Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



Pdf көрінісі
бет50/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69
Байланысты:
Публикация на каз

10.2. ҰСЫНЫМДАР

10.2.1.  КТМАС-ТА  ҚАРАЛАТЫН  ІСТЕРДІҢ  ЮРИС-

ДИКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

ЮРИСДИКЦИЯ АУҚЫМЫ

• 

Балалардың  қатысы  бар  істер  юрисдикциясы 



бойынша,  әсіресе,  қазіргі  уақытта  өзге  соттармен 

қаралатын  аса  ауыр  қылмыстар  юрисдикциясы  бой-

ынша оларды КТМАС-қа беру үшін қосымша зерттеу-

лер өткізу мүмкіндігін қарастырған жөн.




76

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЮРИСДИКЦИЯ

• 

КТМАС-та  кәмелетке  толмағандардың  қатысы 



бар  қылмыстық  істерді  қарауға  мамандандырылған 

ерекше 


судьяларды 

тағайындау 

мүмкіндігін 

қарастырған жөн. Мұндай судьялар осы күрделі сала-

да мамандануға және кәсіби тұрғыдан білікті болуға 

мүмкіндік  беретін  қарқындырақ  дайындықтан  өтуі 

тиіс (толығырақ ақпарат алу үшін жоғарыдағы 5.1. Су-

дьяларды  мамандандырылған дайындықтан  өткізуге 

арналған бөлімнен қараңыз). 

• 

КТМАС-та  қаралатын  жеке-меншікке  қарсы 



қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  жоғары  пайы-

зы болжанған нәтиже болғанына қарамастан, істердің 

көпшілігі  бала  үшін  көптеген  жағымсыз  салдарға 

алып келмеуі үшін оның сотқа қатысуын болдырмауға 

көмектесетін бітімге келу, медиация рәсімдері неме-

се  басқа да  сотқа дейінгі дивергенция  сынды  бала-

ма шаралар арқылы шешуге бола ма деген мәселені 

қарастырған жөн.

ӘКІМШІЛІК ЮРИСДИКЦИЯ

• 

Кейбір  әкімшілік  әрекеттерді  және  құқық 



бұзушылықтарды, 

әсіресе, 

балалардың 

бақылаусыздығына  және  ата-аналық  міндеттердің 

дұрыс  атқарылмауына  қатыстыларын  балалықты 

қорғау мәселелері ретінде қарастырып, олар бойын-

ша КТМАС-та сот тәртібімен қудалау алдында немесе 

орнына зерттеу және бағалау үшін балалықты қорғау 

органдарына жолдаған жөн бе деген мәселені зертте-

уге кеңес беріледі.

• 

Прокурорларға  және  судьяларға  әкімшілік  құқық 



бұзушылық  жасаған  ата-аналарды  сотқа  тартудың 

және  айыппұл  түрінде  жаза  тағайындаудың  орны-

на оларға кеңес беретін және балаларын тәрбиелеу 

дағдыларын  жетілдіруге  ықпал  ететін  ата-аналарға 

арналған  бағдарламаларға  немесе  өзге  кәсіби 

қызметтерге жолдау мүмкіндігін беру үшін әкімшілік 

құқық  бұзушылықтарға  қатысты  заңдарға  түзетулер 

енгізу мәселесін қарастырған жөн.

• 

Әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарауда, соның 



ішінде, балалықты қорғау шараларын қолдануда және 

ата-аналарға  қатысты  балаларының  мінез-құлқына 

дұрыс  ықпал  етуге  үйрететін  ата-аналарға  арналған 

курстарға  баруды  талап  ететін  қаулылар  шығаруда 

КТМАС үшін қолжетімді шаралар ауқымын кеңейтуге 

кеңес беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет