Қазақстан Республикасында заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл пәнінің түсінігі, мәні, тәсілдері, принциптері



бет3/5
Дата13.07.2022
өлшемі70,19 Kb.
#37655
1   2   3   4   5

Шетелдік қылмыстық заңдардың аталмыш қылмысқа қатысты өзара өзгешеліктері ең алдымен ондағы легализацияланатын қаражаттардың шығу тегіне қатысты іс-əрекеттердің тізімін анықтауға байланысты. Əрбір елде заңсыз қаражаттардың шығу тектеріне төмендегілердің бірін жатқызады:

  • Шетелдік қылмыстық заңдардың аталмыш қылмысқа қатысты өзара өзгешеліктері ең алдымен ондағы легализацияланатын қаражаттардың шығу тегіне қатысты іс-əрекеттердің тізімін анықтауға байланысты. Əрбір елде заңсыз қаражаттардың шығу тектеріне төмендегілердің бірін жатқызады:
  • қылмыстар (қолданыстағы қылмыстық заңда қарастырылған қылмыстардың кез келгені бола алады);
  • тек қана ұйымдасқан қылмыстылық үшін тəн қылмыс түрлері;
  • құқықбұзушылықтар;
  • есірткілердің заңсыз айналымына қатысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстар.
  • Егер заңсыз табыстарын легализациялауға байланысты қабылданған алғашқы халықаралық акттерге назар аударатын болсақ (аталмыш қылмыстың анықталуының бастамасы халықаралық акттер негізінде жүргізілген), онда берілген анықтамалар көбіне казуистикалық, яғни қылмыстық қудаланатын, іс-əрекеттердің шеңбері нақты анықталу негізінде болғанын байқаймыз. Атап айтсақ, Вена Конвенциясының үшінші бабы əрбір қатысушы-мемлекеттен есірткінің заңсыз айналымынан алынған ақшаларды заңдастыруды қылмыс ретінде тануын талап ете отырып, бұл іс-əрекеттерге келесі түрде анықтама берген:
  • конверсия, немесе меншікті ауыстыру, егер мұндай меншік Конвенцияда қарастырылған құқықбұзушылықты немесе құқықбұзушылықтарды жасау нəтижесінде не болмаса мұндай құқықбұзушылыққа немесе құқықбұзушылықтарға қатысу нəтижесінде алынғаны белгілі болса, əрі бұл іс-əрекеттер меншіктің заңсыз көзін жасыру немесе мұндай құқықбұзушылыққа немесе құқықбұзушылықтарға қатысқан кез келген адамға ол өз іс-əрекеттері үшін жауапкершіліктен жалтаруы үшін көмек көрсету мақсаттарында жасалса;
  • (ii) меншіктің немесе оған құқықтың шынайы шығу тегін, орналасқан жерін, əлдебір қозғалыстарын жасыру немесе бұрмалау, егер мұндай меншік осы конвенцияда қарастырылған құқықбұзушылықты немесе құқықбұзушылықтарды жасау нəтижесінде, не болмаса мұндай құқықбұзушылыққа не құқықбұзушылықтарға қатысу нəтижесінде алынғаны белгілі болса;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет