ғылыми-техникалық
ынтымақтастық
бойынша
бағдарламалар және шаралар;
–
еуропалық білім беру жүйесіне бірігу үшін академиялық ұтқырлықты
одан әрі дамыту.
31
АТУ
барлық
қызметі
Лиссабон
Конвенциясының,
Болон
декларациясының талаптарына сай келетін және білім берудің, кәсіби қайта
даярлықтан ӛту, кадрлардың біліктілігін жетілдірудің жаңа кӛздерін белсенді
іздейтін үзіліссіз кәсіби білім беру кешенін құру концепциясына негізделеді.
Алматы техникалық университеті тӛмендегі ұйымдармен қызметтестікті
қолдайды:
–
ҚР ұлттық инженерлік ғылыми академиясы (ҚР ҰИҒА);
–
Халықаралық жоғары мектеп ғылымы академиясы (ХЖМҒА);
–
Халықаралық университеттер ассоциациясы (IAU);
–
Халықаралық студенттер алмасу ассоциациясы (IAESTE);
–
Евразиялық университеттер одағы (EURAS);
–
Еуропа ректорларының клубы;
–
Қиыр және таяу шетелдегі жетекші жоғарғы оқу орындары және
ғылыми орталықтар;
–
АО «Халықаралық бағдарламалар орталығы»
–
ERASMUS+ бағдарламасы;
–
ҚР-дағы шет мемлекеттердің аккредиттелген елшіліктері;
–
Халықаралық ұйымдар: Қазақстандағы Британдық Кеңес, Герман
академиялық ауысулар қызметі (DAAD), Гете институты, Американдық
халықаралық зерттеулер кеңесі (IREX);
–
Еуропалық студенттер және кәсіпкерлер ассоциациясы және т.б.
Қазіргі уақытта университетте жақын және алыс шет елдердегі алдыңғы
қатарлы 100ден аса жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен
тығыз байланыс орнатылды және осының негізінде ПОҚ және студенттер шет
елдерде тұрақты біліктілігін жетілдіреді, оқиды.
Академиялық ҧтқырлық
Білім алушылардың, оқытушылардың және қызметкерлердің академиялық
ұтқырлығы Болон Декларациясының ең негізгі принциптері және халықаралық
қызметтің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Білім беру сапасын
арттыруға, ғылыми зерттеулердің тиімділігін жоғарылатуға, басқару жүйесін
жетілдіруге, ішкі және сыртқы байланыстарды орнатуға, Алматы технологиялық
университетінің міндетін атқаруға кӛмектеседі.
Академиялық ҧтқырлықтың мақсаты: халықаралық білім беру
кеңістігіне ықпалдасу, әлемдік білім беру ресурстарын қолдану.
Университет білім алушыларының академиялық ұтқырлығын жүзеге
асырудың ерекше тәсілі – бұл оларды әріптес жоғары оқу орындарына бағыттау:
қос диплом ортақ бағдарламасы шеңберінде оқу үшін;
жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық шеңберінде, сонымен
қатар академиялық алмасу бағдарламалар бойынша енгізілген оқу үшін;
тағылымдамадан ӛту үшін (соның ішінде тілдік);
оқу (зерттеу, ӛндірістік) тәжірибелерінен ӛту үшін;
жазғы мектептерге (семестрге) қатысу үшін.
Білім алушыларды іріктеу еңбектері, қабілеті және қоғамдық қызметі бар
мүмкіншіліктердің теңдігі үрдісіне сәйкес ашық конкурстық шаралар шеңберінде
32
ӛтеді. Академиялық үлгерімі, қабылдаушы жақтың тілін білу (немесе ағылшын
тілін), алмасу туралы келісімге немесе бағдарламаға сәйкес келуі есепке алынады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға іріктелген білім алушылар
ӛз
академиялық
үйлестірушілерімен
кеңескеннен
кейін
қабылдаушы
университетте оқитын пәндерін кӛрсететін құжатты тапсырады.
Бағыттаушы университет академиялық ұтқырлықтың қатысушысына АТУ
оқу жоспары бойынша пәндерді ӛз бетімен оқу және сол пәндер бойынша
ағымдық және мәртелік білімді бақылау мақсатында АТУ оқу порталына
дистанционды кіру рұқсатымен қамтамасыз етеді. Осы білім алушыларды
дистанционды оқыту үрдісінің барысын факультеттің академиялық үйлестірушісі
қадағалайды.
Білім алушылар қабылдаушы университетте оқу орнының ережелеріне
сәйкес әкімшілік тіркелу үрдістерінен ӛтеді.
Қабылдаушы университетте оқу аяқталғаннан кейін білім алушы
- ӛз академиялық үйлестірушісіне «Академиялық мойындау туралы актісін»
дайындау үшін оқыған пәндерінің атын, кредиттерді және бағаларды анықтайтын
академиялық анықтаманы (транскрипт) тапсырады;
- халықаралық ынтымақтастық бӛліміне шет елде білім алу нәтижесі
бойынша есеп береді.
Академиялық ҧтқырлықтың мҥмкіндіктері
«Эразмус +» Еуропалық Одақ бағдарламасы
Бұл – біздің еліміз бен Еуропалық Одаққа мүше-елдердің арасындағы
ұтқырлық және ынтымақтастық бағдарламасы. Бағдарлама еуропалық
университеттерде
бакалавриатта,
магистратурада,
докторантурада
оқу,
машықтану үшін лайықты стипендияларға (гранттарға) ие болуға мүмкіндік
береді.
АТУ «Қосдипломдық білім беру» бағдарламасы:
Қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумдардың негізінде білім
беру және ғылыми зерттеулердің алдыңғы қатарлы еуропалық стандарттары
бойынша кадрларды біріктірілген әріптестік даярлықтан ӛткізу бағдарламасы
әзірленді және жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның артықшылықтары:
Қазақстан
студенттері
еуропалық,
сонымен
қатар
қазақстандық
компаниялармен танылатын біліктілік статусын иеленеді;
еңбек нарығында бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
Бұл бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асыру үшін тӛмендегі мәселелер
шешіледі:
ортақ үйлестірілген бағдарламаларды әзірлеу;
білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін сынақ бірліктерінің
еуропалық жүйелерін қолдану;
қос бірдей дипломдарды қорғауға арналған оқуды ұйымдастыру (Double
major).
33
1. Бакалавриат пен магистратураның «Туризм» және «Мейрамхана ісі
және қонақҥй бизнесі» мамандықтары бойынша Қосдипломды білім беру
бағдарламасы (Швейцарияның Халықаралық туризм және қонақүй менеджменті
институтымен-HTMi -мен бірлесе):
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Оқу желісі:
1-ші жыл – қазақ немесе орыс тілдерінде АТУ-дың бағдарламасы бойынша оқыту
+ шет тілдері бойынша қарқынды дайындалу;
Одан кейінгі жылдары – кәсіби пәндерді ағылшын тілінде оқыту.
Бағарламаны ойдағыдай игерген түлекке:
«Туризм» немесе «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтары
бойынша бакалавр дәрежесі беріліп, АТУ-дың дипломы тапсырылады;
«Туризм, қонақүй бизнесі менеджменті және шаралар ұйымдастыру» »
мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі беріліп, HTMi -дың дипломы
тапсырылады.
2. Бакалавриат пен магистратураның «Биоинформатика/ Биожҥйелік
техника», «Экономикалық информатика» «Телематика», «Ақпараттық
жҥйе» мамандықтары бойынша Қосдипломды білім беру бағдарламасы
(Германия, Вильдау қ. Қолданбалы ғылымдар техникалық университетімен
бірлесе):
Германияның Вильдау қаласындағы Қолданбалы ғылымдар техникалық
университетімен ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде 2010 жылдан
бастап
Қазақстанда
талап
етілетін
«Биоинформатика»,
«Телематика»,
«Экономикалық информатика» сияқты мамандықтар бойынша мамандарды
даярлау басталды.
3. Бакалавриаттың «Дизайн» мамандығы бойынша Қосдипломды білім
беру бағдарламасы (Италия, Милан қ.,IED Еуропалық Дизайн институтымен
бірлесе ,):
2016 жылы Алматы технологиялық университеті мен Еуропалық Дизайн
институты (IED, Италия) 5В042100 – «Дизайн» мамандығы бойынша жоғары
білім алудың негізгі білім беру бағдарламасын, яғни қос дипломдық білім алу
бағдарламасын іске асыру туралы келісімге қол қойды .
Мақсаты: Қазақстандық және шетелдік еңбек нарықтарында бәсекеге қабілетті,
еуропалық стандарттарға сәйкес сән және дизайн саласында озық білімге және
тәжірибелік дағдыларға ие мамандарды дайындау.
Бағдарламаны сәтті меңгерген жағдайда түлекке:
Жоғарғы білім туралы IED Италияндық дипломы;
Алматы
Технологиялық
Университетінің
бакалавр
академиялық
дәрежесінің жоғарғы білім туралы дипломы беріледі.
34
4. Бакалавриаттың «Қаржы» және «Экономика» мамандықтары
бойынша Қосдипломды білім беру бағдарламасы (Ресей, Мәскеу қ., Г.В.
