Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



Pdf көрінісі
бет57/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69
Байланысты:
Публикация на каз

10.2.8. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН 

ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕР МЕН КУӘГЕРЛЕР 

• 

Кәмелетке толмаған тұлғаны іс тыңдалатын сот за-



лымен сот тыңдауына немесе сот ісіне дейін танысты-

рып, кім қатысатынын, сот барысын және рәсімдерін, 

сонымен бірге, оларды куәгер/жәбірленуші ретінде не 

істеу керек екенін айтылатынын түсіндіруді қамтитын, 

кәмелетке  толмағандардың  куәлік  етуіне  қолғабыс 

ету  үшін  прокуратура  немесе  КТМАС  кәмелетке 

толмаған  жәбірленушілерге  және  куәгерлерге 

арналған  қолдау  көрсету  бағдарламасын  әзірлеу 

мәселесін  қарастыруға  кеңес  беріледі.  Сондай-ақ, 

бала өзін жайлырақ сезінуі үшін кәмелетке толмаған 

тұлғаның  судьямен  алдын-ала  кездесуіне  мүмкіндік 

беруді ойластырған жөн.

• 

Әлеуметтік  қызметкердің,  психологтың  неме-



се  зардап  шеккендерге  қолдау  көрсету  жөніндегі 

қызметкерлердің  кәсіби  қызметтері  қайталанбауы 

және  қосарланбауы  үшін  заңда  кәмелетке 

толмаған  жәбірленушінің/куәгердің  ата-анасының/

қамқоршысының/педагог  маманының  немесе  өзге 

заңды өкілінің соттағы рөлін айқындаған жөн. 

• 

Кәмелетке  толмаған  жәбірленушілердің  және 



куәгерлердің  қатысуына  ықпал  ету  үшін  оларға 

арналған арнайы қорғау шараларын енгізу мүмкіндігін 

қарастырған жөн. Аталмыш шараларға келесілер кіруі 

мүмкін болар еді: 

• 

кәмелетке  толмаған  бала  орын  алған  оқиғаны 



кешірек  өтетін  сот  ісін  қарау  барысында  жадын-

да  жаңғыртып,  қайтадан  басынан  кешірудің  ор-

нына,  өткенін  артқа тастап,  әрі  қарай  өмір  сүруін 

жалғастыруға мүмкіндік беретіндей, қылмыс тура-

лы хабар түскеннен кейін көп ұзамай-ақ, кәмелетке 

толмаған  куәгердің  беретін  жауаптарын  және 

кәмелетке толмаған тұлғаның екі жақты тергелуін 

бейнетаспаға жазу шарасын енгізу; 

• 

сотта кәмелетке толмаған тұлға қылмыскерді көре 



алмауы үшін экрандар пайдалану және кәмелетке 

толмаған  тұлға  сот  залына  кірмей-ақ,  басқа 

бөлмеде  көмекшімен  бірге  отырып,  куәлік  етіп 

және сұрақтарға жауап беріп, ал берген жауапта-

ры бейнебайланыс арқылы жеткізілуі үшін тікелей 

эфирде  бейнебайланыс  орнату  мүмкіндігін  бар 

бөлмелерді пайдалану. Бұл сотталушыға кәмелетке 

толмаған тұлғаны көруге, бірақ, кәмелетке толмаған 

тұлғаның өзі сот залында судья мен прокурордан/

қорғаушыдан  басқа  ешкімді  көре  алмайтындай 

мүмкіндік тудыратын еді.

  Егер  прокуратура  кәмелетке  толмаған  жәбір-



ленушілерге  және  куәгерлерге  қолдау  көрсету 

бөлімшесін құру туралы шешім қабылдаса, кәмелетке 

толмаған жәбірленуші немесе куәгер қатысатын әрбір 

сот тыңдауына кәмелетке толмаған жәбірленушіге не-

месе  куәгерге  қатысты  мәселелерді  шешетін  және 

жергілікті  прокуратурамен  байланысын  қамтамасыз 

ететін  нақты  міндеттер  жүктелген  сот  қызметкері 

қатысу тиіс. 




Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

79



  Кәмелетке  толмаған  жәбірленуші  немесе  куәгер 



өзге  кәмелетке  толмағана  тұлғаға  қарсы  куәлік  етуі 

қажет болған жағдайларда қолдау көрсету және про-

куратурамен  байланыс  орнату  міндеттері  соттағы 

әлеуметтік  қызметкер  немесе  психологтан  гөрі  өзге 

тұлғамен орындалуы тиіс.  

Әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  бойынша  істерге 

қатысатын кәмелетке толмағандарды жәбірленушілер 

және куәгерлер ретінде, соның ішінде, қажет болғанда 

жоғарыда  сипатталған  шараларды  қолдану  арқылы 

қарауға кеңес беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет