«Қазақстан Республикасындағы адвокаттың мәртебесі»
Орындаған: Зейнабидин Заңғар Қуанышұлы 1997-жылғы 5-желтоқсандағы Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңында адвокаттың жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы заң шеңберінде кәсіби негізде заң көмегін көрсететін ҚР-ның азаматы екнедігі көрсетілген.
Адвокат қызметі сипаттайтын осындай негізгі белгілер:
- кәсіби қызмет адвокаттары жалпы құндылықтар мен мүдделерге байланысты адамдар қоғамдастығына біріктіреді;
- заң көмегін көрсету мақсатын кіріс табудан жоғары қою;
- білікті заңгерлік білім мен практикалық тәжірибе;
- жоғары кәсіби әдеп.
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың ұсынған құжаттарын тиісті ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптар мынадай (Әділет аттестациялық комиссиясының 12.10.01. жылғы хаттамалық шешімімен бекітілген):
1. Жеке парақта барлық бағандар толтырылуы тиіс, фотосурет аталған парақтың арнайы белгіленген орнына желімденуі тиіс.
2. Мінездемеге мөр, күні және шығыс нөмір қойылып, үміткер жұмыс істейтін не жұмыс істеген ұйымның бірінші басшысы немесе басшысының орынбасары қол қоюы тиіс.
3. Өмірбаян күні және үміткердің қол қойылып, еркін нысанда қолмен жазылуы тиіс.
4. Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынатын медициналық үміткердің тұратын жері бойынша берілуі тиіс.
5. Соттылығының және қозғалған қылмыстық істің жоқтығы туралы анықтаманы бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсетіп, үміткердің тұрған жеріндегі аумақтық ҚСАО (Құқықтық статистика және ақпарат орталығы) беруі тиіс.
6. Заңгерлік мамандығы бойынша өтілін растайтын қызмет тізімінен алынған көшірме үзіндіні оны берген кадр қызметі куәландырылуы тиіс.
Адвокаттың кәсіби қызметі сан қырлы және бір қатар ерекшеліктері бар:
заң көмегін көрсете отыра, әртүрлі істі шешуге жәрдемдесе отыра адвокаттың, егер бұған заңды және обьективті негіздеме болған жағдайларда, істердің кейбір санаттары жүргізуді өзіне қабылдамауына болады;
бекітілген кестеге сәйкес кезекшілікке бару және көмекке жүгінген тұлғаға консультация беру қажеттігі;
белгіленген жағдайларда тегін заң көмегін міндетті түрде көрсету немесе бұл республикалық бюджет қаражаты есебінен төленген кезде тағайындау бойынша қылмыстық істерге қатысу және т.б.
Мұндай жағдайда, әдеттер, мыналар ескеріледі:
білікті заң көмегі көрсету үшін жұмсалатын уақытпен еңбектің қажетті шығындары;
осы нақты істі жүргізу кезінде адвокаттың басқа істер бойынша жұмыстардан бас тартуға мәжбүр болу ықтималдығы (егер ол клиентке белгілі болса);
қандай да бір өңірде осындай заң көмегі үшін тағайындалған қорғауақы;
адвокат көмекшісінің еңбегін пайдалану; клиент белгілеген немесе қалыптасқан мән-жайдан туындаған мерзім; процестің ұзақтығы және т.б.
Адвокаттардың әрбір алқасының жарғысына байланысты көтермелеу шараларының саналуан түрлері қарастырылады. Әдеттегідей, көтермелеу шаралары мыналар:
алғыс жариялау;
ақшалай сыйақы беру;
бағалы сыйлықтармен марапаттау;
1997-ж. 5-желтоқсандағы ҚР-ның “Адвокаттық қызмет туралы” заңының, өзге де нормативтік актілердің, алқа Жарғысының және адвокаттар кәсіби әдебі Тәртібінің талаптарын бұзғандығы үшін адвокаттар алқасының мүшесі тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Тәртіптік жазаны адвокаттар алқасының төралқасы теріс әрекеті анықтағаннан кейін, алайда ол жасалған күннен бастап, алты айдан кешіктермей, адвокаттың ауырған немесе демалыста болған уақытын есептемей тікелей қолданады.
Жазалау шарасы ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, адвокаттар алқасынан шығару болуы мүмкін. Қатаң сөгіс, егер адвокаттар алқасының төралқасы басқа тәртіптік жаза шараларын жеткіліксіз деп ұйғарса, соңғы шара ретінде қолданылады.
Заң азаматтардың кейбір санаттарын заң көмегі төлемінен босатады. Бұл жағдайда адвокаттар сенушілер өтініші бойынша көмекті тегін көрсетеді;
1) алимент өндіріп алу туралы, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді жүргізу кезінде бірінші сатыдағы соттарға талап қоюшыларға;
2) Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдарға, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, I және II топтағы мүгедектерге, жасы жөнінен зейнеткерлерге, егер бұл кәсіпкерлік қызмет мәселелеріне байланысты болмаса, консультациялар беру кезінде;
3) зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау туралы өтініштерді дайындау кезінде азаматтарға;
4) ақтау мәселелері жөнінде кеңестер беру кезінде азаматтарға заң көмекгін тегін көрсетеді.