Қазақстан Республикасында ғылыми жүйесін жаңғырту
2010жылдардағы реформалар
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қазақстандық ғылымның дағдарысы.КСРО-ның ыдырауы Қазақстанға жағымсыз әсер етті.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары және нарықтық бәсекеде мемлекет отандық ғылыми және ғылыми техникалық әзірлемелерді ынталандыру қорғау ниетіне ие бола алмады.Нарықтық экономикаға өту жағдайларында
ғылым білім беруге қарағанда азырақ болып шықты.1990 жылдары ғылымнан мамандардың көптеп кетуі орын алды.Ғылыми мамандардың бір бөлігі оңтайландыруға байланысты қысқартылды,бір бөлігі жалақының аздығынан өз еріктерімен кетті.Егер 1990 жылы ғылыми-техникалық ұйымдар қызметкерлерінің саны 50620 құраса ,1998 жылы бар жоғы 16 600 құрады.Маман зерттеушілердің саны 31 250 адамнан 10 940 адамға дейін қысқартылды.Өйткені жастар ғылымға бармады.
1992 жылы Ғылым және ғылыми техникалар туралы заң қабылданды.Ғылымды реформалау 1993жылы басталды.Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі құрылды.Ғылым академиясы ұлттық ғылым академиясы болып өзгертілді.
1990 жылдары ҒЗТҚЖ-ға кететін шығындардың ұтымсыз құрылымы қалыптасты.1998жылы оның тек 19,2-ы ғана әзірлемелерге жұмсалды.Бұл ғылыми зерттеулерге өндіріске енгізуге дайын болды.Бұл уақытта дамыған елдер практикасында ғылымға жұмсалатын барлық шығындардың 55-60 пайызы әзірлемелерге кетті.
1996-1998 жылдардағы ғылымды басқару реформалары.1996 жылы ғылымды басқару бірыңғай органы Ғылым министрлігі –ҚР ғылым академиясы құрылды және ҚР мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы қабылданды.Онда ұйымдастырудың бағдарламалық мақсатты әдісіне көшу мен іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландыру туралы айтылды;бюджеттен қаржыландыратын зерттеушілік жобаларға конкурстық іріктеу жүргізу және инновациялық жұмыстарды мемлекеттік қаржыландыру,сондай ақ әлеуметтік-гуманитарлық ғылым саласында мемлекеттік қаржы қарастырылды.
1999 жылы Ғылым министірлігі-ҚР ғылым академиясы Білім және ғылым министрлігі болып қайта құрылды.Оның басқаруына, ҚР ҰҒА-ның сол кезде сақталған барлық институттары мен жоғары оқу орындары өтті.
1996жылы реформалардан кейін ҒЗТҚЖ нәтижелері нашарлады,патенттер енгізілді,өнертабыстары саны қысқарды.Бюджет ғылымды қаржыландырудың негізгі көзі болыпа табылды.Ғылыми саланы жекешелендіру сәті түспеді.
2000 жылдардағы ғылымды басқару реформалары.Экономикалық өрлеудің бастамаларымен ғылымды қаржыландыру артты.2001жылы бұдан бір жыл бұрын әзірленеген “ҚР ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы”негізінде ҚР-ның Ғылым туралы Заңы қабылданды.ҒЗТҚЖ-ға шығындар 2000 жылдан 2004 жылға дейін дамыған елдерден төмен қалып қалсада
4 есеге дейін өсті.
Ғылыми мамандар санымен қысқырту тоқтатылды.Өнертабыстарға өтінімдер саны артты.Елді жаңғыртуға алынған бағыт,2001 жылы Инновациялық даму бағдарламасының,2002 жылы Инновациялық қызмет туралы ҚР заңының,2003жылы Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы ғылымды мемлекеттік басымдыққа айналдырды.
Ғылым мен ғылыми-техникалық саланы жетілдірудің жаңа кезеңі 2006жылы басталды.Үкіметтің жанынан Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия құрылды.Ал БҒМ құрамында ЖҒТҚ жұмысшы құрамы ретінде Ғылым жөніндегі комитет пайда болды.Ғылымды дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекетттік бағдарламасына сәйкес БҒМ жанынан Ғылым қоры құрылды,ол гранттар жүйесі арқылы өзіне әулетті жағынанан тиімді және конкукрстық негізінде таңдалып алынған ғылыми-техникалық сараптама жүйесі арқылы өткен.
2010 жылдардағы реформалар.2010 жылы ғылымды қаржыландыру жүйесі жүргізілді.Бюджет есебінен орындалатын зерттеулер үлесі төмендеді(2009 жылы 9,3-ға қарсы 2014 жылы жылы 38% болды) Конкурстар негізінде ғылыми жобалар мен зерттеулердің гранттық қаржыландыру өсті.Экономиканың нақты секторы тапсырыс берген зерттеулердің саны өсті.2014 жылы Қаазақстанда ҒЗТҚЖ –ға жұмсалған шығын 66,4 млрд теңгені құрады.Бұл 2010 жылға қарағанда 2,5 есе көп.Жүздеген ғылыми бағдарламалар іске қосылды мыңдаған патент алынды.Ғылыми қызметкелер саны 2009 жылдан 15 мыңнан 2015 жылғы 25,8мың адамға дейін көтерілді.2017жылғы ғылымға 70млрд-қа дейінгі теңге бөлінді.
Қазақстандық ғылымның заманауи кезеңдегі проблемалары мен міндеттері.Қазақстандық ғылым әзірше өндіріспен,экономика үшін тиімді технологиялық шешімдер жасаумен әліде болсада аз байланысқан.Сондықтан оның нәтижелігі өндіріске енгізілген өнертабыстар санымен емес,жарияланған мақалалардың санымен және олардың дәйексөзденуімен бағаланады.Қортындыда неғұрлым тиімді ғылыми сала қолданылады.Әзірше Философиялық доктор дәрежесіне ізденетін диссертациялар нәтижелерінің нақты қолданылуы сирек болып тұр.
Ғылымның міндеті дүниежүзілік нарықта бәсекеге қабілетті ғылым, тиімді өндірістерді жасау болып табылады. Алайда ғылымды жеткіліксіз қаржыландыру елеулі кедергі болып табылады. Мемелекет ғылымның дамуына аз ақша жұмсасада,Ол Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында қойылған мақсат-2025жылғы қарай ЖІӨ-дегі ҒЗТҚЖ-на жұмсалған шығындар үлесін 1%ға жеткізі үшін әліде жеткіліксіз болып табылады. Әзірше бұл көрсеткіш Қазақстанның ғылыми-технологиялық қауіпсіздігін қамтамсыз етпейтін деңгейде орналасқан.
Тапсырмалар.
1.Қазақстандық ғылым өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық дағдарысын басынан жоғары білім беруге қарағанда неліктен ауыр өткізеді?
2.Қазақстандық ғылымның 1990жылдардағы,2000жылдардағы,2010жылдардағы негізгі мәселелері қандай болды?
3.Ғылымды басқарудағы 1996-1999 жылдардағы реформалардың маңызы неде?
4.Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың бағдарламалық-мақсатты әдісі ғылыми жобаларды конкурстық іріктеу мен жобаларға Ғылыми-техникалық сараптама жасау не үшін қажет?
5.Қазақстандық ғылым әзірше, дамыған елдерден ғылым дамуының қандай көрсеткіштері бойынша артта қалып отыр?
6.ҚР Қазіргі уақытта ғылымның дамуы неліктен басымдық болып табылады?
Достарыңызбен бөлісу: |