Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде


“Қазхром” Акционерлік қоғамының экономикалық жағдайы мен тиімділігін бағалау



бет5/11
Дата02.02.2023
өлшемі316,5 Kb.
#64657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2 “Қазхром” Акционерлік қоғамының экономикалық жағдайы мен тиімділігін бағалау



    1. ҚазХромның” технико – экономикалық жағдайы

ААҚ «ТҰК «Қазхром»» Қазақстан нарығында 1995 жылдан бастап жұ– мыс істейді. Корпарацияның құрамына: « Ақсудың ферроқорытпа заводы » (1968 жылы құрылған; феррохром, ферросилиция, ферросиликохром, ферро – силикомарганец, ферромарганец шығарады), және АҚ « Феррохром » (өнімі жоғары -, орта -, төмен көміртекті феррохром, ферросиликохром ), « ДОН ГОКі»(ААҚ «Феррохром» және Ақсу заводына хром кендерін байытумен айналысады).
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар Ұлттық комиссиясының қаулысымен 1999жылы 20 шілдеде ААҚ «ТҰК «Қазхромға»»ашық халық ак– ционерлік қоғам статусы берілді.
«Қазхромның» жарғылық капиталы 2001 жылы қайта белгіленген. Ол 7 903 485 000, 00 тенге болып тіркелді. Жалпы АҚ – да акциялардың 2 эмис –сиясы тіркелген. 1 эмиссия 1995 жылы болған (ол жай және арнайы акция – лардан тұрады ). 2 эмиссия 1996 жылы компанияның құрылымының өзгеру –іне байланысты болды.
Компанияның мүлкін негізгі және айналым қорлары, және бағасы өзіндік баланста көрсетілетін басқада мүліктер құрайды.
Мүлік Компанияның жеке құқығында болады.
Компания мүлкінің құрылу көздері:
- Акционерлердің жарғылық капиталға салымдары;
- Қоғам қызметінен түскен түсім,
- Қоғамның шаруашылық қызметі нәтижесінде өндіріл -ген өнім;
- Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынба - ған басқада көздер.
Жай акция акционерге дауыс бере отырып,акционерлер жина- лысына қатысуына құқық береді. Компанияның таза табыс көлемі - не байланысты дивиденд алу, компанияның жұмысы тоқтатылған жағдайда компания мүлігінің бір бөлігін алуға құқы береді.
Арнайы акция номиналды құннан 10 % - ды дивиденд алуға құқық береді. Арнайы акция иелері жай акция иелеріне қарағанда, жұмыс тоқтаған жағдайда компания мүлігінің көп бөлігін ала ала - ды.
Компания акцияларының құнын, санын Компанияның Дирек - торлар кеңесі, Қазақстан Республикасының аталған акциялар мөл - шерін ұлғайту тәртібі заңнамасына сәйкес белгілейді.
Салық және бюджетке міндетті төлемдерді төлегеннен кейін компанияның таза табысын үйлестіру жөнінде шешімді компания-ның Толық акционерлер жиналысы қабылдайды.
Жиналыстың шешімі бойынша, таза табыс, Компанияның қа - жеттіліктері өтелгеннен кейін, акционерлер арасында дивиденд тү- рінде бөлінеді.Компанияның акциялар бойынша дивидендтері ақ - шалай немесе құнды қағаздар түрінде беріледі.
Корпарацияның негізгі шығаратын өнімі: жоғары көміртекті ферро – хром, ферросилиций, ферросилихро, ферросилимарганец. Шығарылатын өнімдер құрышпен (сталь) қосымдыларды(сплав) қышқылдану мен легирова-ния жасауға, шойындарды модификациялаумен легирования жасауға, және металдарды силикометриялық жолмен алғанда қалпына келтіруші ретінде қолданылады. Корпарацияның өнімді өндіру көлемі әлемдік нарық жағдай – ындағы өнімге деген сұранысымен байланысты (белгілі бір түріне байланыс–ты). Ал әлемдік нарықта қазіргі кездегі сұраныс құрыштың өндіру көлеміне байланысты. Сол себепті соңғы жылдары ферросилицийға сұраныс төмендеп, көміртекті феррохром мен ферросиликомарганецқа сұраныс өсті. Корпарация перспективасында қосымдылардың ассортиментін арттыру көзделіп отыр(со- ның ішінде марганецтік, және феррохром өндіру қарқынын өсіру).
Қазқстан Республикасы Үкіметінің 26.07.01 жылғы шешімі бойынша ААҚ «ТҰК Қазхром»» туралы сұрақтары және 27.07.01 жылы өткен ААҚ«ТҰК «Қазхром»» акционерлері қатысуымен бол-ған жиналысы бойынша, АҚ«ТҰК«Қазхромды»», АҚ «Феррохром» ( Ақтөбе; электроферроқосымдылар өндірісі), ААҚ «Дон ГОКі» (Хромтау, Ақтөбе облысы; қара металл руда өндірісі) компанияла -рын біріктіру арқылы қайта құру туралы шешім қабылданды. Бірік тірілген акционерлік қоғамдарының мүліктері базасында ААҚ «ТҰК «Казхромды»» құру көзделді.
Компанияның органдарына жатады:

  1. Жоғарғы орган - Толық акционерлер жиналысы;

  2. Басқару органы - Директорлар кеңесі;

  3. Атқарушы органы - Басқарма (Правление);

  4. Бақылаушы орган - Ішкі аудит қызметі.

Компанияның негізгі қызметі болып саналады:

  • Танып білмеген, өндіруге дайындық үстіндегі жерлерді бақылау;

  • Құрамында металл бар рудаларды өндіру, өңдеу, олардан өнім дайындау;

  • Тауарларды өндіру және сату, жұмыстың орындалуы және кәсіпорындарға көрсетілген қызмет;

  • Заңға байланысты сыртқы экономикалық қызметі;

  • Құрылыс-монтажды және проекті жұмыстары;

  • Магистральді мұнайгаз құбырларын эксплуатациялау;

  • Металлургиялық, тау- шахталық құрылғыларды химиялық жөндеу;

  • Көтергіш қондырғыларды жөндеу және монтаж;

  • Түсті металлдар және ломды сақтау, жинау, сату;

  • Тау өндірістерін эксплуатациялау;

  • Медициналық қызмет;

  • өлшеу құралдарын тексеру;

  • теміржолмен жүк тасымалдау;

  • қауіпті жүктерді автотранспортпен тасымалдау;

  • құрылыс материалдарын өндіру және конструкциялау;

  • өндірістік объектілерін электромонтаждау;

  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқада қызмет түрлері.

Жоғарыда көрсетілген қызметтердің барлығын компания жүз- еге асырады, және қызметтерді жүзеге асыруға арнайы лицензия – лар мен рұқсаттамалар алынған.
Қазіргітаңда Қазақстан кәсіпорындары үшін ферроқосымды –ларға деген сұраныс өте аз, сондықтан бұл өндірістің өнімдерін компания шетелдерге экспорттап отыр. Шетелдік нарыққа компа – нияның өнімдерін шығару тенденциясының артуы көрініс табуда. Компания өнімдерінің негізгі тұтынушылары (95% - і) жақын және алыс шет елдері болып табылады.Өнімдердің көп бөлігі жоғары са- палы және тозуға тұрақты құрыш өндіретін,литийлі құрыш өнеркә- сіптеріне сатылады. Ол негізгі 4 аймаққа: Еуропа, Қиыр Шығыс, США, ТМД елдерінде тұтынысқа ие. Бірақ сонымен қатар компа –ния өз өнімдерін сыртқа шығаруда, бірқатар нарықтарға шығуды көздеп отыр. Олар: Австралия, Парсы шығанағы және Қиыр Шы –ғыс елдері, Үндістан және Оңтүстік Американың кейбір мемлекет– тері.
«Дон ГОКінен» басқа, негізгі, рудалы шиказаттармен (мар –ганец рудасы, кварцит) қамтамасыз ететін Қазақстанның өндіруші кәсіпорындары (Жезқазған және Қарағанды облыстары) болып табылады. Олар ұзақ мерзімді контракттар негізінде, зауыттың үзі- ліссіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сабақты (стружка) Қазақстан Вторчерметі, коксты Алтай коксо – химиялық және Төменгі Тагил-дық металлургия комбинаты (Ресей) жабдықтайды.
1990 – шы жылдары, әріптестік байланыстардың бұзылуы мен КСРО -ның құлдырауына байланысты кризистік жағдайлардан бол- ған, өндірістің күрт төмендеуі кәсіпорындар үшін ауыр соққы бол- ды. Басқарушы инвестор - фирма «Japan Chrome Corporation» келу- імен жағдай жақсара бастады. Ол- өндірісті қажетті айналым капи- талы мен өндірістік базаны жетілдіруге бағыталған инвистициялар мен қамтамасыз етті. Басқару кезеңінде компанияның өндірістік және сауда стратегиялары өзгерді. Өзінің бәсекеқабілеттілігін сақ- тау және әлемдік нарықты жаулап алу үшін сапаны жоғарылату, өнім ассортиментін кеңейту; өндірістік процессті қайта құруға, пештерді реконструкциялау мен модернизациялауға, технология –ларды жаңашылдандыруға байланысты өзіндік құнды төмендету шаралары мақсатты т үрде жүзеге асырылуда. 1998 жылы «Japan Chrome Corporation» фирмасы жойылған АҚ «Қазақмарганец» мү –ліктік комплексін сатып алды да, аренда ретінде «Ақсу ферроқо –сымдылау зауытына» берілді. Мүліктік комплестің құрамына: нә -зік рудаларды 250 мың тонна қуаттылығымен жылына 75 мың тон–на марганец концентратын өндіретін стационарлы байыту фабрика сы, қышқыл рудаларын 200 мың тонна қуаттылығымен жылына 100 мың тонна марганец рудасын өндіретін жазғы тазалау қондыр-ғысы кіреді.
2000жылы ферроқосымдылау өндірісі 1,1 млн. тонна деңгей – іне жетті. Тауарлы ферроқосымдылаудың тауарлы өндірісі 1 млн. тоннаға, 1995 жылмен салыстырғанда 134,1 % - ке өсті. Тауарлы феррохром көлемі 750 мың тоннаны құрады, 1995 жылмен салыс – тырғанда 59,8 % - ке өсті.Силикомарганец өндірісі тезірек дамыды және 2000 жылы 130,9 % - ті құрады, ол 1995 жылдан айтарлықтай жоғары. Ары қарай өндірістің дамуы- шикізаттық марганецті руда- лық база - «ТУР» (Жезқазған облысы) иелігінде болды.
2000 жылы, әлемдік нарығының коньюктурасына байланыс –ты, балқытылатын қосымдылардың структурасының өзгеруі, ары қарай жалғаса берді. Сонымен 2000 жылы орта және төмен көмір –текті феррохром өндірісі 74 % - ті құраған. Ол 1999 жылға қараған да 54 % - ке өскен (1999 жылы 20 % болған) АҚ «Феррохром» қа –былдады. Сонымен қатар, АҚ «Феррохром» зауыт және компания үшін жаңа, гранулданған «ФС 15Г»-реогентті ферросилиции мар –касы өндіріле бастады (ауыр суспензияларды байыту үшін қолда –нылады). 1999 жылдан басталған металлды хром өндірісі,2000 жы-лы 120 тонна/айына дейін өсті.
2000 жылы АҚ «Дон ГОК - і» 2,6 млн. тонна тауарлы хромды рудасы өндірілді. «Дон ГОК - інің» тауарлы хромды рудасын өн –діруге қажетті тұрақтандыру және қалпына келтіру шаралары 2000 жылы енгізілген. «Поисковой, Центральная, Молодежная» шахта –ларының енгізілгені,өндіріс қуаттылықтарын арттыруға үлкен әсе- рін тигізді.
Ақшалай көрсеткенде 2000 жылы толығымен компания бой –ынша 56090,70 млн. теңгеге тауарлы өнім өндірілді, соның ішінде тауарлы өнім көлемін құрады: Ферроқосымдылау Ақсу зауытында– 31886,5 млн. тенге, ААҚ «Феррохром»- 13735,8 млн.тг, ААҚ «Дон ГОК - інде»- 10468,4 млн.тенге. Есепті жылдағы тауарлы өнім рен- табельділігі: Ферроқосымдылау Ақсу зауытында 15,3%,ААҚ «Фер- рохром» 7,6 %, ААҚ «Дон ГОК - інде» 41,3 % құрады.





2 – сурет. 2000 жылғы тауарлы өнім өндірудің ақшалай көрінісі

Кәсіпорынның пайдасы мен шығынын,өндірілген тауар, өткі–зілген тауар көлемін, жұмыс персоналын, еңбек өнімділігін, таза табысты, жалпы табысын және т.б. жағдайларын анығырақ көрсету үшін кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін тал- даған жөн.


1 – кесте «ТҰҚ «Қазхром»» АҚ – ның 2007 – 2008 жж. негізгі технико – экономикалық көрсеткіштері





Көрсеткіштер

ӨлшемБірл.

2007

2008

Ауытқу

( + ; - )

%

1

Өнімді сатудан түскен табыс

мың тг.

128724204

151116721

22392517

117,4

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың тг.

57140689

60985460

3844771

106,7

3

Жалпы табыс

мың тг.

71583515

90131261

18547746

125,9

4

Кезең шығындары

мың тг.

19062987

24657775

5594788

129,4

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

мың тг.

52520528

65473486

12952958

124,7

6

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

мың тг.

-1297987

-884231

413756

68,1

7

Салық салынғанға дейінгі табыс

мың тг.

51222541

64589255

13366714

126,1

8

Табыс салығы бойынша шығындар

мың тг.

16095704

20437155

4341451

127.0

9

Салық салынғанғаннан кейінгі табыс

мың тг.

35126837

44152100

9025263

125,7

10

ЧП - дан түскен шығын

мың тг.

1082

854

-228

78,9

11

Таза табыс

мың тг.

35125755

44151246

9025491

125,7

12

Өткізілген өнімнің 1-тг.е шаққандағы шығыны

тг.

0,59

0,57

-0,02

96,6

13

Өнім рентабельдігі

%

46,1

51,6

5,5

-

14

Сату рентабельдігі

%

27,3

29,2

1,9

-

15

Өндіріс рентабельдігі

%

0,6

0,5

-0,1

-

16

жұмысшылар саны

адам

15600

15790

190

101,2

17

Еңбек ақы қоры

мың тг.

6822716

7609592

786876

111,5

18

1 жұмысшының орташа айлық еңбек ақысы

тг.

36446,1

40160,4

3714,3

110,2

19

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны

мың тг.

33160009

41802016

8642007

126,1

20

Айналым құралдарының орташа жылдық құны

мың тг.

31112153

51742795

20630642

166,3

21

Қор қайтарымдылығы

тг.

3,9

3,6

-0,3

92,3

22

Қор сиымдылығы

тг.

0,3

0,3

0

100.0

23

Қормен қарулану

мың тг.

2125,6

2647,4

521,8

124,5

Кестені қарастыратын болсақ 2 жыл бойынша мәліметтер арасында бір шама айырмашылықтардың бар екендігін байқаймыз.


Сол өзгерістердің себептерін талдайық:
1 - ші көрсеткіш - өнімді сатудан түскен табыс деп аталады және ол 2007 жылы 128724204 мың тг. құраса, 2008 жылы 151116721 мың теңгеге дейін көтерілді. Оның себебі 2008 жылы өнім шығару келісімі ұлғайған және жаңа технологияларды қолдану арқылы өнімнің өзіндік құны төмендеп отыр. Сонымен қатар 2002 жылдан 2008 жылға дейін компанияның табысы 124 % - ға өсті. Оның себебі, бағаның жағымды конъектурасы болды.
2 - ші көрсеткіш - өткізілген өнімнің өзіндік құны. Ол 2007 – ші жылы 57140689 мың теңгені құраса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 60985460 мың теңгеге дейін өсіп отыр. Өзіндік құнның өсуінің себебі өнімдерді шығару көлемінің ар- туымен байланысты болуы мүмкін. Мысалы: «Дон ГОК - інде» хром кендерін өндіру 2007 жылмен салыстырғанда 8,8 % - ға өсті немесе 308 мың тонна кен өндірілді. Сонымен қатар өндіріс ш ығындары 9 % - ға өсті: 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда негізгі шикізаттардың бағасы өсті. Сақтандыру төлем- дері де 15 % - ға өсті.
3 - ші көрсеткіш - бұл жалпы табыс. 2007 жылы 71583515 мың теңге болған болса, 2008 жылы 90131261 мың теңгеге жеткен. Базалық жылмен салыстыр –ғанда 18547746 мың теңгеге өскен. Жалпы табыстың өсуінің негізгі себеп –терінің бірі «Дон ГОК - інде» ашылған цех болуы мүмкін ( 2008 жылы іске қосылған ,өндіріс қарқынын 700 мың тоннаға өсірді), өткізілген өнімнен түсе –тін табыстың өсуі болуы мүмкін.
4 - ші көрсеткіш – кезең шығындары. Мұнда базалық жылы 19062987 мың теңге болған болса, есепті жылы 24657775 мың тг.- ге дейін өсіп отыр. Есепті жылы шығындар 5594788 мың теңгеге дейін өсті, себебі 2008 жылы МСФО – ға өтуіне байланысты және «Low Craft» юристік компаниясының қызметін пайдаланғаны үшін, транспорттық – экспедициялық шығындардың артуына, лизингтік пайыздарды төлеуге байланысты болды.
5 - ші көрсеткіш - негізгі қызметтен түскен табыс. Бұл көрсеткіш бойынша есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда пайда 12952958 мың теңгеге өсіп отыр. Себебі жалпы табыс өсіп отыр.
6-шы көрсеткіш - негізгі емес қызметтен түскен табыс (шығын). Бұл көрсет- кіш бойынша есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда пайда 413756 мың теңгеге тең болды. Мұнда компания 2008 жылы негізгі қорларды өткізуден шығындарын азайтқан, бағамдық айырмашылықтыан базалық жылмен салыс –тырғанда ұтысқа жеткен.
7 - шы көрсеткіш - Салық салынғанға дейінгі табыс. Базалық жылмен салыстырғанда есепті жылы табыс өсті, яғни ауытқуы 13366714 мың теңгені құрады. Бұның негізгі себебі өткізілген өнімнен түскен табыс пен жалпы табыс 2008 жылы өсіп отыр.
8 - ші көрсеткіш - табыс салығы бойынша шығындар. Бұл шығындар өсіп отыр. Себебі компанияның есепті жылдағы табысы өсті.
9 - шы көрсеткіш - таза табыс. 2008 жылы таза табыс артып отыр. Себебі есепті жылы компанияның өнім өткізу көлемі өсіп отыр, өткізілген өнімнен түскен табыс пен жалпы табыс өсіп отыр.
13 - ші көрсеткіш - өнімнің рентабельділігі. Базалық жылы бұл көрсеткіш 46,1 % -ды құрады, ал есепті жылы ол 51,6 %-ға көтерілді. Көрсеткіштің бұлай өзгеруіне әсер еткен факторларға жалпы табыстың өсуі мен 2008 жылы өнімнің өзіндік құнының төмендеуін жатқызуға болады.
14 - ші көрсеткіш - сату рентабельділігі. 2007 жылы бұл көрсеткіш 27,3%-ға тең болса, 2008 жылы 29,2 %-ға өсіп отыр, ауытқуы 1,9 % - ға жетті. Мұның себебі өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуіне байланысты.
16 - шы көрсеткіш – жұмысшылардың саны. 2007 жылы қызметкерлердің саны 15600 адам болды, ал есепті жылы бұл көрсеткіш 190 адамға өсті. Бұның бебебі өндіріс көлемін ұлғайтуға байланысты жаңа еңбек күші керек болды, сонымен қатар жаңадан сатып лаынған техникалар бойынша да жоғары білімді мамандар жұмысқа алынды.
17 - ші көрсеткіш - ебек ақы қоры. Еңбек ақы қоры 2007 жылы 6822716 мың теңгені құраса, 2008 жылы 7609592 мың теңге болды. Мұндағы ауытқу 786876 мың теңгені құрады, себебі 2008 жылы кәсіпорын қызметкерлерінің саны өсті.
18 - ші көрсеткіш - 1 жұмысшының орташа айлық еңбек ақысы. 2007 жылы бұл көрсеткіш 36446,1 теңге болса, 2008 жылы 40160,4 теңгеге дейін өсті. Бұған кәсіпорындағы ынталандыру жұмыстары көп әсерін тигізген шығар.
19 - шы көрсеткіш негізгі қорлардың орташа құны. Мұндағы көрсеткіштер- дің ауытқуы 18642007 мың теңгені құрап отыр. Көрсеткіштердің бұлай ауыт –қуы тиімді жоғары негізгі қорларды игеру, яғни жаңа ғылыми технологияларға сай техникаларды сатып алуы әсер еткен.
21 – ші көрсеткіш – қор қайтарымдылығы. Базалық жылы бұл көрсеткіш 3,9 теңгені құраған, ал есепті жылы ол 3,6 теңгені құрап отыр. Бұл жердегі ауытқу 0,3 - ға төмендеп отыр. Оның себебі негізгі қорлардың орташа құны – ның өсуі болып табылуы мүмкін.
23 - ші көрсеткіш - қормен қорлану деп аталады.2007 жыл бұл көрсеткіш 2125,6 мың теңге болса, 2008 жылы ол 2647,4 мың теңгені құрады. Оған қызметкерлердің тізімдік санының ұлғаюы әсер етті.
Жоғарыда жасалған талдаулардан кейін «Қазхромның» өндіріс тиімділігін келесі бөлімшеде қарастырайық.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет