Соңғы жылдары Қазақстан экономикасы тез қарқынмен өсіп келе жа - тыр. Мысалы: соңғы үш жылда ЖІӨ - нің өсу деңгейі 10% көлемінде болып отыр. Бұл шама еліміз үшін үлкен жетістік. Бірақ, мұндай жетістіктерге жету- іміз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соң –ғы жылдары мұнай мен металл бағасының өсуіне тікелей байланысты. Ел экономикасы әлі шикізаттық бағытынан арыла қойған жоқ. Ал әлемдік прак - тикада дамыған елдер шикізаттық өндірістен сервистік –технологиялық өнді-ріске өтіп, индустриялы – инновациялы дамуға бет алған. Ал шикізаттық өн – діріспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Ел басымыз атап өткендей, еліміз жоғары дамыған елдерқ қатарына қо - сылу үшін және экономикамыз шикізаттық өндіріске тікелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшін бүгінде инновациялық саясатты тиімді жүргізіп, әлемдегі елдердің қатарына қосылуымыз керек. Елдің негізгі эконо- микалық дамуына, яғни өндірістің тиімділігін арттыру үшін инновациялық қызмет ең қажеттісі.
Өндіріс тиімділігі көбінесе өндіріс технологиясын таңдауға тәуелді. Сол себепті, қазіргі кезде өндіріс тиімділігін арттыруда инновациялық про – цестердің ролі зор. Ол жаңа технологиялар мен нарыққа бәсеке қабілеттілігі жоғары жаңа тауарларды шығару арқылы көрініс табады. Кәсіпорындарда инновацияларды іздеу мен қолдану актуалды проблема болып табылады. Ұйымдастырудың жаңа техника және технологиялық шешімдері, басқарудың негізгі принциптерін дамытуды қолдану, отандық нарықтың спецификасына байланысты кәсіпорынның өндіріс үрдістерін жаңартумен кәсіпорынның эко-номикалық өсуіне қосымша импульс береді. Өз табиғатына байланысты ин – новация тек қана техникамен технологияны дамыту емес, сонымен қатар ғы - лыми өндірістегі кез – келген өзгерістерді (егер олар жақсы нәтиже берсе) ай-та аламыз. Кәсіпорынның техникалық және технологиялық базасының жаңа– рып отыруы, инновациялық үрдісті бәсеке қабілетті өнім шығарудың негізгі жағдайы ретінде қарастырады. Сонымен қатар инновациялық үрдіс кәсіпо –рынның нарықта жаңа позицияны жаулап алуға және өз позициясын жоғалт – пауға; өндірісті көтеруге және кәсіпорынның тиімділігін арттыруға мүмкін – дік береді.
Австриялық экономист Й. Шумпетер инновация теорисының негізін жасаған. Ол инновацияны (техника) кәсіпкердің пайда алуға мүмкіндік бере –тін бірден – бір құралы ретінде қарастырған және оны дәлелдеген. Ол «ди – намикалық кәсіпкерді» конъюнктуралық ауытқулардың көзі деген. Осы ауыт- қулардың себебін зерттей отырып, Шумпетер, эконмика ғылымында бірінші болып, «дамудың жаңа комбинацияларын» атап және оларға сипаттама бер – ген.
Шумпетер 5 типтік өзгеруді атап өткен:
жаңа қасиеттері бар өнім шығару
30 – шы жылдары И. Шумпетер инновацияны кез –келген өзгеріс ретін- де қарастырған. Ол өндірісте жаңа техника немесе жаңартылған технология - лармен жаңа ұйымдық шешімдерді қолдану керек деп есептеген.
П.Ф. Друкер инновацияны кәсіпкерлердің ерекше құралы ретінде қа – растырған. Өзгерістер көмегімен кәсіпкерлер жаңа бизнесті немесе жаңа қыз- метті жүзеге асырады деп есептеген.
Жоғарыда айтылған екі анықтама бір – бірін толықтырып отыр деп ай – туымызға болады.
Халықаралық стандарттарға сәйкес инновация инновациялық қызмет – тің соңғы нәтижесі ретінде қарастырылады. Ол нарыққа енгізілген жаңа өнім немесе жақсартылған өнім ретінде, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс ретінде көрініс табады.
