Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



Pdf көрінісі
бет54/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69
Байланысты:
Публикация на каз

10.2.5. ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

• 

Кәмелетке толмаған тұлға алғаш рет заңға қайшы 



әрекет  жасаған  сәттен  бастап  (яғни,  бірден  поли-

ция  оны  ұстағаннан  кейін  және  тергеуге  алардан 

бұрын), қылмыстық іс бойынша өндіріс аяқталғанша 

шұғыл  құқықтық  көмек  және  қорғаушының  оның 

атынан  өкілдік  етуіне  қол  жетізу  үшін  жағдай  жаса-

луын қамтамасыз етуге кеңес беріледі. Халықаралық 

стандарттарға  сай  қорғаушы  кәмелетке  толмаған 

тұлғаның  қатысы  бар  іс  бойынша  жұмыс  жасауды 

бастаудан  бұрын  осы  салада  арнайы  дайындықтан 

өтуі  тиіс  (толығырақ  мәлімет  алу  үшін  жоғарыдағы 

«Мамандандырыған  кадрлар  мен  мекемелер» 

және  «Прокурорлар  мен  қорғаушылар»  бөлімдерін 

қараңыз).

• 

Әр  кез  кәмелетке  толмаған  тұлға  ұсталғанда  по-



лиция  қоңырау  шалуы  үшін  әр  ауданда  «кезекші 

қорғаушы»  жүйесін  енгізу  мүмкіндігін  қарастырған 

жөн.

• 

Кәмелетке  толмаған  тұлғаны  қорғаушының 



қатысуынсыз тергеуге болмайтыны туралы полицияға 

арналған  нұсқаулықты  тәжірибеге  енгізуге  кеңес 

беріледі.

• 

Сот  өндірісі  кезіндегі  жасына  қарамастан, 



қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде он сегіз 

жасқа толмаған деп танылған айыпталушы тұлғаларға 

кәмелетке  толмағандар  жасаған  қылмыстық  құқық 

бұзушылықтар туралы істер бойынша өндіріс тәртібін 

қолдануды  жалғастыру  қарастырылатындай  етіп  ҚР 

Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  530(3)(2)  бабына 

түзетулер енгізуге кеңес беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет