КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ
ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
АУДАНАРАЛЫҚ СОТТАРДЫҢ ДАМУЫ
АСТАНА, 2015
АЛҒЫ СӨЗ
Осы есеп Қазақстан Республикасы Жоғарғы Cотының Қазақстандағы БҰҰ Балалар
қорымен (ЮНИСЕФ) бірге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы,
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі, Республикалық адвокаттар алқасы және Құқықтық
саясатты зерттеу орталығының (ҚСЗО) қолдауымен жүргізген зерттеудің нәтижесі
болып табылады. Есептің авторлары «Корам» балалар құқықтық орталығының
қызметкерлері профессор Каролин Гамильтон және Аваз Рауф.
Есеп Еуропалық Одақтың қолдауымен Қазақстандағы Еуропалық Одақ пен
ЮНИСЕФ-тің «Балаларға арналған әділ сот пен олардың құқықтарын қорғау
жүйесін нығайту» бірлескен бағдарламасы аясында әзірленді.
Авторлар Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі бақылаушы сот алқасының
және Қылмыстық істер жөніндегі бақылаушы сот алқасының мүшелерін, сол
сияқты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін
қамтамасыз ету департаментіне осы зерттеуді жүргізуде көрсеткен қолдауы мен
ынтымақтастығы үшін ерекше алғыстарын білдіреді. Сонымен қатар, авторлар
зерттеуге қатысқан және уақыттарын бөлген мүдделі жақтардың барлығына,
әсіресе, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
соттардың судьяларына, ата-аналарға, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
прокурорлар мен полиция қызметкерлеріне, инспекторларға, сондай-ақ
адвокаттарға, әлеуметтік қызметкерлерге, педагог мамандарға, психологтарға,
медиаторларға, әкімдіктердің қызметкерлеріне, Астана, Алматы қалаларындағы
және Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы
қорғаншылық және қамқоршылық органдары мен азаматтық қоғам өкілдеріне,
Өскемен қаласындағы «Феникс» және Астана қаласындағы «Шанс» орталықтарына
да алғыстарын білдіреді.
Ерекше алғысты осы зерттеуге үлестерін қосқан балаларға білдіреміз.
6
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
МАЗМҰНЫ
КЕСТЕЛЕР ТІЗІМІ ...................................................................................................................... 8
ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ ............................................................................................................ 9
1. КІРІСПЕ ....................................................................................................................................10
2. ШОЛУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТТАРЫ ...................................................................11
3. ӘДІСТЕМЕ ...............................................................................................................................13
3.1. Ұлттық сарапшылар мен зерттеушілердің рөлі ................................................................................ 13
3.2. Ұлттық сарапшылар мен зерттеушілердің рөлі ................................................................................ 13
3.2.1. Аналитикалық шолу .......................................................................................................................... 13
3.2.2. Іріктеу және жартылай-құрылымдық жекелеген және топтық сұхбат ........................ 13
3.2.3. Статистикалық мәліметтерге шолу .............................................................................................. 15
3.2.4. Интернет-сауалнамалар ................................................................................................................... 16
3.2.5. Сот үдерістеріне бақылаулар ......................................................................................................... 16
4. КТМАС ЮРИСДИКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНДА ҚАРАЛАТЫН ІСТЕРДІҢ
ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ..............................................................................................................17
4.1. Азаматтық істер ............................................................................................................................................. 18
4.2. Әкімшілік істер ............................................................................................................................................... 20
4.3. Қылмыстық істер ........................................................................................................................................... 24
4.4. КТМАС-тың енгізілуіне және оның юрисдикциясына қатысты салыстырмалы көзқарас .... 26
5. МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КАДРЛАР МЕН МЕКЕМЕЛЕР ...............................30
5.1. Судьялар ............................................................................................................................................................ 30
5.2. Прокурорлар мен қорғаушылар .............................................................................................................. 32
5.3. Психологтар, педагог мамандар және әлеуметтік қызметкерлер ............................................ 36
5.3.1. Психологтар мен педагог мамандар ......................................................................................... 36
5.3.2. Әлеуметтік қызметкерлер .............................................................................................................. 39
6. КТМАС-ТЫҢ ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ПРАКТИКАСЫ .......................................43
6.1. КТМАС-қа физикалық қол жеткізу ......................................................................................................... 43
6.2. Істерді қарау бойынша ішкі ұйымдастыру құрылымы .................................................................... 45
6.3. Құқықтық көмекке қол жеткізу ............................................................................................................... 47
6.4. Жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы ............................................................................................... 48
6.5. Баланың қатысуы ........................................................................................................................................... 49
6.6. Кәмелетке толмаған жәбірленушілер мен куәгерлер ................................................................... 52
6.7. Ата-аналар мен қамқоршылардың қатысуы ...................................................................................... 57
6.8. Аударма қызметі ............................................................................................................................................. 58
6.9. Сот мәжілісі залындағы жағдай .............................................................................................................. 59
6.10. Қылмыстық істерде судьяға дереу қол жеткізу құқығы ............................................................... 60
6.11. Шешімдерді кідіріссіз қабылдау ........................................................................................................... 61
6.12. Жаза тағайындау .......................................................................................................................................... 62
6.12.1. Ақырғы шара ретінде бас бостандығынан айыру............................................................... 62
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
7
6.12.2. Шешімдерді қабылдау ................................................................................................................... 64
6.13. Дивергенция .................................................................................................................................................. 66
7. ТЕҢДІККЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР ................................................................................70
7.1. Гендерлік теңдік ............................................................................................................................................. 70
7.2. Теңдікке қатысты басқа сұрақтар ............................................................................................................ 71
8. КТМАС ҚАРАЙТЫН ІСТЕРДІ МОНИТОРИНГІЛЕУ ЖӘНЕ
МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАУ .................................................................................................72
9. КТМАС-ТЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛУЫ .......................................................................74
10. ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР ......................................................................75
10.1. Тұжырымдар ................................................................................................................................................. 75
10.2. Ұсынымдар ..................................................................................................................................................... 75
10.2.1. КТМАС-та қаралатын істердің юрисдикциясы және қатысушылары .......................... 75
10.2.2. Мамандандырылған кадрлар мен мекемелер ..................................................................... 76
10.2.3. КТМАС-қа қол жеткізу ................................................................................................................... 77
10.2.4. Істерді қарау бойынша ішкі ұйымдастыру құрылымы...................................................... 77
10.2.5. Құқықтық көмекке қол жеткізу .................................................................................................. 77
10.2.6. Жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы ................................................................................. 77
10.2.7. Баланың қатысуы .............................................................................................................................. 78
10.2.8. Кәмелетке толмаған жәбірленушілер мен куәгерлер ..................................................... 78
10.2.9. Ата-аналар мен қамқоршылардың қатысуы ........................................................................ 79
10.2.10. Аударма қызметі ............................................................................................................................ 79
10.2.11. Сот мәжілісі залындағы жағдай .............................................................................................. 79
10.2.12. Қылмыстық істерде судьяға дереу қол жеткізу құқығы ................................................ 79
10.2.13. Шешімдерді кідіріссіз қабылдау ............................................................................................. 79
10.2.14. Жазаны тағайындау ...................................................................................................................... 80
10.2.15. Дивергенция .................................................................................................................................... 80
10.2.16 Теңдікке қатысты сұрақтар ......................................................................................................... 80
10.2.17. Мәліметтер жинау және мониторинг ..................................................................................... 80
10.2.18. КТМАС-тың қаржыландырылуы ............................................................................................... 80
Қосымша А. Мүдделі жақтармен сұхбат жүргізу жоспары .................................................................... 81
Қосымша Ә. Мүдделі жақтармен жүргізілген сұхбаттар ........................................................................ 82
Қосымша Б. КТМАС-тағы сот тыңдауларына/үдерістеріне бақылау жасау жоспары .................. 83
Қосымша В. КТМАС-тағы сот тыңдауларына/үдерістеріне жасалған бақылаулар ............................ 84
8
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
КЕСТЕЛЕР ТІЗІМІ
КЕСТЕ 1
1-қаңтар 2014 жылдан 28-мамыр 2014 жылға дейін Астана қ. КТМАС-ы қараған
істердің саны
КЕСТЕ 2
КТМАС судьяларының қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істерді қарау жиілігі
КЕСТЕ 3
КТМАС-тағы азаматтық істердің пайызы
КЕСТЕ 4
Азаматтық істерге қатысушы кәмелетке толмағандардың жасы
КЕСТЕ 5
Бақылау жүргізілген азаматтық істерге қатысушы балалардың жынысы
КЕСТЕ 6
Азаматтық істер бойынша арызданушылардың типтері
КЕСТЕ 7
КТМАС-та әкімшілік іс жүргізудің мәні
КЕСТЕ 8
КТМАС-та бақыланған қылмыстық іс жүргізудің мәні
КЕСТЕ 9
Бақыланған қылмыстық істер бойынша жауапқа тартылатын кәмелетке
толмағандардың жасы
КЕСТЕ 10
КТМАС судьяларының өздеріне қажет оқуға қатысты жауаптары
КЕСТЕ 11
Сауалнамаға қатысқан КТМАС судьяларының КТМАС-тағы қылмыстық іс
бойынша қорғаушылар мен прокурорлар жағынан туындайтын мүдделердің
деңгейіне білдірген көзқарастары
КЕСТЕ 12
КТМАС-та болатын тыңдауларға психологтардың қаншалықты жиі қатысатынына қатысты
КТМАС судьяларының берген жауаптары
КЕСТЕ 13
КТМАС судьяларының тыңдау кезінде психологиялық қолдаудың тиімділігіне қатысты
берген көзқарастары
КЕСТЕ 14
КТМАС-та болатын тыңдауларға әлеуметтік қызметкерлердің қаншалықты жиі
қатысатынына қатысты сауалнамаға қатысқан судьялардың берген жауаптары
КЕСТЕ 15
КТМАС судьяларының тыңдау кезінде әлеуметтік қызметтің тиімділігіне қатысты
көзқарастары
КЕСТЕ 16
Сауалнамаға қатысқан КТМАС судьяларының олардың қарайтын істерді тиімді реттеу
барысындағы кедергілерге қатысты көзқарастары
КЕСТЕ 17
Сауалнамаға қатысқан КТМАС судьяларының қаралатын істерді тиімді реттеу үшін
қажетті өзгерістерге қатысты көзқарастары
КЕСТЕ 18
Кәмелетке толмаған құқық бұзушылар мен олардың ата-аналарының қорғаушымен ең
алғаш қашан кездескендері жөніндегі жауаптары
КЕСТЕ 19
КТМАС судьяларының жауаптарына сәйкес жәбірленуші балалардың қатысуымен өткен
қылмыстық істер қағидаларының маңыздылық бойынша тізбегі
КЕСТЕ 20
КТМАС судьяларының жауаптарына сәйкес кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын
алған қылмыстық істерді қарау қағидаларының маңыздылық бойынша тізбегі
КЕСТЕ 21
Сауалнамаға қатысқан КТМАС судьяларының әкімшілік құқық бұзушылық істерінде
қолданылатын маңызды қағидаларға білдірген көзқарастары
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
9
ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ
КОДЕКСІ
АКАДЕМИЯ
АСҚХП
БҒМ
БҚК
БҰҰ
КБҚО
КТМАС
ҚР
ҚСЗО
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫ
ОТБАСЫ КОДЕКСІ
ЭӘМҚХП
ЮӘ ДАМУ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
ЮӘ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
БОЙЫНША ЕСЕП
ЮВЕНАЛДЫ КЕҢЕС
ЮНИСЕФ
Қазақстан Республикасының 1999 ж. Азаматтық іс жүргізу
кодексі (өзгертулер енгізілген)
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік
басқару академиясы
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бала құқығы туралы конвенция
Біріккен Ұлттар Ұйымы
«Корам» Балалар құқықтық орталығы
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соты
Қазақстан Республикасы
Құқықтық саясатты зерттеу орталығы
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты
Қазақстан Республикасының 2011 ж. Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы туралы кодексі
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы
халықаралық пакт
Қазақстан Республикасының ювеналды әділсот жүйесінің дамуы
туралы тұжырымдаманы жүзеге асырудың нәтижелері жөніндегі
бағалау есебі
Қазақстан Республикасының 2009-2011 жж. арналған Ювеналды
әділсот жүйесінің даму тұжырымдамасы
Қазақстанның бірнеше қалаларында ашылған арнайы ювенал-
ды құқықтық кеңестер
БҰҰ Балалар қоры
10
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
1. КІРІСПЕ
Қазақстандағы кәмелетке толмағандар істері
жөніндегі соттардың дамуы жөніндегі осы есеп
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қазақстан
Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі
мен Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ),
сонымен қатар «Корам» Балалар құқықтық
орталығының (КБҚО) халықаралық консультанттары
- профессор Каролин Гамильтон және Аваз Рауфпен
бірлесе отырып әзірлеген зерттеуінің құрамдас
бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі, Республикалық адвокаттар
алқасы, сондай-ақ Татьяна Зинович басшылық ететін
Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (ҚСЗО) және
ұлттық консультанттар Айна Шорманбаева мен
Гүлжан Алимбекованың қолдау көрсеткен зерттеу
жұмысы жобаны жүзеге асыру барысында, яғни
2014 жылдың сәуір мен қаңтар айлары аралығында
жасалынды.
Авторлар аталмыш талдау жұмысы мен «Қазақстан
Республикасының 2009 – 2011 жж. арналған Ювеналды
әділсот жүйесінің даму тұжырымдамасын» жүзеге
асырудағы нәтижелерді талдауды бірге жүргізді. Осы
есеп «Қазақстан Республикасы Ювеналды әділсот
жүйесінің даму тұжырымдамасының 2009-2011
жылдары жүзеге асырудағы нәтижелеріне шолу»
(ЮӘ тұжырымдамасы бойынша есеп) есебімен бірге
қарастырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
11
2. ШОЛУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТТАРЫ
Қазақстан түрлі халықаралық келісім - шарттардың
қатысушысы болып табылады және оған сәйкес
бала құқығының кепілі болу міндетін қабылдады.
Бұл келісім - шарттарға Қазақстан сөзсіз қол қойған
және оларға Бала құқығы туралы Конвенция (БҚК),
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық
пакт (АСҚХП) және Экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт (ЭӘМҚХП)
кіреді.
1
Елімізде бала құқығын қамтамасыз ету жолында
Қазақстанның
Президенті
23–тамыз
2007
жылы «Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың білімі
туралы» Президенттік Қаулысын шығарды. Қаулы
Астана және Алматы қалаларында кәмелетке
толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық пилоттық соттар (КТМАС) ашуды
қарастырды.
2
Қаулыға сәйкес, КТМАС-тың құзыретіне
кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық,
әкімшілік және азаматтық істер кіретін болады.
3
Үкіметтің Қазақстандағы бала құқықтарын қорғау
және ілгерілету бойынша стратегиясы өзінің әрі
қарайғы дамуын «Қазақстан Республикасының 2009-
2011 жж. арналған Ювеналды әділсот жүйесінің даму
тұжырымдамасынан (ЮӘ даму тұжырымдамасы)»
алды. ЮӘ даму тұжырымдамасы елімізде ювеналды
әділсот жүйесін әзірлеу және оны енгізуге
бағытталған бірнеше реформалардан құралады
4
.
«Ювеналды әділсот» термині үкімет тарапынан
өмірдің барлық саласында балалардың құқықтарын
толықтай қорғауға кепілдік беретін жүйені сипат-
тау мақсатында қолданылып келді.
5
«Кәмелетке
толмағандар істері жөніндегі арнайы соттарды» құру
осы бастаманың орталық және «ең басты звеносы»
ретінде баяндалды.
6
Бұл Қазақстан Республикасының
2002 ж. Құқықтық саясат тұжырымдамасының
еліміздегі сот жүйесін дамыту жөніндегі бір бөлігі
еді.
7
23-тамыз 2007 жылы жарияланған Президенттің
1
Қазақстан 12 тамыз 1994 жылдан бері БҚК мүшесі және 24
қаңтар 2006 жылдан бері АСҚХП мен ЭӘМҚХП мүшесі; Біріккен
ұлттар ұйымының келісім шарттар жиналысы; ақпарат 6 мамыр
2014 ж. мына сайттан алынды https://treaties.un.org/Pages/
Treaties.aspx?id=4&subid=A&lang=en.
2
Қазақстан Республикасы Президентінің 23 тамыз 2007 жылғы N
385 «Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соттардың білімі туралы» Жарлығы, 1 пункт.
3
Қазақстан Республикасы Президентінің 23 тамыз 2007 жылғы N
385 «Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соттардың білімі туралы» Жарлығы, 1 пункт.
4
Қазақстан Республикасының 2009-2011 жж. арналған Юве-
налды әділсот жүйесінің даму тұжырымдамасы (ЮӘ даму
тұжырымдамасы), 2 пункт.
5
ЮӘ даму тұжырымдамасы, Кіріспе.
6
ЮӘ даму тұжырымдамасы, Кіріспе и 4.1 пункт.
7
ЮӘ даму тұжырымдамасы, 4.1 пункт.
Жарлығы мен оның Алматы және Астана қалаларында
пилот ретінде КТМАС-тар құру талабының артынан
КТМАС-тарды еліміздің барлық облыстарында құру
жұмыстары жалғасатын болды.
8
2008 жылы «Қазақстан Республикасының 2009-
2011 жж. арналған Ювеналды әділсот жүйесінің даму
тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар
жоспары»
9
Қазақстанның барлық облыстарында
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі арнайы
соттарды құру мәселесін күн тәртібіне әкелді.
Президенттің 4-ақпан 2012 жылғы «Кәмелетке
толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соттардың білімі туралы және Қазақстан
Республикасының кейбір жарлықтарына өзгерістер
енгізу» туралы Жарлығы КТМАС-тың барлық
облыстарда ашылуына негіз болды. Қазіргі таңда
Қазақстанда 19 КТМАС жұмыс істейді.
10
Бүгінде КТМАС үш юрисдикцияға ие, олар: балаларға
қатысты отбасы істері мен балалардың құқықтарын
қорғау бойынша істер (азаматтық юрисдикция);
әкімшілік юрисдикция, әсіресе ата-аналары/үлкендер
тарапынан балаларға қарсы жасалған әкімшілік
құқық бұзушылықтар; және балалар тарапынан
орын алатын қылмыстарды қамтитын қылмыстық
юрисдикция (мына жағдайдайларды қоспағанда:
егер бала ауыр қылмыс бойынша айыпталса немесе
іс қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық
әскери соттың немесе горнизондық әскери соттың
қарауында болса).
11
КТМАС қызметіне шолу жасау бойынша Техникалық
тапсырмаға сәйкес, КТМАС-тың жұмыстарының
алғашқы анализі нақты ережелер, мінез-құлық
кодекстері мен балалардың қатысуымен өтетін сот
жұмыстарына арналған ережелерді әзірлеудің қажет
екенін көрсетті. Сол себептен КТМАС-қа одан әрі
егжей-тегжейлі талдау жасау қажеттілігінің бар екені
ұйғарылды. Халықаралық стандарттарды ескеретін
осы жүйедегі заңға қатысты олқылықтарды, аталмыш
жүйенің тиімді жұмыс жасау жолындағы кедергілерді,
сондай-ақ КТМАС юрисдикциясын ескере отырып
ұтымды тәжірибелер мен сабақтарды анықтау
мақсатында жасалатын болады.
8
ЮӘ даму тұжырымдамасы, 4.1 пункт.
9
ҚР Үкіметінің 18 қараша 2008 жылғы № 1067 қаулысы.
10
29 қазан 2014 жылы Астанада ҚР Жоғарғы Сотымен болған
кездесу; Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыста-
рында әрқайсысында екі КТМАС-тан бар, ал қалған облыстарда
біреуден.
11
КТМАС юрисдикциясына толық талдау осы есептің келесі
бөлімдерінде берілген.
12
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
ОСЫ ТАЛДАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ
МАҚСАТЫ ҮШ БӨЛІКТЕН ТҰРАДЫ:
•
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жоғарғы Сотына КТМАС-тың еліміздегі дамуын бағалау
және құжаттау, оның ішінде олардың полиция және прокуратурамен қарым-қатынасы, тегін құқықтық
көмекті пайдалану, олардың әділсот жүйесіндегі балалардың құқықтарына әсері, сол сияқты ілгері
дамуға және әрекет етуге негіз болған немесе кедергі болған негізгі күштер мен шектеуші факторлар
бойынша Техникалық көмек көрсету;
•
Қолданыстағы практиканың халықаралық стандарттарды қай уақытта қолданатынын анықтау;
және
•
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі әділсот бойынша халықаралық стандарттарға
сәйкес, құқық бұзушылар деп танылғандар, қылмыстың жәбірленушілері немесе куәгерлері ретінде,
ия болмаса азаматтық және әкімшілік сот жүргізудің қатысушылары ретінде әділсот жүйесімен
қақтығыстағы балалардың мүдделеріне қызмет жасаулары үшін, КТМАС-ты әрі қарай нығайтуға
қатысты ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну.
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
13
3. ӘДІСТЕМЕ
Осы бағалау жұмысын консультанттар ҚР Жоғарғы
Соты, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ішкі істер министрлігі,
ҚР Білім және ғылым министрлігі, Республикалық
адвокаттар алқасы, ҚСЗО, Қазақстандағы ЮНИСЕФ
офисі және ұлттық сарапшылармен ынтымақтаса оты-
рып әзірледі. Осыған байланысты Астана қаласында
барлық мүдделі серіктестердің қатысуымен бірлескен
талқылаулар өтті. Зерттеудің алғашқы тұжырымдары
мен ұсынымдары ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Бас проку-
ратурасы, ҚР Ішкі істер министрлігімен болған кез-
десулерде, сонымен қатар Астана қаласында 19
КТМАС-тан келген судьялардың қатысуымен өткен
республикалық конференцияда ұсынылып, талқыға
салынды. Аталмыш талқылауларда айтылған ескерту-
лер осы есепті әзірлеу барысында ескерілді.
Достарыңызбен бөлісу: |