Қазақстан Республикасында заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл пәнінің түсінігі, мәні, тәсілдері, принциптері



бет2/5
Дата13.07.2022
өлшемі70,19 Kb.
#37655
1   2   3   4   5

Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан заңсыз табыстардың легализациялануы (жылыстатылуы) ұйымдасқан қылмыстылықтың қаржылық негізін құрайтындығын мойындауы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықтың неғұрлым осал жерінен соққы жасау қажеттілігін пайда етті [1]. Қылмыстық істерден түскен ақша қаражаттары мен өзге де мүлікті жасыру айтарлықтай оңай емес, олар, кейде, алдында орын алған предикатты құқық бұзушылықты немесе қылмысты анықтауда заттай дəлелдемелер де болуы ықтимал. Əрбір мемлекетте сенімді бақылау механизмдері құрылып, олар табысты қызмет атқарған жағдайда ғана қаржы жүйелерінің шектеріндегі қылмыстық табыстардың аударымдарын тиімді анықтауға болады. Заңсыз (қылмыстық) табыстарын легализациялау үшін жауаптылық орнататын шет елдердің қылмыстық заңнамасын зерттеп, игеру отандық қылмыстық құқық ғылымы мен тəжірибесі үшін маңыздылығы зор, өйткені бұл бағыттағы қоғамдық қауіпті əрекеттерді шет мемлекеттердің криминализациялау бойынша заңнамалық тəжірибесі еліміздегі құқықтық жүйенің спецификасын ескере отырып, заңнаманы жетілдіру бағыттарын айқындауға көмектеседі. Сондықтан қазіргі таңда Қазақстан Республикасы экономикалық, саяси жəне мəдени салаларда ынтымақтасуды көздейтін жəне айтарлықтай экономикалық, құқықтық салада жетістіктерге қол жеткізген шет елдердің заңсыз (қылмыстық) табыстарды легализациялауға қарсы қылмыстық құқықтық күрес негіздерін игеру жəне бағалау қажеттілігі туындап отыр. Сонымен бірге қарастырылып отырған қылмыс құрамы отандық қылмыстық құқық практикасы үшін айтарлықтай жаңа құбылыс, мұнда шетелдік тəжірибеге назар аудармастан, əрі қарай жетілу қиынға соғатыны анық.

  • Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан заңсыз табыстардың легализациялануы (жылыстатылуы) ұйымдасқан қылмыстылықтың қаржылық негізін құрайтындығын мойындауы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықтың неғұрлым осал жерінен соққы жасау қажеттілігін пайда етті [1]. Қылмыстық істерден түскен ақша қаражаттары мен өзге де мүлікті жасыру айтарлықтай оңай емес, олар, кейде, алдында орын алған предикатты құқық бұзушылықты немесе қылмысты анықтауда заттай дəлелдемелер де болуы ықтимал. Əрбір мемлекетте сенімді бақылау механизмдері құрылып, олар табысты қызмет атқарған жағдайда ғана қаржы жүйелерінің шектеріндегі қылмыстық табыстардың аударымдарын тиімді анықтауға болады. Заңсыз (қылмыстық) табыстарын легализациялау үшін жауаптылық орнататын шет елдердің қылмыстық заңнамасын зерттеп, игеру отандық қылмыстық құқық ғылымы мен тəжірибесі үшін маңыздылығы зор, өйткені бұл бағыттағы қоғамдық қауіпті əрекеттерді шет мемлекеттердің криминализациялау бойынша заңнамалық тəжірибесі еліміздегі құқықтық жүйенің спецификасын ескере отырып, заңнаманы жетілдіру бағыттарын айқындауға көмектеседі. Сондықтан қазіргі таңда Қазақстан Республикасы экономикалық, саяси жəне мəдени салаларда ынтымақтасуды көздейтін жəне айтарлықтай экономикалық, құқықтық салада жетістіктерге қол жеткізген шет елдердің заңсыз (қылмыстық) табыстарды легализациялауға қарсы қылмыстық құқықтық күрес негіздерін игеру жəне бағалау қажеттілігі туындап отыр. Сонымен бірге қарастырылып отырған қылмыс құрамы отандық қылмыстық құқық практикасы үшін айтарлықтай жаңа құбылыс, мұнда шетелдік тəжірибеге назар аудармастан, əрі қарай жетілу қиынға соғатыны анық.
  • Заңсыз табыстарын легализациялау түсінігі (ағылш. money laundering) АҚШ-та өткен ғасырдың 80-жылдарында есірткі бизнесінен түскен табыстарға қатысты қолданыла бастаған жəне заңсыз алынған қаражаттарға заңды түр-сипат беру процесін аңғартады. Қазіргі кезде осы қылмыстың анықтамасына қатысты ортақ консенсусқа қол жеткізілген жоқ дерлік. Бұл қылмыстың түсінігіне қатысты алғашқы анықтамалардың бірін 1984 жылы ұйымдасқан қылмыстылық бойынша АҚШ Президенттік комиссиясы берген болатын: «...заңсыз ақшаларды заңдастыру — бұл табыстардың бар екендігін, олардың заңсыз тегі немесе заңсыз пайдаланылуы жасырылатын жəне артынан осы табыстардың шығу тегін заңды етіп көрсететін процесс».
  • Мұнда айта кететін жайт — заңсыз табыстарын легализациялау іс-əрекетін криминализациялау процесі ең алдымен есірткі заттарының заңсыз айналымынан алынған табыстарға қатысты дамыған болатын. Осы тұрғыда аталмыш қылмыстың алғашқы белгілері Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі жəне психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күресу бойынша ұйымдастырылған Вена Конвенциясында (1988 ж. 19 желтоқсан) берілген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет