«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Материалдарды дайындау мен рәсімдеу



бет47/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   105
Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Сараптама үшін қажетті материалдар:

  1. құрал-саймандардың іздері бар заттар. Егер оны толығымен ұсыну мүмкін болмаса, ізі бар бөлшектерін алдын-ала масштабты суретке түсіріп және олардың мөлшері мен орналасу сызбасын жасап ұсынуға болады;

  2. оқиға болған жерден алу мүмкін емес заттардағы іздердің көшірмелері. Көшірмелер жасаған кезде полимерлік көшірмелерді қолданған жөн, өйткені олар іздердің ұсақ детальдарын көшіріп ала алады;

  3. барлық іздердің және олардың орналасуын масштабты түрде суретке түсіру, іздердің мөлшері, олардың арасындағы қашықтығы, іздердің еденмен қашықтығы т.с.с. ;

  4. сезіктіден алынған не оқиға болған жерден алынған құрал-саймандар;

  5. оқиға болған жерді қараудың хаттамасы, заттай дәлелдемелерді алу хаттамасы т.с.с.

  6. сарапшыға оқиға болған жермен танысуға көмек көрсететін өзге де материалдар мен деректер.

Құрал-саймандарды және олармен қалдырылған іздерді алған соң оларды мұқият қарап шығу керек. Олардың беткі қабатында өзге де заттар болса, оларды сақтау және сараптамаға жіберуге қатысты барлық шараларды қамтамасыз ету қажет.
Оқиға болған жердегі іздерді және құрал-саймандарды алған кезде оларды бір-бірімен қосып бууға болмайды, өйткені объектілердің бір-бірімен өзара үйкелуінің нәтижесінде өзгерістер пайда болады.
Криминалист-маман сараптамаға жіберілетін материалдарды мұқият жинап, олардың дұрыс сақталуына және сараптамаға жіткізілуіне қатысты бақылауды жүзеге асыруы қажет.
Құлыптардың және өзге де құлыптап жапқыш құралдарына қатысты диагностикалық және ситуациялық міндеттерді шешу және сараптаманың алдына келесідей сұрақтарды қою:

  • ұсынылған құлыптың механизмі жарамды ма, егер жарамсыз болса оның себебі неде ?

  • есік бұзылғанда құлыптың күйі қандай болды ?

  • есіктің құлыбы қандай әдіспен ашылды ?

  • есіктің ашылуы онда қалдырылған зардаптың нәтижесінен пайда болған ба ?

  • нақты осы бақылау құлпын оның қақпағының астындағы қағаз қосымшасын бұзбай ашуға болады ма ?

  • құлыпта қалдырылған із бөтен кілттің немесе отмычканың әсерінен пайда болған жоқ па ?

  • құлыптан немесе кілттен көшірме алынған жоқ па ?

Сараптамада келесі идентификациялық сұрақтар шешіледі:

  • әр түрлі жерден алынған құлып бірдей әдіспен ашылды ма,

  • есіктің құлпы сезіктіден алынған кілтпен немесе отмычкамен ашылған жоқ па,

  • құлыптағы іздер сезіктіден алынған құрал-саймандармен қалдырылған жоқ па.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет