Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



Pdf көрінісі
бет7/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69
3.2.4. ИНТЕРНЕТ-САУАЛНАМАЛАР

«SurveyMonkey»-де  әзірленген  интернет-сауална-

ма  Жоғарғы  Сот  тарапынан  барлық  КТМАС  судья-

ларына  таратылды.  Қолда  бар  мәліметке  жүгінсек, 

КТМАС-тарда  57  судья

18

  жұмыс  жасайды,  олардың 



31-і  интернет-сауалнамаға  жауап  берді.  КТМАС 

судьяларының  54,4%-ы  жауап  берді.  Сауалнама  21 

жабық сұрақтардан құралған еді және «басқа жауап» 

деген жауап түрі арқылы кейбір сұрақтарға қосымша 

комментарийлер алу мүмкіндігі болды. Сауалнаманың 

мақсаты келесідей параметрлар бойынша сапалы әрі 

сандық мәліметтер алу: 

•  Кәмелетке  толмағандардың  қатысуымен  бола-

тын  істерді  қарауға  қатысты  сұрақтар  бойынша 

судьялардың  мамандандырылған  дайындыққа  қол 

жеткізуі және осы дайындықтың тәжірибесі;

•  КТМАС-тағы    істердің  тиімді  түрде  қаралуы 

жолындағы кедергілер

• Судьялардың пікірінше, КТМАС-тағы  істердің тиімді 

түрде қаралу деңгейін арттыратын өзгерістер;

•  Өздері  қарайтын  істер  бойынша  шешім  қабылдау 

барысында 

судьялардың 

қолданатын 

негізгі 


қағидалары. 

Тура 


осындай 

интернет-сауалнама 

ЮӘ 

тұжырымдамасы бойынша Есеп үшін қылмыстық істер 



жөніндегі мамандандырылған соттардың судьялары-

на арнайы әзірленген еді. Ол жерде 48 судья қатысты 

және  қатысушылардың  пайыздық  көрсеткіші  60%

19

.  



Үшінші  интернет-сауалнама  барлық  облыстардың, 

қалалардың және аудандардың прокуратура өкілдері 

арасында жүргізілді. Оған 74 жауап алынды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет