2. Әлеуметтік әлжуас адамдарға кімдер жатады Әлеуметтік көмек көрсетуге жататын топтар: • Жағдайы нашар отбасылар; • Аз қамтылған отбасы; • Көп балалы және толық емес отбасы; • 70 жастан асқан қарт адамдар; • Психикасы бұзылған емделушілер; • Созылмалы аурулары бар науқастар; • Жас аналар; • Девианттық мінез-құлықтағы тұлғалар; • Зорлық-зомбылық көрген тұлғалар; • Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар (мүгедектер); • Маргиналдық топтағы тұлғалар Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету, өмір сүру сапалығын жақсарту және мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамдық өмірде, басқа да азаматтармен, тең жағдайда қарым-қатынас жасауларына жағдай туғызу.
Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету халыққа әлеуметтікпсихологиялық көмек көрсетеді және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдеседі. Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету халыққа әлеуметтікпсихологиялық көмек көрсетеді және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.
3.Баспана мәселесі Халықтың әлсіз әлеуметтік топтарына қатысты саясат әр категория тұрғысынан алғанда әртүрлі, ол бірнеше бағыттан тұрады. Атап айтқанда, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін төлем бар, оның өзі бірнеше деңгейден тұрады. Бұған қоса, білім беру және тұрғын үй саясатында белгілі бір жеңілдіктер бар, бірқатар медициналық қызмет түрі тегін көрсетіледі, бірқатар алым мен салықтан босатылады.
Тұрғын үй мәселесін шешу үшін 2019 жылдың маусым айында «Бақытты отбасы» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, ол бойынша 20 жылға 10%-дық алғашқы жарнамен жылдық мөлшерлемесі 2% жеңілдетілген ипотека беріледі. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан әлсіз топ өкілдеріне сатып алусыз әлеуметтік үйді жалға алуда басымдық беріледі.
2019 жылы елдегі әлеуметтік әлсіз топтардың ішінде мұқтаждардың саны 150 мың отбасынан астам болған.
4.Қорытынды Қорытындылай келе айтарым , халықтың әлсіз әлеуметтік топтарына қолдау көрсету шаралары мейлінше
анық-қанық жазылғанымен, олардың іс жүзіндегі тиімділігі туралы айту өте қиын. Еліміздің әр
өңірінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының әлеуметтік қамсыздандыру жағдайы
әртүрлі, сондықтан олар алып отырған көмектің сапасы туралы айту қиын. Алматы мен НұрСұлтан қалалары бойынша қажетті инфрақұрылымды дамыту мәселесіне назар аударылып
отырғанымен, басқа өңірлерде бұл мәселеге қатысты ақпарат ұсынылмаған.
Еліміздің әр өңірінде қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейін білу үшін бірыңғай
ресурс, интерактив тақта керек, мұндай мәлімет мүгедектер бойынша ғана емес, қарттарға, ауыр
дертке шалдыққандарға қатысты да болғаны жөн. Мұндай ресурс халықтың әлеуметтік жағынан
әлсіз тобына жататын азаматтары үшін де қажет, жағдайды түсіну үшін, ұсынылып отырған
мүмкіндіктер туралы құлағдар болып отыру үшін де керек.
Сонымен бірге, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қолдау көрсету саласындағы
жағдайды жәй ғана түсіну үшін де ақпарат алудың күрделі екенін атап өткен жөн. Әлеуметтік
көмек алатын категория саны – 11, олардың әрқайсы бойынша мемлекет жүзеге асырып отырған
барлық қолдау түрі көрсетілген бірыңғай тізім болуы керек және оның халыққа түсінікті тілде
жазылуы маңызды.
1..Основы социальной работы / отв.ред. П.Д. Павленок. – М.,
2.Аксенова Л.И. Социальная педагогика в специальном образовании. – М., 2001. – 75 с. 3 Алаш газеті // 2010жыл, 22 қаңтар. – №35(865). – 2 б.
http://www.primeminister.kz
3.Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы
4.http://adilet.zan.kz
5.http://www.enbek.gov.kz
6.Закон РК «О занятости населения». – Алматы.
5.Пайданылған әдебиеттер тізімі