Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды қалпына келтіру Әлемдік тәжірибе пандемиядан кейін ұлттық білім беру жүйесін қалпына келтіру үшін жауапты шаралар қабылдаудың маңыздылығын көрсетеді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар ерекше назар аударуды талап етеді. Мектептегі білім беру жүйесіндегі білім олқылықтарын қалпына келтіру бойынша уақытылы шаралар қолданбау басқа деңгейлерде үлгерімі төмен білім алушылар үлесінің өсуіне немесе NEET жастары санының өсуіне әкеледі.
Әлемнің 108 елі 2020 жылы мектептің жабылуына байланысты орта есеппен 47 күндік күндізгі оқудың өткізілмегені туралы хабарлады, бұл оқу жылының бір тоқсанына тең.8 Осыған байланысты әрбір ел жоғалған білімді толықтыруға (шыңдауға) және білім берудің ағымдағы проблемаларын шешуге ғана емес, сондай-ақ болашақ сын-тегеуріндердің алдын алуға қызмет ететін жүйелі шараларды әзірлеуге күш салуда. Ұлыбританияда білім алушыларға оқудағы олқылықтардың орнын толтыруға көмектесу үшін әзірленген ұлттық репетиторлық бағдарлама іске қосылды. АҚШ-та Теннесси бағдарламасы – репетиторлар корпусы іске қосылды, оның шеңберінде ТжКБ ұйымдарының студенттері COVID-19-ға байланысты оқудағы олқылықтары азайту үшін білім алушылармен бірге сабақ оқиды.
Студенттерді репетитор ретінде тартудың бұл тәжірибесі Қазақстанда да қолданыла алады. Білімдегі олқылықтардың орнын толтыру міндеттері аясында қажеттіліктері бар білім алушыларға көмек көрсету жөніндегі шаралар қарастырылады.
Қашықтан оқытуды дамыту Қашықтан оқытуды жүзеге асыру кезінде елдер пандемия басталғанға дейінгі цифрлық және инфрақұрылымдық дайындық деңгейіне байланысты әртүрлі шешімдерді қолдана және бейімдей отырып, орын алған жағдайдан әрқалай шықты. Бірнеше ел (Сингапур, Франция, Оңтүстік Корея) пандемиядан бірнеше жыл бұрын жасалған ұлттық LMS шешімдерін қолданды. Қытай бастапқыда елдің бизнес қоғамдастығына арналған DingTalk қосымшасын қашықтан білім беру қажеттіліктеріне бейімдеді. ZOOM, Skype, MS Teams, Google Classroom сияқты оқу процесін ұйымдастыру және синхронды онлайн-сабақтарды өткізу бойынша бағдарламалар барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да қолданылды. Елдер цифрлық білім беру ресурстарының ауқымды көлемін жинақтады. Қазақстанды цифрлық білім беру контентін онлайн-сабақтармен барлық сыныптар мен пәндерді қамтып, сандық тұрғыдан сол сияқты сапалы арнада арттыруда.
Дамыған елдердегі ауыл мектептері педагогтер, білім алушылар және олардың отбасылары арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету және ресурстарды оңтайлы пайдалану үшін қашықтан оқыту мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады. Мысалы, АҚШ-та көптеген ауылдық округтер білім алушыларға мектепте жоқ пәндер, мысалы, екі жаққа қабылдану, кредиттерді қалпына келтіру, кәсіптік және техникалық білім беру курстары бойынша қашықтан курстарды ұсынады.
Осылайша, Қазақстанда қашықтан оқыту білім беру сапасын бақылауды қамтамасыз ете отырып, оқытудың ықтимал форматының бір бөлігі ретінде одан әрі дамытылады және нормативтік құқықтық қамтамасыз етіледі.