Плеханов атындағы Ресей экономиқалық университетімен (РЭУ) бірлесе):
Алматы Технологиялық Университетінің Г.В. Плеханов атындағы Ресей
экономиқалық университетімен бірлесіп жасаған қос дипломдық білім алу
бағдарламасы 2016 жылы, 5В050600 «Экономика» және 5В050900 «Қаржы»
мамандықтары бойынша әзірленген.
Мақсаты: Құбылмалы экономикалық ортадада жоғары бәсекеге қабілетті,
сонымен қатар аналитикалық,
ғылыми-зерттеу және кӛшбасшылық дағдыларын,
инновациялық әдістемелер мен бірегей білімін
тиімді қолдана алатын, жоғары
білікті мамандарды дайындау.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін: Г.В. Плеханов атындағы Ресей Экономикалық
Университеті және Алматы Технологиялық Университетінің бакалавр
академиялық дәрежесінің жоғарғы білім туралы дипломы беріледі.
ҚҦРМЕТТI БІЛІМ АЛУШЫ!
Университеттің
www.atu.kz
ресми сайтында Сіз білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау ӛткізудің
негізгі ережелерімен, академиялық демалыс беру ережелерімен, білім
алушыларды ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерімен, сонымен
қатар университеттің басқа да ішкі нормативті құжаттарымен таныса аласыз.
9 2016-2017 оқу жылына арналған мәдени-кӛпшілік іс-шаралар жоспары
№
р/с
Шаралар мазмҧны
Мерзімі
Орындаушылар
1
«Қазақстан Республикасының
Конституциясына -21 жыл»
30-тамыз
Факультеттер, жастар кеңесі,
кәсіподақтар
2
Білім күні
1 қыркүйек
Жастар кеңесі, қабылдау
комиссиясы, кӛркемдік
жетекші
3
«Кел! Танысайық» атты корпоративті
кештер
Қыркүйек
Факультеттер, жастар кеңесі,
кәсіподақтар
4
Халықаралық тілдер мерекесі
Қыркүйек
Тілдер кафедрасы
5
Алматы қаласы күні, мұғалімдер күні, Қазан
Жастар кеңесі
6
Студент қатарына қабылдау
Қазан
Ректорат
7
Инженер-механиктер күні
Қазан
ИжАТ факультеті
8
Халықаралық студенттер күні
Қараша
Жастар кеңесі, факультеттер,
кәсіподақ ұйымы
9
Қаржыгерлер күні
Қараша
Экономика және бизнес
факультеті
10
Тамақ ӛнеркәсібі қызметкерлерінің
күні
Желтоқсан
Тамақ ӛнеркәсібі факультеті
11
Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан
Ректорат, факультеттер,
жастар кеңесі, кӛркемдік
жетекші
12
«Жігіттің сұлтаны» байқауы
Ақпан
Жастар кеңесі, декандардың
35
орынбасарлары
13
«Мен-АТУ-дың патриотымын»
байқауы
Наурыз
ИжАТ факультеті
14
Халықаралық әйелдер күні
8 наурыз
Жастар кеңесі, кәсіподақ
ұйымы
15
«Күн мен ай » байқауы
Наурыз
Жастар кеңесі
16
Наурыз мейрамы
22 наурыз
Ректорат, факультеттер,
кӛркемдік жетекші
17
«Hand made» шығармашылық
конкурсы
Сәуір
ЖӚжД факультеті
18
«Студенттік кӛктем» фестивалі
Сәуір
Жастар кеңесі
19
«АТУ-дың аруы» байқауы
Жоспарға сай Жастар кеңесі, факультеттер
20
Қазақстан халқының бірлігі күні
1 мамыр
Жастар кеңесі, факультеттер
21
«Қазақстан халқының
шығармашылығы» қалалық жастар
фестивалі
Мамыр
Қалалық әкімдікпен бірге,
жастар кеңесі, кәсіподақ
ұйымы
22
Жеңіс күні
9 мамыр
Ректорат, жастар кеңесі
23
КТК (КВН) іріктеу және ақтық
ойындары
Жоспарға сай Жастар кеңесі, кӛркемдік
жетекші
24
Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым
Ректорат, жастар кеңесі
25
АТУ оқытушылары мен
қызметкерлерінің 5-спартакиадасы
Маусым
Дене тәрбиесі кафедрасы,
жастар кеңесі
26
АТУ түлектеріне диплом тапсырудың
салтанатты рәсімі
1-шілдеге
дейін
Жастар кеңесі, тіркеу Офисі
Достарыңызбен бөлісу: |