Қ
аза
қ
стан Республикасында
ғ
ы
шетелдiктердi
ң
құқ
ы
қ
тары, бостанды
қ
тары
ж
ә
не мiндеттерi
Орындаған: Қойшыбай А
Тексерген: Кәдірбай А.Ә
Жоспар
Кіріспе
Шетелдіктердің құқықтарын қорғау
Құқықтар
Қорытынды
Кіріспе
ҚР-дағы шетелдіктер Барлық құқықтар мен бостандықтарға ие, сондай-ақ ҚР Конституциясында,
заңдарында және халықаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді атқарады.
ҚР-дағы шетелдіктер тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына,
біліміне, тіліне, дінге көзқарасына, кәсібінің түрі мен сипатына қарамастан заң алдында тең.
Шетелдіктердің өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстанның мүдделеріне, оның
азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс
("Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы"Заңның 3-бабы).
Шетелдіктерді
ң
құқ
ы
қ
тарын
қ
ор
ғ
ау
ҚР-дағы шетелдіктер өздеріне тиесілі мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау үшін
сотқа және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы. Шетелдіктер сотта іс жүргізу
құқықтарын ҚР азаматтарымен тең пайдаланады ("Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы"ҚР
Заңының 18-бабы).
Өтінішті қалай беруге болады?
Мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға өтініш бермес бұрын, сіз қойған мәселелерді шешу
олардың құзыретіне кіретініне көз жеткізіңіз. Егер сіз жеке тұлға ретінде өтініш берсеңіз, онда онда
сіздің тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса),
пошталық мекенжайы көрсетілуі тиіс. Егер заңды тұлғаның атынан-оның атауы, пошталық
мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі. Өтінішке жеке өзіңіз қол қоюыңыз керек. Егер сіз өтінішті
заңды немесе жеке тұлғаның өкілі ретінде берсеңіз, онда қол қою құқығы тиісті сенімхатпен бекітілуі
керек.
Достарыңызбен бөлісу: |