Дәстүрлі түрде инновациялар екі негізгі категорияға бөлінеді:
технологиялық
технологиялық емес
Зерттеулер көбінесе технологиялық инновацияларға бағытталған. Себе- бі, ол өндіріс дамуының қарқындылығының тікелей сипаттамасы болып та – былады. Оған ғылыми техникалық прогресті қолданатын барлық әрекеттер кіреді. Сәкесінше ұйымдық,басқарушылық, құқықтық, әлеуметтік, экология –лық инновациялар технологиялық емес инновацияларға жатады.
Классикалық түрде өндірісті дамытуда инновациялар маңыздылығы бойынша келесі топтарға бөлінеді:
1 – топ. Базалық инновациялар – қоғамда бұрын болмаған жаңа бір өнімді шығару арқылы, техникада революциялық өзгерістерге алып келеді, жаңа бағыттарын қалыптастырады, технологиялық жүйені сапалы түрде өз -гертеді, жаңа салаларды қалыптастырады. Бұндай инновациялар көп уа - қытпен үлкен қаражатты қажет етеді. Бірақ өндірістің тиімділігін арттыруда үлкен нәтиже береді.
2 – топ. Ірі және принципті инновациялар – бұл инновация нарықта немесе өндірісте бар техниканың анологиялық түрде түрде ары қарай дамы – тү. Ол дегеніміз жаңа технологиялар фундаменталды ғылыми принциптерді қолдану арқылы жүзеге асады. Сонда, қолданбалы зерттеулер мен жетілдіру– лер арқылы жасалған өнімдердің технико экономикалық көрсеткіштері жоға–ры болады. Ол пайда болған қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік бе- реді. Осы инновацияларды жүзеге асыруға кететін уақытпен шығын аз бола – ды. Бірақ техникалық деңгейдегі секірме мен тиімділік төмен болады.
3 – топ. Орташа және комбинаторлық жаңалықтар – ол элементтер- дің әртүрлі конструктивті жалғануын сипаттайды. Орта деңгейдегі жаңалық – тар мен ноу – хауды іске асыру барысында, осы инновациялар бар техниканы модификациялауға, бар технологияны жетілдіруге, өнімнің технико – эконо – микалық көрсеткіштерін жаңартуға мүмкіндік береді.
4 – топ. Кіші және комбинаторлық жаңалықтар – бұл жаңалықтар кішігірім құралдарды жасау, рационализаторлық ұсыныстар арқылы жүзеге асады. Бұл жаңалықтар өнімнің негізгі немесе жанама технико – экономика – лық параметрлерін жақсартуға бағытталған. Шығарылатын өнімнің параме – трлерін жақсарту, өнімнің қолдану тиімділігін арттырады.
Кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін инновация – лық қызмет мыналард қамтамасыз етуі қажет:
қажеттіліктерді жоғары деңгейде қанағаттандыру;
кәсіпорынның бәсекелік қабілеті өнімнің сапасымен өндірістің тиімділігі арқылы көрсетілуі, тұрақтылық пен жаңа технологиялар арасындағы балансқа жету. Табыс алып келетін келетін дәстүрлі технологияны қолдана отырып, ресурстардың бір бөлігін жаңа технологияларды енгізуге бағыттау, техникалық мүмкіндіктерді әртараптандыру;
радикалды және эволюциялық өзгерістерге дайын болу, оларға тез қарқынмен бейімделе білу, сонымен қатар, жоғарыда айтылған өзгерістерге икемделу. Кәсіпорынның өзі де эволюциялық және радикалды идеяларды шығара білу, новатор болу;
өндірісті ұйымдастыра білу, сонымен қатар, инновациялар жайлы ақпаратты нарықтан тез қарқынмен ала білу. Новаторлық проекттер-ді альтернативалардың ішінен таңдай білу.
Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындардың стратегиларына өзгерістер ен- гізіліп жатыр. Олар жаппай өндіріс стратегиясынан бас тартып инновация – лық стратегияға бағытталды. Жаңалықтар кәсіпорындарға шаруашылықтың дұрыс жұмы істеуін, тиімділікпен бәсекелестік қабілетінің жоғары болуын қамтамасыз етеді. Бәсекелестік позициялармен өндіріс тиімділігі және инно –вациялық потенциялдар арасында тығыз байланыс бар. Кәсіпорынның тиім –ділігін арттыруға өнімнің сапасы, шығындарды тиімді пайдалану саясаты, жаңа бәсеке қабілетті проектілерді жарыққа шығару және рентабельді бизнес проектілерді таңдай білу әсер етеді.
Б.Твис былай деген: «мәселе тек жаңалықтарда емес, ал тиімді, пайдаға бағытталған ғылыми – техникалық жаңалықтарды басқаруда». Осы себептен инновацияның мәнін кәсіпорынның деңгейінде қарастырғанда, оны өндіріс тиімділігн арттыратын құрал ретінде қарастыру қажет.
Сөзсіз инновация қоғамның кейбір қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Бірақ сонымен қатар бөлек алынған ресурстарды қолдану тиім – ділігін арттыруға немесе өндірістің бөлек бөліктеріннің тиімділігін арттыруға немесе кәсіпорынның тиімділігін арртыруға көмектеседі. Бірақ ол әрдайым болмайды. Инновацияның тиімділігіне (кәсіпорынның өндіріс тиімділігін жо- ғарылату немесе экономикалық эффект алуына) әсер етуші факторларға бай –ланысты болады (экономикалық, заңдық, техникалық, нарықтық, т.б.). олар –дың әсер ету дәрежесін болжау өте қиын.
«Қазхром»АҚ – ы 2008 жылы 107,8 млн. $ қаражатты пайдаланған. Со - ның ішінде жаңа қуаттылықтарға 58,250 млн. $ жұмсалған. Табиғатты қорғау шараларына байланысты 30 млн. $ жұмсалған ( газ пештерін тазалау қондыр- ғылары, аспирациялық қондырғылар). 21,027 млн. $ жұмыс істеп тұрған қон- дырғыларды жаңарту мақсатында жұмсалған. 10,86 млн. $ жаңа құрал – жаб-дықтар сатып алынған. 3,66 млн. $ зерттеу жұмыстары атқарылған ( топогра- геодезиялық зерттеулер).
Компанияның ең негізгі инновациялық процестеріне негізінен кәсіпо – рынға жаңа технологиялар болып табылады. Мысалы жоғарыда айтылған мә-ліметтерге қарап АҚ – ның зауыттарында өзгерістер болғанын айта аламыз. Мысалы : Ақтөбе ферроқосымды зауытында, газ тазалау пештер іске қосыл –ды. Ол пештер негізінен пештерді құрғақ түрінде тазалауға бағытталған. (Оған АҚ 13,0 млн $ жұмсады.). Ол № 1 қорытпа цехындағыатмосфераға түсетін антропогендік ауыртпашылықты төмендетіп, шаң фильтрациясын 99,8% - ға түсіреді. OHSAS 18000 әлемдік стандартына сай.
Ақсу зауытында электро көпірлік крандарды алынды. Ол ферроқорыт – палардың ыдратуын технологиялық режим ретінде қадағалайды. Сонымен қатар шағын және ірі металлоконструкцияларды дайындауды тездетеді. 2008 жылы 1453 мың $ - ға 5 кран сатып алынған.
Жаңа технологияларды АҚ – ның зауыттарына енгізілуі:
Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты:
кокстық майданы өндіру барысында тәжірибе - өндірістік жұмыстар атқарылған;
Кокстық брекеттерді қолдану арқылы жоғары көміртекті феррохромды балқытуда тәжірибелік жұмыстар атқару.
Ақсу зауытында:
өндірістік үрдіс барысында жоғары көміртекті феррохромды балқытуды, күйдірілген хром рудалық окатыштар арқылы жүзеге асыру
Дон ГОК – нде:
күйдірілген хром окатыштарын өндіру технологиясын өндіріске енгізу
Сонымен қорыта айтқанда, инновация – ол кәсіпорынның тиімділігін арттыруға бағытталған жаңалықтар енгізу. Кәсіпорын өз кезегінде иннова –циялар арқылы қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тырысады. Осы жерде тиімділікті экономикалық, өндірістік, әлеуметтік және т.б. инновация-дан күтілетін нәтиже ретінде қарастыру қажет.